48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет8/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Абенов Б.К., Бурибаев Б. 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ОҢ ӘСЕРІ 
 
Аңдатпа. ҚР Президенті НӘ.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласының студент жастардың отансүйгіштігін қалыптастыруға оң әсері қарастырылған 
Түйін сөздер: рухани жаңғыру, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие, ұлттық код,
латын 
әліпбиіне көшу,
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық белдеуі», «Қазақстандағы 100 жаңа 
есім» 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
стратегиялық мақаласы [1] Қазақстанның мәдениетін дүние жүзіне танытудың, жаһандану 
үдерістерінің бәріне ашық болудың, жастардың толыққанды білім алуына жағдай жасаудың, жаңа 
технологияларды пәрменді өндіріске енгізудің және сонымен бірге ұлттық дәстүр-салтымызды 
ұмытпаудың басымды міндеттер екенін ашып көрсетті. «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, 
ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» дей келіп, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын 
анықтап берді. 
Рухани жаңғыру бағдарламасы – еліміздің келешегі қолында тұрған жас буын үшін аса маңызды. 
Құжаттың құрамдас бөлігі болып табылатын жоғары моралдық құндылықтар қоғамын құруға 
жетелейтін латын әліпбиіне көшу, «Туған жер», «Қазақстанның рухани құндылықтары», 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық белдеуі», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты 
бағдарламалық тараулардың негізгі мақсаты – ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның 
санасына туған жерге деген сүйіспеншілік орнатып, жүрегіне ізгілік нұрын себу. Елбасының ұсынып 
отырған идеяларды жүзеге асырудың тұтас мемлекетке ғана емес, оның әр мүшесіне де пайда әкелетіні 
айқын. 
Экономикалық және саяси жаңғыру жолымен алға жүрудің сенімді қарқынын белгілеп беріп 
отырған мақаланың аса өзектілігі мен құндылығы Мемлекет басшысының қолға алып отырған 
жаңғыруды ең алдымен қазақстандық ұлт мәдениетінің негізі болып табылатын сана мен ойдың жаңа 
моделімен байланыстыруында.
Н.Ә.Назарбаевтың бұл тарихи еңбегінде баяндалған жаңғырудың бірінші шарты – төл 
мәдениетіміздің өзіндік түр-сипатын, басқаша айтқанда, ұлттық кодты сақтап қалу. Президентіміз жеке 
адамның және жалпы қоғамның санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын – бәсекеге қабілеттілік, 
прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдениет пен білім берудің – мемлекетіміздің ең дамыған 30 
елдің қатарына қосылуын жылдамдататын үлкен мүмкіндік екенін көрсетіп, қазіргі таңда жеке адам 
ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына 
ерекше маңыз берген. Бұл туралы бағдарламада «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи 
байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабылетімен айқындалады» делінген. Ендеше, әрбір 
қазақстандық, солар арқылы тұтас ұлт, заманға лайықты қасиеттерді иеленуі керек. Айталық, бүгінде 
өте өзекті компьютерлік сауаттылық, шет тілін игеру, мәдени ашықтық сынды көрсеткіштер әркімнің 
алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттарға жатады. 


10
Білімнің салтанат құруы бөлімінде Н.Ә.Назарбаев білімге құштарлықтың халқымызға тән қасиет 
екеніне ерекше көңіл аударып, үдемелі технологиялық үдерістер жағдайында білім берудің табысқа 
жету факторы екенін ашып көрсеткен. Сондықтан біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде «4.0 Университет» моделіне көшу шеңберінде жүргізіліп отырған еліміздің 
интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар студент жастардың білімділігінің, 
мәдениеті мен патриотизмінің басымды құндылық екенінің жақсы дәлелі [2].
Жаһандану және жаңа технологиялардың жылдам дамуы жағдайында университеттің жаңа моделін 
құру үлкен маңызға ие. Жоғары оқу орындарының басты міндеті жоғары білікті және бәсекеге қабілетті 
кадрларды даярлау ғана емес, сондай-ақ жастарды мемлекет пен бүкіл әлем азаматтары ретінде рухани 
тұрғыдан қалыптастыру болып табылады.
Университетіміз қазақстандық жоғары оқу орындарының көшбасшысы ғана емес, әлемнің ең үздік 
250 білім ордаларының қатарына енді [3]. Нақтылап айтар болсақ, рейтинг тізімінің 236 орынына табан 
тіреген. Бұл үлкен көрсеткіш.
Мақаланы құрайтын екі бөлімнің
 
біріншісі теориялық сұрақтарды қарастырса, екінші бөлімі – 
атқарылуға тиісті нақты практикалық міндеттер мен іс-шараларға арналған. Ерекше айта кететін дүние, 
Елбасы алғашқы бөлімде ұлттық код мәселесін егжей-тегжейлі қозғайды. Ғылыми тұрғыда ұлттық код 
ұғымының ауқымы кең. Ұлттық код деп – халықтың ішкі этникалық өзегін қарастыруымыз керек. 
Ағаштың сыртқы қабығы сияқты кез келген ұлттың, халықтың сыртында өзіне ғана тән салт-дәстүрі, 
әдет-ғұрпы, тілі мен діні жатыр. Ал ішкі жадында осылардан туындайтын ар-ұят, намыс, ұлттық сана, 
ұлттық болмыс сияқты көзге бірден байқалмайтын, көріне қоймайтын факторлар мен қасиеттер бар. 
Аталған негізгі ішкі факторлардың мәні өзгермес үшін оның өзегі дұрыс болуы тиіс. Ұлттық код, міне, 
осы түсініктерге саяды. Заманның ағымы мен талаптарына қарай, ғылыми-техникалық жетістіктермен 
байланысты ұлттық дәстүріміз, салт-санамыз бейімделе отырып өзгеруі де ықтимал. Бастысы, олар 
мән-мазмұнын жоғалтпауы керек. Сондықтан Елбасы айтқандай, ұлттық сананың жаңғыруы
 
– қазақ 
деген ұлт дәстүрінің заманға сай жаңғырып отыруы. Ұлттық код сақталса, бұзылмаса, біз қашан да ұлт 
ретінде жаңа заманға лайықталып бой түзеп отырамыз. 
Мақалада Ел Президенті таяу жылдардағы жүзеге асырылуға тиіс нақты бес тапсырманы ұсынып 
отыр. Оның біріншісі – латын әліпбиіне көшу.
Қазақ ұлтының тарихына үңілер болсақ, ежелгі заманда көне түркітілдес халықтар төл жазуы бітіг, 
яғни руналық жазуды ойлап тауып, V-VIII ғасырлар бойы кеңінен қолданған. Ал VIII ғасырдан бастап 
Қазақстан территориясында ислам дінімен қатар, араб жазуы да тарала бастаған. Сонымен, он ғасырға 
жуық жергілікті тұрғындар араб жазуын өзінің мәдени және ғылыми құндылығына айналдыра білді. 
ХХ ғасырдың 20-жылдары бұл мәселені ұлт зиялылары көтеріп, латын әліпбиіне өтудің маңызы 
турасында айтқан болатын. Мұндағы мақсат – бүкіл түрік әлемімен бірігу еді.
Кеңес Одағы тұсында, қазақтың төте жазуы, латын әліп биі негізінде құрылған жаңа қазақ әліпбиіне 
ауыстырылды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін латын әліпбиі қолданылды. Алайда 1940 
жылы қазақтың латын әліпбиі, орыстың кирилл жазуы негізінде құрылған жаңа әліпбиіне өтіп, күні 
бүгінге дейін осы жазу жүйесін пайдаланып келеміз. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев латын әліпбиіне көшу идеясын 2012 жылы желтоқсанның 14-жұлдызы күні 
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялаған кезде ұсынған болатын.
Кез келген тәуелсіз аталатын елдің өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын идеологиясы болуы керек 
екеніне күмән жоқ. Бұл талас тудырмайтын объективті заңдылық. Қазақ халқы екі жарым ғасыр 
Ресейдің құрамында болып, еріксіз оның құндылытарын қабылдауға мәжбүр еді. Соның салдарынан 
халқымыз ана тілі – қазақ тілінен айырылуға шақ қалды. Ұлт мүддесі ескерілмей, бірнеше мәрте жазу 
графикасы ауыстырылды. Жазу қарпінің кез келген халықтың дүниетанымы мен мәдениетіне тигізетін 
ықпалының өте зор екенін білеміз. 
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – ол өркениет жолын таңдау бағдарының аса маңызды тетігі. 
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 2025 жылға қарай
латын әліпбиі, кирилл жазуымен қатар іс-жүргізуге енгізіледі, сондай-ақ оқулықтар, мерзімдік 
басылымдар осы жазуды қолдана бастайтыны айтылған. Мемлекетімізде «Үш тұғырлы тіл» саясаты 
табысты жүзеге асырылып отыр. Мемлекеттік тіл – қазақ тілімен қоса, орыс және ағылшын тілдері 
білім беру ісінің барлық деңгейінде кең ауқымда оқу бағдарламаларына енгізілген. Ағылшын тілі 
біздерге әлемдік ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесуге аса қолайлылық тудырып қана 
қоймай, осы тілді білетін жастарға әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі 
ашылып отыр. Осы орайда айтпағымыз, латын әліпбиі шет тілдерді меңгеруге де оң септігін тигізбек. 
Қорыта айтар болсақ, Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу – әлемнің ақпараттық кеңістігіне кіруге, 
жаңа технологиялар мен компьютер тілін игеруге жол ашатыны және еліміздің тәуелсіздігін нығайта 


11
түсетіні анық. Қазақ тілі бауырлас түркітілді елдермен жақындатады. Ең бастысы, қазақ қоғамын 
шынайы рухани жаңғыруға әкеледі. Отандық ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің, озық ойлы 
оқымыстыларымыздың үздік идеялары, ілгері инженерлік ізденістері мен тың технологиялары төрткүл 
дүниеге тезірек таралмақ. Әлем ғалымдары қол жеткізген халықаралық жаңа ғылыми жаңалықтар 
біздің ел ғалымдарына жылдам жетіп, әйгілі бола бастайды.
Мемлекет басшысының айтулы мақаласында сөз болған келесі «Туған жер» бағдарламасының 
алатын орны ерекше. Еліміздің әрбір өлкесінде ұлт тарихының жәдігерлері, ғасырлар бойы ата-
бабаларымыздың жүріп өткен жолдары жатыр. Олардың қайсыбірінің тек аңыз арқылы ашылғанымен, 
әлі беймәлім тұстары қаншама. Жеке бір ауылдың тарихы арқылы Отанға, туған жерге, бүкіл 
Қазақстанға деген сүйіспеншілікті (отансүйгіштікті) оятуға болады. 
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында жалпыұлттық отансүйгіштік негіздерінің бірі болуға 
лайық «Туған жер» бағдарламасын ұсына отырып, патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген. 
Нағыз патриотизм, яғни, біздің баяндаманың тақырыбына арқау болған отансүйгіштік қасиет, және 
біздің еліміздің гүлденуі үшін өзімізден тәуелді барлық істерді үлкен жауапкершілікпен атқару, туған 
жерге деген ыстық махабаттан туындайтыны анық. Мақалада орын алған «Қазақстандағы 100 жаңа 
есім» жобасының биылғы жылдың өзінде жүзеге асып үлгерген алғашқы үлгісі қазақстандықтарға 
дүлділді спорт жарыстарында рекорд орнатып жүрген, малдың өнімді тұқымын шығарған, пайдалы 
қазбалардың жаңа кен орындарын ашқан, дертке дауа дәрі жасаған, халықаралық қалыптарға сай 
зауыттар тұрғызған, маңызды, құнды фильмдер түсірген, беделді өнер сайыстары мен фестивальдарда 
жүлде алып жүрген замандастарымызды әйгілеп берді. Әрине, қазақстандықтар төрткүл дүние 
мойындаған жерлестерін білуге тиіс. Осы ел мойындаған кейіпкерлердің де өскелең жастардың 
отансүйгіштік сезімін оятатыны хақ. 
Ел мәртебесін осылай асқақтатып, әрі қарай биіктететін рухани жаңғыру бағдарламасы қарастырып 
отырған келесі бағыт – ішкі және сыртқы мәдени туризм – жалынды жастар үшін таптырмайтын мол 
мүмкіндік. ҚазҰУ студент-жастарының шетелдік қонақтарға еріктілер қатарында еліміздің әлеуетті 
мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, рухани жаңғыруға үлкен үлес қосатыны да түсінікті. Әрине, 
ол үшін оқушы жастарымыз еліміздің экономикалық жетістіктерін, туған халқымыздың ұлттық салт-
дәстүрін, тарихын, мәдениетін, әдебиеті мен өнерін жақсы білуі тиіс. Туристер қоятын сан алуан 
сұрақтарға қиналмай дұрыс, дәл және анық жауап беру үшін қажетті дайындықтан өткен тәрбиеленуші 
студенттеріміздің еліне деген мақтанышы артып, территориясы дүние жүзінде тоғызыншы орын 
алатын, кен байлығы да әлемнің алдыңғы қатарындағы Қазақстанның беделіне, ізгі дәстүріне, әлем 
аренасындағы өзіндік орнына, халықаралық абыройына деген сенімі, Отанына деген сүйіспеншілік 
сезімі арта түсетіні анық. 
Шет елдерден келген қонақтардың Республикамыздың ертеңінің қандай болатынын осындай 
өскелең жастарымызға қарап бағамдайтыны даусыз. Елін, Отанын, туған жерін сүйетін, халқын 
құрметтеп, мақтан тұтатын жастарымыздың отансүйгіштік рухы асқақтай беретініне кәміл сенімдіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет