Рысқалиева Р.Г., Романова С.М. "БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРІСІНДЕ ГАЛУРГИЯЛЫҚ ШИКІЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ" КУРСЫН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ КОМПЕТЕНЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Аннотация. Мақалада "Бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісінде галургиялық шикізаттарды пайдалану" курсын оқытуда студенттердің ақпараттық компетенциясын қалыптастыруға жағдай жасау және ақпараттарды пайдалану арқылы өз білімдері мен дағдыларын арттыру мәселелері қарастырылған. Осы пән бойынша калий тұздарын гравитациялық және термиялық байыту тақырыбын түсіндіруде ақпараттық компетенцияның мүмкіндіктері талданады.