Мамытканов Д.Қ. КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК - ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ Аңдатпа.Бұл мақалада әлеуметтік жұмыс кәсіби маманның біліктілігіне және адамгершіліктік- этикалық мінез-құлқына қойылатын талаптар жүйесін және әлеуметтік жұмысты кәсіби іс- әрекеттің түрі ретінде, әлеуметтік қызметкерді әлеуметтік қатынастардың басты субъектісі ретінде айқындайтын ерекешеліктерді қарастырады. Қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік саланың өкілі ретінде әлеуметтік қызметкердің тұлғалық және кәсіби сапалық құрылымындағы құндылықтық бағыт-бағдарына талдау жасалынған