Кілт сөздер: ақпараттық компетенция, пәндік құзіреттілік, галургиялық шикізаттар,
гравитациялық және термиялық байыту.
Кез келген жоғары оқу орнында білім алушылар үшін әр пән бойынша ақпараттар ағынын меңгеру,
оқытудың жаңа технологияларын игеру, білімдерін әрдайым жетілдіріп отыру талап етіледі.
Ақпараттарды дұрыс пайдалана білу ақпараттық компетенция деп атадады, ал білім алушылардың
барлық басқа компетенциясын қалыптастыру осы ақпараттық компетенциядан басталады.
Педагогтардың көбісі ақпараттық компетенцияны нақты нысандар (компьютер, телефон, телевизор
және басқалары) және ақпараттық технологиялар көмегімен (аудио- видеожазба, электронды пошта,
БАҚ, интернет, электрондық оқулықтар және оқу құралдары) қалыптасады деп есептейді. Ақпараттық
компетенция құрылымына студенттердің оқу пәндері мен қоршаған әдемде болып жатқан ақпаратқа
қатысты біліктілігі мен дағдысы, өз бетімен қажетті ақпаратты іздеуі, оны талдау, өзгерту, сақтау кіреді.
Осы мәселелерге қатысты біздің мақсатымыз химия және химиялық технология факультетінің
"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығының 4 курс студенттеріне оқытылатын
"Бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісінде галургиялық шикізаттарды пайдалану" курсын
оқытуда студенттердің ақпараттық компетенциясын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Жалпы алғанда курстың мақсаты, ғылыми ілімдерге сүйене отырып, бейорганикалық шикізаттардың
табиғатын танып, олардың физикалық және химиялық қасиеттерінен туындайтын әлеуметтік және
қазіргі қазақстандық өндірістің, өнеркәсіптің, экономикалық өркендеуінің бағытын қамтитын
мәселелерді түсіну, олардың даму бағыттарын көрсете отырып болашақ мамандарға қажетті кәсіби
құзіреттіліктерді игерту.
Пәндік құзіреттіліктерге жататын мәселелерді шешу үшін галургиялық әдіс-тәсілдерді қолдана
алауға, алынған нәтижелерді талдап түсіндіре білуді үйрету. Білім алушылар галургия пәнінен алған
білімдерін сабақта құзіреттілікті тапсырмаларды орындауға жұмылдырады, түйінді құзіреттіліктерге
жататын ақпараттық, мәселені шешу, коммуникативтік құзіреттіліктерге жететіндей еңбектенуді
меңгереді. Пән бойынша алған білімдер жүйесін тұрмыста және өмірде кездесетін мәселелерді шешуге
қолдана алады. Осы пәнді оқу барысында студенттері галургиялық шикізаттарды қоспалардан тазарта
білу (галит пен тенардит мысалында), галургиялық шикізаттардан бейорганикалық заттарды бөліп алу,
синтездеу үшін тиімді жағдайды таңдай білу, табиғи шикізаттарға сипаттама беру, оның ішінде химия
өндірісінің қалдықтарына сипаттама беру, оны өңдеуге дайындаудың қажетті оңтайлы әдістерін
қолдануы тиіс. Ол үшін галургия саласы нені зерттейді, онда қолданылатын шикізаттардың маңызы
қандай, бейорганикалық заттар мен материалдар алуда қандай галургиялық шикізаттар қолданылады
деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап беру үшін ақпараттық компетенцияны қалыптастыру
қажет. Галургиялық шикізаттардың ішінде көп қолданылатыны калий және натрий тұздары. Мысалы,
калий тұздарын гравитациялық және термиялық байыту тақырыбын қарастыратын болсақ, онда
көптеген ақпараттар жинақтау керек. Атап айтқанда, гравитациялық байыту әдісінің мәні минералдарды
тығыздығы бойынша бөлу, біршама жеңіл минералдар (сильвин, d = 1,97 - 2,00) бетіне қалқып шығады,
294
ал ауыр минералдар (галит, d = 2,12 – 2,17, саз d = 2,65 – 2,88) аралық тығыздықта шөгеді. Гравитациялық
байыту арнайы сепаратор көмегімен немесе гидроциклондар қолдану арқылы жүзеге асады. Ауыр
суспензияларды байыту 4 сатыдан тұрады:
1.
Кенді сепараторда немесе гидроциклонда бөлу;
2.
Айналымға түсетін суспензияны байыту өнімдерінен бөлу және оны өндірістік тізбекке
қайтару;
3.
Байыту өнімдерін сумен шаю;
4.
Сұйытылған суспензияның регенерациялануы және оның қоюлануы.
Ірі минералдарды конструкциясы әртүрлі сепараторларда бөледі.
Кесте 1 – 400°С-де термиялық ұсақтау өнімдерінің гранулометриялық және химиялық құрамы
Фракци
я өлшемі,
мм
Сильвинит
Сильвинит
Фракция
шығымы
Фракция
құрамында-ғы
КСІ мөлшері
КСІ
байыту
дәрежесі
Фракц
ия
шығымы
Фракция
құрамында-ғы
КСІ мөлшері
КСІ
байыту
дәрежесі
Бастапқ
ы кен
-80/+10
-20/+10
-10/+15
-5/+3
-3/+1
-1/+0,5
-0,5
100,0
49,1
-
4,6
16,8
24,8
3,2
1,5
28,77
58,8
-
10,0
2,0
1,72
3,82
3,83
100,0
95,2
-
1,6
1,2
1,4
0,4
0,2
100,0
-
39,04
13,35
16,09
21,87
-
9,65
25,87
-
50,00
19,30
9,65
6,70
-
7,92
100,0
-
75,46
9,95
6,02
5,66
-
2,91
Кесте 2 – 500°С-ге дейін қыздырғандағы кендердің газ құрамы
Кен
түрлері
Газ құрамы және көлемі,
НСІ
H
2
S
CO
2
Қаны
қпаған
көмірсут
ектер
O
2
CO +
H
2
СН
4
+
қаныққан
көмірсутек
тер
N
2
+
инертті
газдар
Галит
5,5-
16,8
5,2-
19,50
12,3-
0,9
0,2-
0,9
2,0-
6,0
24,0-
56,9
1,2-6,8
1,6-
13,8
Сильви
нит
7,2-
17,4
16,0-
20,2
15,0-
20,2
0,2-
0,7
0,3-
3,7
30,0-
72,0
1,0-4,4
1,9-
13,4
Міне, осы ақпараттарды меңгеру үшін студенттерге көптеген мәліметтер қажет. Студенттердің
ақпараттық компетенцияларын қалыптастыру үшін біздер мынадай негізгі қағидаларға сүйенеміз.
Ақпараттар өзекті, түсінікті, толық және пайдалы болуы керек. Мысалы, гравитациялық байыту
әдісін қарастырғанда график, сұлба, кесте түрінде мәтіндік, сандық мәліметтер негізінде беріледі.
Жалпы алғанда, ақпараттық компетенцияны қалыптастыру келесі қағидаларды орындағанда жүзеге
асады:
- ақпаратпен жұмыс істеудің құқықтық нормаларын білу;
- ақпаратпен жұмыс істеу ұстанымдарына сүйену;
- Ғаламтор және басқа ақпарат көздерімен жүмыс жасау дағдыларын меңгеру;
- зерттелетін нысан туралы ақпарат көздерінің тізімін сауатты ұйымдастыру;
- электрондық нұсқада берілген ақпаратпен (ақпараттық технологиялар); жұмыс жасай білу;
- компьютерді коммуникация құралы (WWW, іздеу жүйесі, форум және т.б. ) ретінде пайдалану;
- ақпарат тасымалдаушыларымен (CD-диск, CD-RW - диск, DVD-R -диск, Hard - диск, flash-есте
сақтау) жұмыс істей білу.
Бірнеше жылдар бойы галургия пәнін оқытуда біздер әртүрлі әдістер мен технологиялар – дәріс,
әңгімелесу, сұхбат, пікірталас, оқулық немесе оқу құралының мәтінімен жұмыс істеу, есептерді бірнеше
тәсілмен шығару, практикалық және зертханалық әдістер, ізденіс әдістері, жобалау, зерттеу жұмыстары,
іскерлік ойындар, тренинг қолдандық. Студенттердің ақпараттық компетенциясын қалыптастыруда
295
олардың тиімділігін талдау, өндірістік мазмұндағы есептерді шешу және зерттеу әдістері жоғары нәтиже
көрсетті.
Осындай нәтижеге "Бейорганикалық химияның теориялық негіздері" және "Элементтер химиясы"
пәндерін оқытуда да қол жеткізуге болатындығы дәлелденді. Осы әдістерді қолдану студенттерді тек
білім беріп қана қоймай, оларды өз алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өз қызметтерін жоспарлауға
тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |