Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 4 «Көркем еңбек» пәні деп «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» пәндерін
біріктіріп, тұтас бір пән ретінде ұсынып отырмыз. Себебі «Еңбекке баулу»
пәнінде оқылатын кез келген бір тақырыпты қарастыратын болсақ, ең алдымен
сол тақырыптың бейнесін көз алдымызға елестетеміз немесе саламыз. Мысалы,
ермексаздан қандай да бір жануарды немесе құсты мүсіндеу керек болса, оның
суретін қарастырамыз, мүсіннің дайын бейнесін көз алдымызға елестетеміз,
содан соң тапсырманы орындауға кірісеміз. Кіріктірілген пәннің «Көркем
еңбек» деп аталуына осы себеп болды.
«Көркем еңбек» пәні баланың қоршаған әлемге көзқарасын өзінің
шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту, әртүрлі
материалдармен жұмыс істеу техникасын игеруі, бастауыш сынып оқушылары
қолдарының моторикасы және қолдың буындары үшін, иілгіштігін, икемділігін
және көзбен шамалау дәлдігін жақсартуы үшін өте маңызды.
«Көркем еңбек» пәнiн оқыту барысында бастауыш сыныптардағы тілдік
пәндерде еңбек және оған қатысты ұғымдарды түсіну мен дұрыс қолдану,
сұрақтарға толық жауап беру, орындалған жұмыстың нәтижесімен таныстыруда
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
Бұйымдар
дайындауда
әртүрлі
өлшем
бiрлiктерiн
қолдану,
аппликацияжасауда, ашық хат әзірлеу және безендіруде, коллаж, оригами
техникаларында нақты математикалық логика және симметрияны пайдалануы,
заттың пішінін анықтауы арқылы «Математика» пәнінен алған білімдерін
пайдаланады.
«Дүниетану» пәнімен байланыс бөлме өсімдіктерін өсіру дағдыларынан,
өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы білімін пайдаланудан көрініс табады.
Оқушының эмоционалдық мәдениетін қалыптастыру үшiн музыкалық
шығармаларды пайдалану «Музыка» пәнімен пәнаралық байланысты орнатуға
көмектеседі.
Бүгінгі күні барлық алдыңғы қатарлы елдер жоғары сапалы білім
жүйесімен жұмыс істеуде. Осыған орай біздің елімізде де жоғары сапалы білім
жүйесіне көшуге бағытталған білім мазмұнын жаңарту шараларын іске
асырылуда. Өйткені, бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның
азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-
тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін
қарқынды дамытқан бұл процестің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле
бастауы көңілді қуантады.
Курстың ерекшелігі – алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Бұл
бағдарлама оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман
ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды
мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз
қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік
береді.