Түйін сөздер: халықаралық құқық, құқықтану,шет елдердің заң практикалары, оқу орындары,
тергеу органдары, құзыреттілік.
Студенттер болашақ маман ретінде дайындауға қойылатын талаптар.
Қазіргі уақытта мамандарды
Жоғарғы оқу орындарында дайындау мәселесіне бірнеше талаптар қойылып, олар өз мамандығы
бойынша тек теориялық деңгейде меңгеріумен шектелмей, практикада қызметті алып кете алатындай
маман деңгейінде және халықаралық стандарттарға сай деңгейде дайындау көзделуде. Студенттердің
практикалық қызметке жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оларды өндірістік практикаға жіберумен
196
шектелмей семинар және дәріс сабақтарында практикалық есептерді шешу және арнайы курстар
қолданылады. Бұл мәселеде мақсатқа сай қызмет атқару үшін негізінен зыңды дұрыс қолдана білу
жағына назар аударылады.
Заңгерлік мамандық болсын, өзге мамандықтар болсын оларды халықаралық стандарттарға сәйкес
дайындау – бұл шет елдердің озық практикаларын, технологияларын оқу процесінде қолдануды,
халықаралық ұйымдардың бекіткен талаптарына қарай өз қызметтерін икемдеуді білдіреді деп
түсінеміз. Ал заңгерлық қызметке қатысты айтатын болсақ, онда озық деп танылатын немесе өзге елдер
үлгі ретінде қабылдаған елдердің заңдарына дәріс және өзгедей формалардағы сабақтарда шолу
жасауды және БҰҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың қабылдаған құқықтық актілеріне
сүйенуді қолдану керек.
Құқықтану және халықаралық құқық мамандықтары бойынша заңгерлерді дайындаудың
ерекшеліктері. Заңгерлік мамандық бойынша студенттерді дайындау қазіргі Қазақстан
Республикасының Жоғарғы оқу орындарында екі факультет немесе екі мамандық түрінде жүргізілуде.
Олар мамандық түрлері «құқықтану» және «халықаралық құқық», ал факультет түрінде «заң
факультеті» және «халықаралық қатынастар факультеті» деген атаулармен қолданылады. Мамандығы,
кей оқу мекемелерінде факультеті бөлек болғандықтан, олардың сәйкесінше айырмашылықтары да
болуы керек.
«Құқықтану» мамандығы, басқаша айтқанда қазіргі заң факультеттері оқу процесінде негізінен
отандық, мемлекеттің ішкі заңдарын оқытумен айналысады.
«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша дайындалатын студенттерге отандық құқық салалары
және халықаралық құқықтан туындайтын арнайы пәндер жүргізіледі. Мұнымен қатар отандық
құқықты оқытудың өзінде де айырмашылығы болады. Олар тек отандық заңның ережелеріне құқықтық
талдау берумен шектелмей, шет елдердің заң практикаларын да келтіре отырып салыстырмалы талдау
жүргізу, сонымен қатар кей құқықтық нормалардың халықаралық құжаттарды ратификациялау
нәтижесінде пайда болғандығын ескерту. Халықаралық құқық мамандығы бойынша заңгерлерді
«Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық құқығы», «Қазақстан Республикасының
және шет елдердің қылмыстық процессуалдық құқығы» пәндерін оқытумен айналысатын осы мақала
авторының бағалауы бойынша аталған пәндерді осындай тәсілмен оқыту, студенттерге кешенді білім
беруді білдіреді. Өйткені оның құрамында үш аспекті, яғни отандық құқық, шет елдердің құқығы және
халықаралық құқық қамтылған [1]. Шет елдердің ішінде қай елдердің заң практикалары қолданылуы
керек дегенде, бұл мәселе туралы мұнан бұрынғы оқу-әдістемелік сипаттағы мақалада «құқықтық жүйе
англо-америкадық және роман-германдық болып бөлінетіндіктен және ҚР өзінің құқықтық
реформаларында осы жүйелердің отаны және таратушысы болып табылатын, Франция, Германия,
АҚШ, Ұлыбритания елдерінің заңдарын ескеретіндіктен осы елдердің заңдарына шолу жасау керектігі
айтылған болатын [2]. Бұл елдердің заң практикаларын дәріс кезінде қолдану жақсы нәтижеге
бағыттайды, яғни студент қазіргі отандық заңдағы кей өзгерістердің қай елдің заңынан
алынғандығынан хабардар болады.
Қылмыстық және қылмыстық процессуалдық құқықтарды сапалы оқыту үшін тиісті халықаралық
актілерге сүйену қажет болады. Ол қажеттілік осы пәндердің мазмұнындағы кей ережелердің
(нормалардың) отандық заң шығарушылардың шығармашылық еңбегінің нәтижесі емес, отандық
заңдарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында пайда болғандығын көрсетуден
көрінеді. ҚР көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі және өзін барынша дамыған озық елдердің
қатарына жетуді көздейді. Мұндай жағдайда сөзсіз заңдарда халықаралық стандарттарды көрсету
керек болады.
Заңгерлерді дайындауда халықаралық актілерді қолданудың және ағылшын тіліндегі оқу топтарын
ашудың маңыздылығы. Осы айтылғандармен қатар, халықаралық құқық мамандығы бойынша
студенттерге ағылшын тілі сияқты халықаралық тілдерді оқытуға басымдық берілген. Ескерте кете
тұруға да болады, ағылшын сияқты шет тілдерінде, халықаралық талаптарға сай процессуалдық
құжаттар дайындай білуге қазіргі кезде мұқтаждық туындауда. Жуық арада бұрынғы ҚР Бас прокуроры
Жақып Асанов Қазақстан Республикасының шет елдерде қашып жүрген бұрынғы шенеуніктерін
Қазақстанға экстрадициялау мәселесі бойынша сөз қозғап, Қазақстан заңгерлерінің процессуалдық
құжаттарды рәсімдеуімен шет елдердің осындай қызметтерінің араларында айырмашылық
кездесетіндігін және олардың көбінесе біздің елдің жәберген құжаттарының мазмұнын түсіне
алмайтындығын айтты. Сондықтан бірнеше ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлерін шет елдерге
арнайы оқыту үшін жіберілетіндігін келтірді. Бұл меніңше орын алуы әбден мүмкін түсінікті жағдай.
Себебі халықаралық қатынастарда қылмыскерлерді мемлекеттердің бір-біріне беруі, соның ішінде
азаматы болып табылатын мемлекетке тапсыруы 1957 жылы 13 желтоқсандағы «Қылмыскерді беру
197
туралы» Еуропа Конвенциясымен, 1961 жылы 18 сәуірдегі «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена
конвенциясымен шешіле қоймайды. Бұл құжаттар қылмыскерлерді беру мәселесі бойынша аумақтық
немесе екі жақты келісімдерді қабылдауға бағытталған құжаттардың негізін білдіруші рол атқарады.
Сонымен қатар бұл мәселеде 1969 жылғы «Халықаралық шарттар құқығы туралы» Вена
Конвенциясының ролі де бар [3]. Бұл құжаттың мақсаты мемлекеттердің қылмыскерлерді беру және
құқықтық көмек көрсету туралы өзара шарттар қабылдауына құқықтық негіз беру болып табылады.
Анығырақ айтқанда, мемлекеттер қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмектер көрсетуі үшін
екі жақты шарттар қабылдауы тиіс және ондай шарттарды Қазақстан осы уақытқа дейін біршама
мемлекеттермен жасасқан. Қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақстатық мәселелері ҚР
Қылмыстық процессуалдық кодексінің 12 бөлімінің 58-62 тарауларында қарастырылған [4]. Мұндай
құжаттар аталған мәселені іске асырудың құқықтық базасы болып саналады. Мұндай жұмыстарды
нақты қылмыстық істер бойынша іске асыруда көптеген процессуалдық мәселелер туындайды және
олар мемлекеттердің өз заңдарының ерекшеліктеріне және жоғарыда аталған құжаттарға негізделе
отырып жүргізіледі.
Мұндай маңызды мәселені шешу үшін халықаралық құқық мамандығы бойынша дайындалған
заңгерлерді пайдалану қажет деген ойдамыз, себебі біріншіден, олар ҚР қылмыстық құқығының
Жалпы және Ерекше бөлімдерін толық оқыған мамандар, екіншіден, англо-американдық құқықтық
жүйеге жататын АҚШ, Ұлыбританияның, роман-германдық құқықтық жүйедегі Франция, Германия
елдерінің қылмыстық, қылмыстық процессуалдық құқықтарынан хабардар заңгерлер, үшіншіден
қылмыстық юстиция бойынша қабылданған халықаралық құқықтық стандарттарды оқыған және ҚР
және шет елдердің қылмыстық процессуалдық құқығы және халықаралық қылмыстық құқық пәндерін
қарастыра отырып қылмыскерлерді экстрадициялау мәселесі бойынша халықаралық құжаттармен
танысқан мамандар болып табылады. Мұндай деңгейде дайындалған халықаралық құқық мамандығы
бойынша бакалаврлар мен магистрлар қылмыскерлерді тиісті елге беру (экстрадициялау) бойынша
қажетті процессуалдық құжаттарды дайындау мәселесі тапсырылса, онда осы сала бойынша дұрыс
рәсімделген шет елдік құжаттардың бірнешеуімен үлгі ретінде танысуы жеткілікті деген ойдамыз.
Мұнымен қатар халықаралық құқық мамандығы бойынша дайындалған заңгерлер халықаралық
деңгейде қолданылатын шет тілдердің ішінен, алыс жатқан мемлекеттермен арада жиі қолданылатын
ағылшын тілінен аса қиындық көрмейді.
Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факльтетінде халықаралық
құқық мамандығы бойынша студенттердің арасында ағылшын тілі бойынша жеке топ ашылған. Басқа
мамандықтар туралы айту қиын, ал заңгер мамандығында мұның пайдасы ғана емес, өзіндік қажеттілігі
де бар. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 30 бабының 1 бөлімінде «Қазақстан
Республикасында қылмыстық сот iсi қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар
ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады». Осы баптың 2 бөлімде
«Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған
кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады» деп белгіленген [4]. Орыс немесе
өзге тілдерде сот-тергеу органдарында іс жүргізуді белгілеу үшін сол іске қатысушылардың негізгі
бөлігінің білетін тілі ескеріледі. Егер жәбірленуші де, айыпталушыда, кейде куәлар да қазақ және
орыс тілдеріне қарағанда ағылшын тіліне жетік болатын болса, онда осы ағылшын тілінде іс
жүргізілуі керек болады.
Қазақстан қазір кәсіпкерлік, білім беру және туризм үшін ашық мемлекеттердің қатарына жатады.
Демек, елге шет елдіктердің келу мүмкіндігі жоғары және олардың араларында да қылмысты
әрекеттер орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда ағылшын тобында оқыған процессуалдық
құжаттарды дайындай білетін тергеушіні, судьяны табу қажет болады. Дәл қазіргі кезде Қазақстанда
мұндай мүмкіндік бар деп айтуға келмейді. Тек аудармашының көмегін пайдалануға тура келеді.
Сондықтан заңгерлерді дайындайтын оқу орындарында ағылшын тілі бойынша топ ашуды
қажеттілігі бар қызмет ретінде бағалауға болады.
Халықаралық құқық мамандығы бойынша дайындалған заңгерлердің ҚР құқық қорғау
органдарына қызметке орналасу мәселесі. Соңғы бір айта кететін мәселе, ол халықаралық құқық
мамандығы бойына дайындалған заңгерлерді отандық қылмыстық процесте қазақ және орыс
тілдеріндегі қылмыстық істерді жүргізуде пайдалану мәселесі. Ресми мәліметтер қолда жоқ, бірақ
Қазақстанның тергеу органдарында халықаралық құқық мамандығы бойынша дипломмен келген
бітірушілерді «бізге халықаралық құқық емес, құқықтану мамандығы бойынша оқу бітіргендер
керек» деген сылтаумен жұмысқа алмайтын оқиғалар кездеседі. Егер тергеу органдарына
халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірушілер жұмысқа орналаса алмайтын болса, онда
оларға не үшін қылмыстық құқық, қылмыстық процессуалдық құқық пәндерін оқытудамыз? Рас,
198
халықаралық құқық мамандығы бойынша студенттерге біз криминалистикалық техникаларды,
тергеу әрекеттерінің тактикаларын, әр түрлі қылмыстарды тергеу методикаларын үйрететін
криминалистика пәнін оқытпаймыз. Бірақ мұның өз себептері де бар. Біріншіден, халықаралық құқық
мамандығы атауына криминалистика үйлеспейді, яғни заңгер таза халықаралық құқық бойынша
оқыған және солай жұмыс істейтін болса, онда криминалистиканың оған керегі жоқ. Екіншіден,
криминалистика құқық саласына жатпайды, онда құқықтық догма (құқықпен бекітілген ережелер)
жоқ. Тек ұсыныс ретіндегі тактикалар мен әдістерді үйретумен айналысатын пән болып табылады.
Жоғарыда айтылған, тергеу органдары басшыларының халықаралық құқық мамандығы бойынша
дайындалған заңгерлерді тергеу қызметіне алмау фактісі байқалғанда, Жоғарғы оқу орнының
басшылары тергеумен айналысатын ҚР Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық ауіпсіздік комитетіне,
сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне бұл бітірушілердің алған салалық білімдері, құзіреттілігі
бойынша жарамдылығын айтып, хабарлама жолдауы керек деген шешімдемін. Әрине, мұндай
фактілер байқалған жағдайда Жоғарғы оқу органдары өз түлектерінің тағдырына селқостық
танытпай, жұмысқа алмау себептерін олардың құзіреттілігі тұрғысынан тексеріп, тиісті шешімін
жасауы керек.
Қорыта айтқанда, өмір сүруі жиырма бес жылға толған Қазақстан Республикасының қылмыстық
істер бойынша процессуалдық қызметтерді сапалы және сауатты жүргізуіне мүмкіндігі бар. Мұндай
мүмкіндік Қазақстанның кеңес одағы құрамында болған кезінде жеке тәуелсіз ел болып
саналмағындығынан, соған байланысты халықаралық қатынастар және халықаралық құқық бойынша
мамандар дайындауға құқығы болмауына байланысты болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |