12
басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» –
дей келе, «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды
ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек» екенін де атап,
көрсетті [1].
Маман кадрлар дайындау үшін тиісті біліктілік шеңберіне негізделген кәсіби біліктілікті пайдалану
– заманауи еңбек нарығының басты талабы. Бүгінде IT-компаниялар әлеуетті қызметкердің жоғары
білім туралы дипломына емес, оның кәсіби біліміне, еңбек дағдысы мен тәжірибелік машығына көбірек
назар аударады. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын көптеген компаниялар арнайы жоғары білімнің бар
болуына ешқандай да талап қоймаған болса, бүгін бәрі өзгеріп, жұмысқа қабылдау кезінде негізгі
талаптың бірі – жоғары білім туралы бейіндік дипломның бар болуы. Осылай жалғастырсақ, қазіргі
шет елдермен бірлесіп IT-жобалар жүргізетін компаниялар жоғарғы
мектептердегі оқытудың
бакалавриат немесе магистратура сатыларындағы білім беру деңгейіне міндетті қатаң талаптар қоя
бастады. Мысалы, бізге белгілі жетекші IT-компаниялар техникалық мамандықтар саласындағы нақты
технологиялар бойынша біліммен (айталық, JAVA тілінде немесе .NET ортасында программалаумен,
Oracle деректер қорлары үшін қосымша қолданбалы программалар құрумен) байланысты талаптарды
ғана емес, менеджмент, коммуникациялар, шет тілдер бойынша біліктіліктерді де айқын атап, белгілеп-
бекітіп қойған.
Жоғарғы оқу орындарының көпшілігі техникалық мамандықтар бойынша дайындалатын түлектерді аса
кең ауқымды IT-саласы үшін (болашақ кәсіби қызметінде кездесетін барлық жағдайларды мейлінше қамту
мақсатында) неғұрлым мол жиекті теориялық білім спектрімен қамтамасыз етуге тырысады. Ол түсінікті
де. Бірақ, өкінішке орай, бітірушілердің жұмысты орындау ептіліктері мен іскерлік шеберліктері ақсап
жататыны жасырын емес. Осының бәрі жоғарғы оқу орындарын бітірушілердің құзыреттілігінің жұмысқа
қабылдаушыларды толық қанағаттандырмайтынына алып келеді. Жұмыс берушілер аталған мәселені өз
тарапынан, мамандарын техникалық университеттерге бейіндік ақпараттық-коммуникациялық
технологиялық (АКТ) бағыттар бойынша сабақ беруге жіберіп, бакалавриат
пен магистратураның
«Программалау инженериясы», «Заманауи ақпараттық жүйелер мен технологиялар», «Қолданбалы
ақпараттану», «Программалық жасақтама және есептеу техникасы», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
мамандандыруларының оқу жоспарын үйлестіру, өндірістік практика базасына қабылдау, ғылыми-
практикалық семинарлар мен әдістемелік шеберлік сыныптарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырып
келеді. Жұмыс берушілер, сонымен қатар, өздерінің меншікті оқыту орталықтарын ашып, мүдде-
мақсаттарына
лайық қызметкерлерді дайындап, авторланған оқыту-әдістемелік материалдарын құруға
мүдделі. Нәтижесінде, өркендеген IT-компаниялардың негізгі бөлігі ЖОО түлектерінің оқуын
жалғастырып, өздерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржылай шығын шығып, үстеме
уақыт жоғалтуға мәжбүр.
Қазақстандық жоғары білім беру орындары да әлемдік үздік университеттер сияқты оқу үдерісіне
тиісті жетілдірулер енгізу қажеттілігіне тап болып отыр және болашақ мамандардың бәсекеге
қабілеттілігін, ұшқырлығын дамытуға бағытталуы тиіс [2]. Себебі, қоғамның даму ырғағының үдеуі
білім беру мен оқыту үдерісіне жаңа талаптар қойып отыр. АКТ бойынша білім берудің ерекшелігі –
ақпараттық технологиялар аса қарқынды дамып жатқандықтан, сәйкесінше, бұл бейіндегі мамандарды
дайындау тұрақты өзгерістерді талап етеді. Ақпараттық технологиялар саласының динамикалық
қасиеті мен ондағы инновациялық толықтырулар IT-пәндерінің оқыту бағдарламалары мен мазмұнын
тұрақты жаңартып отыру қажеттілігін туындатады. Сондықтан IT-кадрларды
дайындау мәселесінің
кәсіби білім беру жүйесі IT-индустриямен өзара тиімді қатынаста болғанда ғана табысты шешілуі
мүмкін. Осыған байланысты, қосымша білім беру жүйесі, дәстүрлі оқыту жүйесімен салыстырғанда,
оқыту бағдарламалары мен оқу курстарын нарық қажеттіліктеріне икемді қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің 2013 жылдан бастап 2016 жылдың соңында
дейін бірлескен европалық TEMPUS бағдарламасы аясында «PICTET – Ресей мен Қазақстан үшін
европалық біліктілік шеңберіне
негізделген АКТ кәсіби білім беру» жобасын іске асыруға пәрменді
қатысуы, оны белгіленген уақытта толық аяқтап шығуы – Елбасы қойып отырған жаңа міндеттерді
жүзеге асыру үшін қажетті және таптырмайтын тәжірибе, оны үлкен абыроймен орындап шығудың
кепілі болмақ. Европалық Одақтың Лиссабон стратегиясы мен Болонья процесіне қатысушы серіктес
елдерде білім берудің дамуына жәрдемдеcуге арналған TEMPUS бағдарламасының PICTET жобасын
орындауға Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінен басқа ресейлік 5 ЖОО, 4 АКТ
саласындағы бизнес құрылымдары, қазақстандық тағы да 4 ЖОО, ғылыми-технологиялық парк, АКТ
саласында жұмыс істейтін ALEM Research компаниясы, евроодақтық 4 ЖОО мен технопарк және
13
Ақпараттық технологиялар қауымдастығы, АКТ саласындағы
бизнес құрылымдары қатысып,
оқытушы-ғалымдар мен жоғары және қосымша білім беру үдерісінің жетекшілері тартылған болатын.
