Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет66/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
63 
оқушылар көбірек ойланып, жиі сұхбаттасады, ойлау және сөйлеу 
мәдениеттерін белсенді түрде қалыптастырады. Нәтижесінде оқушылар жаңа 
білім алады, оны тәжірибеде қолдануды үйренеді. Топтық жұмыс барысында 
оқушылар сұхбаттасу кезінде өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға 
дағдыланады. Кластер құру тапсырмасы берілген кезде оқушылар арасында 
диалог қызу түрде жүреді. Зерттеушілік жұмыс барысында топтағы 
оқушылардың әрбіреуі өз пікірін айтып, кластерді қорғау жоспарын жасайды. 
Бірігіп жасалған жұмыс нәтижесін көрсететін «оқушы-оқушы» диалогі пайда 
болады. Оқыту диалогінде бір ғана көшбасшы болады. Ол – мұғалім. Ал 
оқушылар диалогінде көшбасшылық оқушыдан оқушыға ауысып отырады. 
Кейде ол мұғалімнен оқушыға да ауысып отыруы мүмкін.
«Диалогтік оқыту» әдіс-тәсілі қолданылған сабақтарда оқушылардың 
өздерін мүлдем өзгеше ұстағаны байқалды. Олар бір-бірлерінен қысылып-
қымтырылмай көп сұрақтар қойып, өздері сирек араласатын сыныптастарынан 
көмек сұрай алды. Бір-бірімен мүлдем араласпайтын екі оқушының қазақ тілі 
және әдебиеті сабағында бірігіп постер жасап, оны қалай қорғау керектігін жұп 
болып талдап отырғанын байқауға болады. 
Бір қарағанда диалогсіз оқытудың болуы мүмкін емес секілді көрінеді. 
Алайда, диалогтің компьютерлік тестілеу, интернет-емтихандар, қашықтықтан 
оқытудың көмегімен кейін қарай ысырылып қалу қауіпі де жоқ емес. Бір 
бойына жанды сөз, қызу пікірталас, ашық эмоция, кері байланыс, танымға 
деген қызығушылықты сыйдырған диалогті «өнер атаулының биігі» деп айтсақ 
та артық болмас емес пе? Өнер болғанда да, ата-бабаларымыздан мұра болып 
қалған, әрбіріміздің бойымызда кездесуі міндет болып саналатын өнер емес пе? 
Қорытындылай келсек, «Диалогтік оқыту» әдісі дегеніміз: 
-
оқушының сұраққа дұрыс жауап беруге үйренуі; 
-
оқушының сұхбат жүргізуге үйренуі;
-
оқушының өз ойын жеткізуге үйренуі; 
-
оқушының сөздік қорының баюуы, дүниетанымының кеңеюі. 
Оқыту диалогі – мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ең маңызды 
бөлігі.Сондықтан, сұхбаттың бұл түріне күнделікті өмірдегі сұхбаттан гөрі 
өзгеше көзқарас қажет [14].
Мұндай жұмыс түрлері мұғалімнен жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары 
кәсіби деңгейді талап етеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам 
талабына сай алынған терең білім, ойын еркін білдіру, тиімді шешімдер 
қабылдауға жеке тұлғаны қалыптастыру. Мақсатты жүзеге асыру үшін, түрлі 
тәсілдер, әдістер және инновациялық технологияларды қолдануымыз керек. Әр 
ұстаздың жаңартылған білім мазмұны аясында жаңа технологияларды 
пайдалануы білім сапасын тереңдетіп, кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті 
пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет