Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 6 негіз болады. Өйткені, кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге
алады. Олар:
-
құрмет;
-
ынтымақтастық;
-
азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;
-
ашықтық;
-
өмірбойы білім алу[2].
Белгіленген құндылықтар аясындағы мақсат – жоғары білімді,
шығармашыл адамның үйлесімді тұлға ретінде дамуы үшін қолайлы білім беру
кеңістігін жасау.
Міне, тек осындай сипаттағы қолайлы білім беру кеңестігінде оқып –
тәрбиеленген мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады.Нақтырақ
айтқанда:
-
сын тұрғысынан ойлау;
-
білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
-
зерттеушілік дағдылары;
-
АКТ дағдылары;
-
топта және жеке ынтымақтастықта жұмыс істей білуі;
-
коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
-
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары т.б.
бірнеше дағдылар қалыптасады [2].
Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу
бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп
көрелік.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының пәндік концепцияларға сай әртүрлі
саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі.
Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара
байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша
белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді
пайдалануға мүмкіндік береді. Осы сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі
дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы
нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы
оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық
мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу процесінде пәндерді кіріктіріп оқыту:
-
ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
-
сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
-
жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау
әрекетін белсендіруге;
-
оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан
нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-
білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың
шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;