Жүзеге асырылған «PICTET – Ресей мен Қазақстан үшін европалық біліктілік шеңберіне
негізделген
кәсіби АКТ кәсіби білім беру» жобасының біздің елде де осы сала бойынша кәсіптік дайындау мен
мамандардың біліктілігін жетілдіру үшін маңызы аса зор. Себебі, ізденістер нәтижелерін пайдаланып,
осы бағыттағы білім беруді жетілдіруге, отандық ІТ-компаниялар мен осы саладағы бизнесті
сүйемелдеуші фирмалардың талаптарын толық қанағаттандыруға болады.
Қатысушы серіктес-жоғары оқу орындарында зор сұраныс тудырған «Программалық
жабдықтамалар құрушы», «Желілік кәсіби маман» сияқты европалық біліктілік шеңберіне
негізделген
жиырмадан аса АКТ-біліктілік құжаттары дайындалып шығарылған еді. Әрбір біліктілік бойынша
маман дайындау құжаттарының құрамына оқу жоспары,
жұмысшы бағдарламалар, оқу-әдістемелік
нұсқаулықтар мен құралдар кіретін және Саратов қаласының IT-директорлар Одағы, «Новосибирск»
технопаркі, «Сателит Софтлабз» компаниясы (РФ), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркі, ALEM
Research компаниясы (ҚР) сияқты кәсіби ассоциациялар мен АКТ-компанияларында сараптамадан
өткен оқу-әдістемелік материалдар кешені жинақталған-ды. Жобаға қатысушы Ресей және Қазақстан
жоғары оқу орындарының әрқайсында АКТ-біліктіліктері бойынша мамандар дайындаумен
айналысатын оқыту орталықтары ашылып, оларда 500-ден аса оқушы-жастар білімдерін ұштаған. Осы
орталықтарды бітірген озат білімгерлер Бельгия,
Болгария, Грекия, Испания және Италия сынды
елдерде тәлімдемеден өтіп, АКТ-біліктілікті қосымша жоғары сапалы кәсіби білім алғандарын
дәлелдеді.
Ресей мен Қазақстан сияқты екі елдің осы жобаны жүзеге асыруға ат салысқан серіктестері барлық
ЖОО оқыту орталықтарын біріктіріп, студенттерге жоғары білімнен кейін оқудың біртұтас кеңістігін
құруға мүмкіндік беретін және қосымша кәсіби АКТ-білім беру саласының арнайы веб-порталын
құрған. Европалық тәжірибеге негізделіп, оқыту орталықтарын тиімді
басқаруға арналған сапа
менеджменті жүйесі де толықтай іске қосылды. Ендеше, Қазақстан, Ресей және Евроодаққа кіретін
елдер бірлесіп жүзеге асырған халықаралық жобаның толағай табыстары әрі қарай отандық жоғары
оқу орындарының білім беру үдерісінде жалғасын табуы тиіс.
Себебі, егер проблеманы жаһандық деңгейде алып қарасақ, бүгінде әлемдік біріңғай еңбек нарығы
құрылып отыр. Ол жұмыс күшіне қатысты сұраныс пен ұсыныс арасындағы сапа бойынша
алшақтықтан туындайтын мамандар құзырлылығына жаңа талаптар қоюда. Мұнсыз трансұлттық
компаниялардың табысты жұмыс атқаруы да, мамандарының ұшқырлығын қамтамасыз етуі де қиын.
Сондықтан, мақсаты жоғары оқу орындары түлектерін мамандыққа баулу олқылықтарын жою ғана
емес, нақты бизнес үшін білікті кадрлар дайындау болып табылатын қосымша инженерлік кәсіби білім
беру жүйесі – Елбасымыздың алдымызға қойып отырған білім берудің жаңа сапасын құру міндеттерін
жүзеге асыру жолындағы тез икемге келе бермейтін қалыптасқан жоғары білім жүйесін жетілдірудің
таптырмас құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: