Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет7/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

ТЫҢДАЛЫМ
АЙТЫЛЫМ
ОҚЫЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
Коммуникативтікда
ғдыларды
дамыту
7
 
1-
сурет – Коммуникативтік дағдыларды дамыту сұлбасы.
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен. 
 
Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқытқанда, оқушылардың тіл 
заңдылықтарын, коммуникативтік әрекеттерді әдебиет мәтіндеріндегі түрлі 


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
8
өмірлік жағдаяттарға «тікелей қатыса» отырып меңгерту мүмкіндігі өте зор. 
Осындай кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау 
әрекеттерін танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып қалыптастыру 
жолы қалыптасады.
«Кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті»пәнін оқытудың мақсаты, 
міндеттері, ұстанымдары мен әдістері, танымдық талдаудың шығармашылық 
деңгейге өсу барысында іске асырылатын мағыналық бағдарлары, 
байланыстары, технологиялық шарттары жаңа жүйеде қалыптасады.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – 
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға 
дағдыландыру. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ ғылыми және 
бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын (газет-журналдар, т.б.) сын 
тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық 
дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріп оқыту бағдарламасының 
мақсаты – оқушыларға өз ойын жеткізу жолдары, әңгімелерді баяндау және 
өздерінің қызығушылықтары, жоспарлары туралы диалог барысында айту; 
тілдесім мен аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын 
білдіре отырып жауап беру; көркем және көркем емес (нұсқаулық, жарнама) 
мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды және анализ жасау; қысқа жүйелі 
мәтіндерді жазу барысында қажетті және қызықты ақпараттарды пайдалана 
білу дағдыларын меңгерту.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытубағдарламасында оқу 
пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының 
жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған.
Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту 
субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде 
нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру 
құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген 
тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту 
мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске 
асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке 
ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына 
бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының 
құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, 
сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі 
тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу 
және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз 
болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде 
де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып 
табылады. 
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер 
оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет