Юрковская о. А., Фаизова р. И., Терехова т. И., Хисметова а. М., Зготова н. С. Коронавирусты



Pdf көрінісі
бет37/73
Дата07.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#92921
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri

 
6.Санаторлы-курортты емдеу 
Стационар, оңалту орталығы, емхана кезеңдеріндегі қалпына келтіру 
курсынан кейінгі жақсартудың объективті белгілері аурудың клиникалық, 
радиологиялық және зертханалық көріністерінің жойылуы, функционалды және 
иммунологиялық параметрлердің қалыпқа келуі болып табылады. 
Денсаулықты толық қалпына келтіру үшін, тұрақты жақсартуға қол 
жеткізгеннен кейін пациенттерге Қазақстан Республикасында және көрші 
елдерде санаторий-курорттық емдеу ұсынылады, бұл аурудың нәтижесіне 
жағымды әсер етеді, дұрыс тәртіп, рационалды тамақтану, климаттық терапия, 
емдік дене шынықтыру жаттығуларының арқасында ағзаның төзімділігі мен 
қатаюын арттырады. 
Тыныс алу жолдары агрессивті ингаляцияға және қоршаған ортаның 
инфекциялық факторларына алғашқы тосқауыл болып табылады. Осыған 
байланысты тыныс алу мәселелері коронавирустық инфекциямен 1-ші орында 
(Ковид-19). Ковид-19 пневмониясының ең ауыр салдары- тыныс алу 
жеткіліксіздігі. Тыныс жетіспеушілігінің дамуы және пневмониямен 
ауырғаннан кейін ағзаның иммундық реактивтілігінің төмендеуі науқастардың 
өмір сүру сапасын төмендетеді. 
Мұндай жағдайларда пациенттерге қалпына келтіретін санаторлы-
курорттық емдеу қажет (СКЕ). Санаторий-курорттық емдеу кешенді тәсілмен 
тұрақты ремиссияға, аурудың өршуіне және оның ауыр түрлеріне ауысуға 
мүмкіндік береді. Санаторий жағдайында өкпенің мәселелерін ғана емес
сонымен қатар асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ), жүрек-қан тамырлары 
ауруларынан, бүйрек патологиясынан, остеоартикулярлық жүйеден және басқа 
да зақымданулардан Ковид-19-пневмониядан кейін жақсартуға болады. Емдеу 
жан-жақты болуы керек, тыныс алу жүйесіне жергілікті әсерді және денені 
сауықтыруға мүмкіндік беретін жалпы күшейту шараларын да қамтиды. 
Санаторлы-курорттық емдеу тек жылы мезгілде, мамырдан қазанға дейін 


24 
жүргізіледі. Шипажайдағы бейімделу (акклиматизация) кезеңінің ұзақтығы 
аурудың белгілері мен климаттық аймақтардағы өзгерістердің контрастына, 
сондай-ақ қоршаған орта жағдайларына байланысты жеке анықталады. 
Курстың ұзақтығы 12-ден 28 күнге дейін немесе одан да көп болуы мүмкін. 
СКЕ толық немесе салыстырмалы ремиссия кезеңінде тағайындалады. 
Науқасты СКЕ-ге жібермес бұрын, курорттық картаны толтыру арқылы толық 
клиникалық және зертханалық тексеру жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет