Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет51/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
48
әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған 
әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық 
және ойлау әрекетіне талпындыру жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға 
жылжу болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы 
оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық 
қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше 
ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер 
қойылуымен байланысты. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың 
қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған 
білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды 
үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы 
мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті, өз бетінен ізденуді талап етеді. 
Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білім
жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты 
дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз 
оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын. 
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық 
бетбұрыс (эпиграф, сахналанған көрініс, бейнеүзінді, ребус, жұмбақ, 
анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді айқындау. 
2. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. 
Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе 
жағдаяты; шиеленіс жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау 
жағдаяты. 
3. Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. 
4. Оқу материалының презентациясы – ақпараттық технологияны
электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану. 
5. 
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 
6. Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін 
пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі 
кейіпкерлерден сұхбат алу» жатады [8]. 
Белсенді оқыту әдістерін таңдау бірқатар факторларға тәуелді. Белгілі бір 
дәрежеде ол оқушылардың санымен анықталады. Көптеген оқыту әдістерін 
шағын топтарда пайдалану ұсынылады. Бірақ әдісті таңдау, бірінші кезекте, 
сабақтың дидактикалық мақсатымен анықталады. Сабақта төмендегі белсенді 
оқыту әдістерін пайдалануға болады. 
Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын өзінің белсенді әдістері болады. 
Ұйымдастыру кезеңдері:
1. 
«Күншуақ».
Оқушыларды топқа бөлу, тақтаға түрлі-түсті шуақ шашып 
тұрған күннің суреті ілінеді. Оқушыларға кірген бетте өзіне ұнаған түсті 
шуақты таңдап алу ұсынылады (осы әдіс арқылы оқытушы баланың сол 
сабақтағы көңіл күйін де аңғаруына болады).Таңдап алынған түсіне 
байланысты топқа бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет