Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 66 3. Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат
жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жиынтықбағалау:
1. Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немесе қорытынды
сынақ жұмысы );
2.
Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге
мүмкіндік береді
3.
Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға
және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Формативті/қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені
тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі,
ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл
бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік
береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы
білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу процесін басқаша
ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен
жауапкершілікті сезінуді жүктейді.
Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең
ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным процесіне қызығушылығын
арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау
әдістеріне қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі,
сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы
туралы ойлануын дамытады.
Суммативті (немесе жиынтық/қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау,
қорытындылау (жиынтық
/ қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын,
тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным процесінің қандай да бір
сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін
қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да
бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің
қорытындысын шығаруда, есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың
бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын
оята қоймайды.
Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен
мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.формативті
бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін-өзі бағалау және
өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау– өзіне-өзі баға қоймаумен, бірақ бағалау
қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Ол тапсырманы орындау
үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен
тығыз байланысты. Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей
алгоритмін ұсына алады:
1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Мақсат қандай болды?
Қандай нәтиже алу қажет болды?
2.
Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?