Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет63/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
60
-
барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы; 
-
белгіленген уақыт сақталуы тиіс. 
ДЖИК СО стратегиясы
– 
ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы 
мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен 
сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп 
аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді сарапшы немесе жанұя 
топтарын құрады, яғни сарапшы топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей 
бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 
бірлер, 2-бөлігін екілер, 3-бөлігін үшіншілер, 4,5-бөліктерін бесінші және 
төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар 
қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. 
INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына 
қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім 
(ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің 
мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа 
алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, 
білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін 
бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. 
Куббизм стратегиясы
– 
ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына 
жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан-жақты 
талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы
– 
оқушы берілген тапсырма 
бойынша өлең құрастырады.
Кім?- Ана 
Қандай? -Мейірімді, ақылды 
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді. 
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу. 
Синоним- Адам 
Геометриялық фигуралар стратегиясы
– 
бұл стратегияның құралдары 
геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени 
сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған 
мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды 
жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын 
табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. 
Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, 
суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын 
ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы 
қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы 
ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы 
білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан 
сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс [13]. 
Командалық оқыту «Team teaching»

бұл оқушылардың оқуын 
жетілдірудегі ортақ мақсатқа жету үшін екі оқытушының бірлесе жұмыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет