11
түсетіні анық. Қазақ тілі бауырлас түркітілді елдермен жақындатады. Ең бастысы, қазақ қоғамын
шынайы рухани жаңғыруға әкеледі. Отандық ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің, озық ойлы
оқымыстыларымыздың үздік идеялары, ілгері инженерлік ізденістері мен тың технологиялары төрткүл
дүниеге тезірек таралмақ. Әлем ғалымдары қол жеткізген халықаралық жаңа ғылыми жаңалықтар
біздің ел ғалымдарына жылдам жетіп, әйгілі бола бастайды.
Мемлекет басшысының айтулы мақаласында сөз болған келесі «Туған жер» бағдарламасының
алатын орны ерекше. Еліміздің әрбір өлкесінде ұлт тарихының жәдігерлері, ғасырлар бойы ата-
бабаларымыздың жүріп өткен жолдары жатыр. Олардың қайсыбірінің тек аңыз арқылы ашылғанымен,
әлі беймәлім тұстары қаншама. Жеке бір ауылдың тарихы арқылы Отанға, туған жерге, бүкіл
Қазақстанға деген сүйіспеншілікті (отансүйгіштікті) оятуға болады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында жалпыұлттық отансүйгіштік негіздерінің бірі болуға
лайық «Туған жер» бағдарламасын ұсына отырып, патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Нағыз патриотизм, яғни, біздің баяндаманың тақырыбына арқау болған отансүйгіштік қасиет, және
біздің еліміздің гүлденуі үшін өзімізден тәуелді барлық істерді үлкен жауапкершілікпен атқару, туған
жерге деген ыстық махабаттан туындайтыны анық. Мақалада орын алған «Қазақстандағы 100 жаңа
есім» жобасының биылғы жылдың өзінде жүзеге асып үлгерген алғашқы үлгісі қазақстандықтарға
дүлділді спорт жарыстарында рекорд орнатып жүрген, малдың өнімді тұқымын шығарған, пайдалы
қазбалардың жаңа кен орындарын ашқан, дертке дауа дәрі жасаған, халықаралық қалыптарға сай
зауыттар тұрғызған, маңызды, құнды фильмдер түсірген, беделді өнер сайыстары мен фестивальдарда
жүлде алып жүрген замандастарымызды әйгілеп берді. Әрине, қазақстандықтар төрткүл дүние
мойындаған жерлестерін білуге тиіс. Осы ел мойындаған кейіпкерлердің де өскелең жастардың
отансүйгіштік сезімін оятатыны хақ.
Ел мәртебесін осылай асқақтатып, әрі қарай биіктететін рухани жаңғыру бағдарламасы қарастырып
отырған келесі бағыт – ішкі және сыртқы мәдени туризм – жалынды жастар үшін таптырмайтын мол
мүмкіндік. ҚазҰУ студент-жастарының шетелдік қонақтарға еріктілер қатарында еліміздің әлеуетті
мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, рухани жаңғыруға үлкен үлес қосатыны да түсінікті. Әрине,
ол үшін оқушы жастарымыз еліміздің экономикалық жетістіктерін, туған халқымыздың ұлттық салт-
дәстүрін, тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен өнерін жақсы білуі тиіс. Туристер қоятын сан алуан
сұрақтарға қиналмай дұрыс, дәл және анық жауап беру үшін қажетті дайындықтан өткен тәрбиеленуші
студенттеріміздің еліне деген мақтанышы артып, территориясы дүние жүзінде тоғызыншы орын
алатын, кен байлығы да әлемнің алдыңғы қатарындағы Қазақстанның беделіне, ізгі дәстүріне, әлем
аренасындағы өзіндік орнына, халықаралық абыройына деген сенімі, Отанына деген сүйіспеншілік
сезімі арта түсетіні анық.
Шет елдерден келген қонақтардың Республикамыздың ертеңінің қандай болатынын осындай
өскелең жастарымызға қарап бағамдайтыны даусыз. Елін, Отанын, туған жерін сүйетін, халқын
құрметтеп, мақтан тұтатын жастарымыздың отансүйгіштік рухы асқақтай беретініне кәміл сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: