Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет91/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
95 
боялған қатырма қағаздарды қолдану арқылы түсіндіре алады немесе балалар 
түрлі бояуларды өз қалауларынша араластырып тәжірибе жасау барысында 
алынған түсті көру арқылы да түсіне алады.
Алайда оқушы тарапынан белсенділік болмайынша, сурет салу 
заңдылықтарын бір ғана көрнекіліктің көмегімен табысты меңгеру мүмкін емес. 
Көрнекіліктерді көрсету барысында оқушы көзбен көруге болатын нақты 
бейнелерді қабылдайды, бұл оның көп нәрсені түсінуіне мүмкіндік береді. 
Бірақ, ол мұғалімнің көрсеткенін тамашалайтын көрермен рөлінде ғана болады. 
Оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін оның өздік және белсенді 
жұмысы ғана көрсете алады. Осыдан барып оқытудың саналылық және 
белсенділік принципі шығады.
Оқушылардың көркем еңбекке оқудағы 
саналылық және белсенділік 
принципі
. Бұл принцип оқушылардың білімді саналылықпен және 
белсенділікпен меңгеруін және оны күнделікті өмірінде, тәжірибесінде қолдана 
білуін, сонымен бірге балалардың бойында еңбекке қажетті біліктер мен 
дағдылар, шығармашылық бастама мен дербестік, ойлау, сөйлеу қабілеті және 
еңбек ету мәдениетінің қалыптасуын қамтамасыз етуді қарастырады [18]. 
Саналылық және белсенділік принципі негізінде оқушының өз ақыл-ой 
белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған 
білімдерден құралады.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнін оқыту барысында саналылық және 
белсенділік принципінің келесі ережелері сақталуы тиіс: 
-
орындалатын жұмыстың мақсаттары мен міндеттерінің маңызы мен 
мәнін оқушыларға түсіндіру, яғни баланың санасына жеткізе білу; 
-
оқушының жұмысты орындау жолдарын түсінуі немесе орындау 
тәсілдерін өздігінен ойлап табуы, жұмыс нәтижесінің мән, мағынасын, 
қолданылу аясын, қажеттілігін түсінуі; 
-
танымдық іс-әрекеттің түрлерін, талдауды, салыстыруды, біріктіруді, 
сәйкестендіруді пайдалану; 
-
оқушы сөздің, сөйлемнің, пәнге байланысты ұғымның мағынасын 
түсінуіне, оларды дұрыс қолдана білуіне назар аудару және мағынасы түсініксіз 
ұғымдарды қолданудан аулақ болу; 
-
оқушылардың бірін-бірі оқыту, яғни жұптық, топтық оқыту 
мүмкіндіктерді пайдалану, яғни дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын 
дамытуға жағдай жасау; 
-
бастауыш сынып оқушылары үшін белгісіз жаңа ұғымдарды, 
мәліметтерді бұрыңғы белгілілермен логикалық ұштастыру, себебі бұрын алған 
білім мен жаңа білімнің арасында логикалық байланыс болмаса, саналы оқу да 
болмайды. 
Саналылық принципін жүзеге асыру оқушыларды көркем еңбек сабағының 
мақсаты және міндеттерімен таныстырудан басталады. Оқушылардың 
саналылығы теориялық материалды өз беттерінше игеру, тапсырмаларды 
орындау, шығармашылық міндеттерді шешу барысында көріне бастайды. Олар 
жұмысты өз бетінше жоспарлауды, оны орындаудың жолдарын анықтауды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет