48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет49/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: бәсекелестік, ранжирлеу, еңбек нарығы, білім беру деңгейлері, критерилер.
Білім беру саласының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін бағалау әдістері бәсекеге қабілеттілік 
көрсеткіштерінің бірліктерін интегралдауға негізделген. Жоғары оқу орнының қазіргі уақыттағы 
қызметінің басты міндеті түлектерге қойылатын нарық талаптарының ұдайы артуын қамтамасыз ету, 
оның ішінде алған мамандықтары бойынша болашақта жұмыспен қамту, әрі мансабы бойынша 
жоғарылауын көздеу болып табылады. Білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін 
авторлар кешенді тәсілдер мен көрсеткіштерді қолдануды ұсынады.
Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың тиімді дамуы базалық 
академиялық білімі ғана емес, сондай-ақ, заманауи шарттармен ұштасатын практикалық тәжірибені 
меңгерген жоғары білікті кадрларсыз жүзеге аспайды. Білім дегеніміз кәсіби қызметінде тиімді 
қолдану мақсатында адамның жүйелі білім алуын және қабілеттерді меңгеру процесін қамтамасыз 
ететін мемлекеттің әлеуметтік саласының маңызды жүйелерінің бірі болып саналады.
Қазақстандық қоғам ел экономикасының жақсаруы ғылым және білім саласымен тығыз байланысты 
инновациялық технологиялар мен ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуында сапалы алға 
жылжулардың болатындығын көздейді. Отандық ғылым мен білімнің рөлі әрі қарай күшейіп, еліміздің 
ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне жетуіндегі түйінді көрсеткіш болмақ [1].
Қазіргі жағдайда білім жүйесіне жаңа сапа, қоғамдық бедел берілуі және басты мақсаты жетекші 
жоғары білікті мамандарды даярлау, ыңғайлылық пен бейімдеушілік болатын ерекше сала ретінде 
танылуы тиіс.
Қазіргі таңда білімді тек әлеуметтік мұқтаждық деп қана емес, экономикалық салым деп түсіну 
керек. Ерте жастан бастап білім әлеуметтік, эмоционалды және өзге өмірлік қажетті қабілеттерді 
қалыптастыруда маңызды орын алады. Білім беру қызметінің барша спектрін дамытудың бірден бір 
дәлелді дәйектері осылар. 2011-2020 жж. жоспарланған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы 
білім саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының ұйымдасқан негізі болып 
табылады.
Білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұлттық білім беру жүйесін табысты 
реформалаудың басты шарттарының бірі болып табылады. Заманауи оқу орны нарық субъекті деп 
танылса, сәйкесінше, қызметтер нарығында нарықтық қатынастардың барлық заңдары орындалады 
және бәсекелік күрестің түрлі әдістері қолданылады. Осы тұста тиімді бәсекелестік стратегияны жасау 
компанияның нарықтың көшбасшысы болуы үшін күресіндегі табысының іргесі болмақ.
Қазақстан жаңа кезеңге шығып, республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың 
мүмкіндіктеріне қарай білім мен ғылымға бөлінетін бюджеттік қаржының артуымен қоса ілесіп келеді. 
Осы тұста мемлекеттік сектормен тең шарттарда білімнің мемлекеттік емес секторы да жұмыс 
жасайды, бұл кез келген нарық сияқты бәсекелестік заңының баптары бойынша дамитын білім беру 
нарығын қалыптастыруды дәлелдейді [2].
Білім нарығының қазақстандық моделінің қалыптасуын ерекшелейтін тұсы – жоғары білім беру 
секторларының мемлекеттік және мемлекеттік емес үлестерінің соңғысына қарай көбірек ойысуы.
ҚР білім нарығын бес негізгі білім деңгейлерінен құралатын оқу орындарының жиынтығы ретінде 
қарастыруға болады:
1.
Мектепке дейінгі білім беру (бала-бақшалар, даярлау орталықтары, мектеп жанындағы 
даярлық топтары); 
2.
Орта жалпы білім беру (мектептер, гимназиялар, лицейлер); 
3.
Орта – арнайы білім беру (колледждер, кәсіби-техникалық мектептер); 


53
4.
Жоғары білім беру (университеттер, институттар, академиялар); 
5.
ЖОО кейінгі кәсіби білім беру.
Білім алушылардың көп бөлігін жалпы білім беретін мектептердің оқушылары құрайды, бұл 
тұрғындарды жалпылама біліммен қамту тұжырымдамасына сәйкес келеді. Жоғары оқу орындарының 
студенттерінің саны орта арнайы білім беру мекемелерінің білімгерлерінен артып кетеді, бұл жоғары 
білімнің мәртебесі мен абыройының сақталатындығының, сонымен қатар тұрғындардың оның 
заманауи қоғамдағы рөлі туралы ұғынуының белгісі. Өкінішке орай, тұрғындарды біліммен қамту 
құрылымының айтарлықтай емес бөлігін мектепке дейінгі білім беру иеленеді.
Бұл орта мерзімді ұзақтықта балалардың мектепке дайындық көрсеткіштерінің нашарлауын 
білдіреді, сонымен қатар олардың бойында коммуникативтік тұлғалық қабілеттердің баяулауы 
салдарынан орта білім берудің де тиімділігі төмендейді. Бұл жоғары білім беру сапасына да әсер етпей 
қомайды.
Білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігі – білім беру қызметінің берілген қызмет түрі 
нарығының талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі мен оны жүзеге асыруды сипаттайтын 
интегралдық көрсеткіш. Бәсекеге қабілеттілікке білім беру сапасы, құны, меншікті құны, қол 
жетімділігі, ұшқырлығы, ЖОО имиджі мен өзге факторлар әсер етеді.
Ұлттық және әлемдік экономикада болып жатқан процестер ЖОО бәсекеге қабілеттілігін қамтуда 
білім беру сапасының басымдылық танытуына түрткі болады. 
Бәсекеге қабілетті маманды әзірлеудің критерилеріне мынадай көрсеткіштер жатады:
1.
ЖОО түлегінің динамикалық шапшаң өзгеріп жатқан сыртқы ортаның жағдайларына 
жылдам бейімделе алуы;
2.
Түлек жаңа мамандықты игеруге айтарлықтай күш пен уақыт жұмсамай, жұмыс істей 
алатын аралық салалардың саны;
3.
Дұрыс басқарушы шешімдер қабылдай алу қабілеті;
4.
Жүйелі басқарушының қабілеттерін меңгеру.
Маманның кәсіби құзыреттілігін тұлға ретінде бағалау маманның психологиялық әзірлігі мен 
құндылықтары сияқты элементтерден тұрады. Заманауи маманның құндылықты бағытталған 
құраушысы оның қызметін бағалауда және шешім қабылдағандағы тұлғалық мәні бар критерилердің 
жиынтығын білдіреді. Мамандарды даярлауда диагностикалық әдістерді қолдану қоғамның, білім 
нарығы мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін тұлғалық-кәсіби сипаттамалардың 
параметрлері мен критерилерін анықтауға жағдай жасайды.
Білім беру деңгейлерін анықтайтын критерилерді жіктеп алайық:

Оқытушылық-профессорлық құрамның (ОПҚ) біліктілігі. Оқытушы білім сапасын қамтамасыз 
етуші білім беру жүйесінің өзекті субъекті болып саналады. Оқытушылық-профессорлық және ғылыми 
қызметкерлердің тиісті сапасын қамту талабы жұмысқа деген мотивацияны күшейтеді, яғни бұл өз 
кезегінде ЖОО қызметкерлеріне өнеркәсіптегі ұқсас көрсеткіштермен пара-пар сәйкес әлеуметтік 
бедел мен еңбекақы деңгейін ұсыну қажеттілігін білдіреді. ОПҚ жоғары педагогикалық шеберлігі 
жоғарғы мектеп дидактикасы, педагогикалық психология сабақтарымен, ұйымдастырушылық 
қабілеттермен, пәндердің ғылыми мазмұнын студенттер аудиториясына заманауи трансляциялау 
технологияларын меңгерумен қамтылады.

Материалдық-техникалық база. Білім беру үшін жасалынатын көрсеткіштердің жиынтығымен 
сипатталады: аудан көлемі мен олардың меншік нұсқасындағы құрылымы, мүлік пен аудиториялардың 
инженерлік жабдықталуы, деканаттар мен кафедралар, кітапхана, студенттер мен оқытушыларды 
ақпараттық қамту. Ақпараттандыру және техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) деңгейіне үлкен мән 
беріледі. ТОҚ оқу процесінде қолдану материалды тез қабылдауға жағдай жасайды, әрі студенттердің 
танымдық белсенділігін арттыруда күшті мотивация болып саналады.

Интеллектуалды әлеует маңызды орын алатын болды: батыстық сарапшылардың бағамына 
сәйкес ұлттық байлықтың 60%-ын қоғамның интеллектуалды әлеуеті құрайды екен. Білім беру 
мекемесіне қатысты бұл - ҒЗЖ көлемі мен бағыты, ірі ғылыми мектептердің саны, ҒЗЖ өндіріске 
бейімдеу, түрлі қаржы көздері бойынша ҒЗЖ қаржыландыру көлемі. Интеллектуалды әлеует ЖОО-да 
әзірленген және жарияланған оқулықтар мен оқу құралдарының, диссертацияларды қорғау 
кеңестерінің, магистранттар мен докторанттардың санымен және т.б. анықталады.

Оқу-әдістемелік қамтылу, оқыту әдістері мен технологиялары. Дәстүрлі және инновациялық 
білім беру технологиялары, қолмен немесе компьютермен, дәстүрлі немесе мәселелік оқыту әдістері. 
Сапа базалық мамандықтар мен пәндердің әдістемелік қамтылу деңгейін сипаттайтын оқу-әдістемелік 
кешен арқылы жүзеге асырылады. ОӘК ЖОО стандартына жұмысшы бағдарлама, базалық оқулықтар, 
оқытушылар мен студенттер үшін пәндерді оқыту бойынша ұсыныстар, слайдтар, бақылау 


54
тапсырмалары, білімді бақылау түрлері мен нұсқалары, глоссарий, курстық және дипломдық жұмыс 
бойынша ұсыныстар кіреді. Барлық материалдар даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 
жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
Лицензиялау, аттестация және аккредитация сияқты процедуралар арқылы білім сапасын мемлекеттік 
бақылау жүйесі көзделген.

Білім беру процесінің ахуалы жайлы тілге тиек болатын субъект ол студенттер. ЖОО бәсекеге 
қабілеттілігін бағалау үшін ЖОО дейінгі дайындық және прфильдік таңдау сапасы, мамандық 
бойынша студенттерді қабылдау көрсеткіштері, жынысы мен жасына байланысты, студенттердің 
сабаққа қатысу деңгейі, ағымдағы үлгерімі, студенттерді аттестациялау нәтижелері сияқты 
көрсеткіштер қолданылады. Соңғы жылдары студенттердің мәдени деңгейіне, тәрбиесі мен денсаулық 
жағдайына талаптар жоғарылай түсуде.

ЖОО түлектері оқу мекемесінің экономика мен қызмет саласының түрлі аумағымен 
байланысын бағалауда басты фактор болады. Педагогика және статистикада түлектердің сандық 
көрсеткіші, олардың магистратурада және қысқа мерзімді бағдарламаларда оқу мүмкіндіктері, 
түлектердің жұмыспен қамтылу пайызы сияқты көрсеткіштер қолданылады. Түлектердің қызметтік 
мансабына, олардың кәсіби білімі мен қабілеттерін жұмыс берушінің нақты бағалауына айтарлықтай 
көңіл бөлінеді. Осыған байланысты түлектер ассоциациясы, демеушілік көмек, студенттердің 
тағылымдамасы, ғылыми зерттеулерге тапсырыстар және т.б. арқылы «ЖОО – кәсіпорын» кері 
байланысын үнемі үзбеу керек.
Қазақстан дамыған елдердің Халықаралық тәжірибесімен ұлттық білім беру жүйесін селбестіруден 
енді ғана қадам жасап келеді, сондықтан ЖОО бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін жасағанда 
осы саладағы шетелдік практиканы талдау маңызды.
Ұлыбритания университеттерінің рейтингі келесі көрсеткіштерге негізделеді [3]:

Студенттер санының университет қызметкерлеріне қатынасы;

Жүргізілетін ғылыми зерттеулердің көлемі;

Ғылым докторларының саны;

Кіапхана шығындары;

Жатақханамен қамту;

Бітірушілердің оқуға түсушілерге қатысты үлесі;

Бірінші курстардың саны;

Түлектердің жұмыспен қамтылуы;

Шетелдік студенттердің саны;

Оқытушыларды бағалау.
Әрбір көрсеткіш максимал ең жоғары мүмкін болатын бағаны берген кезде баллмен бағаланады. 
Рейтингтік көрсеткіш дербес көрсеткіштердің арифметикалық суммасын құрайды.
Неміс университеттерінің рейтингтік бағамы бірнеше көрсеткіштерге негізделеді:

Практикаға жақындығы;

Оқу деңгейі (сапасы);

Байланыс;

Теориялық деңгей;

Іскерлік және зерттеулер;

Зерттеулік жетістіктер;

Студенттердің қызметі;

Әкімшіліктік басқару деңгейі.
Әрбір көрсеткіш бойынша университеттер кезекке тұрып, рейтингтік баға жеке көрсеткішке 
қатысты реттік нөмірлердің суммасы ретінде анықталады.
Қазақстанда білім беру сапасын бағалау білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялау 
әдістемесі мен мамандықтар бойынша ЖОО ранжирлеу әдістемесі негізінде жүргізіледі. Бағалаудың 
мақсатына бәсекелік ортаны қалыптастыру, білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік гранттарды 
саналы түрде бөлу жатады. Ранжирлеу әдістемесінде өзін-өзі бағалау әдісі қолданылады, оның 
объективтілігінің жауапкершілігі ЖОО жетекшілеріне тиесілі, әрі қарай тек бір ғана ЖОО емес, ЖОО 
тобының рейтингі анықталып, олардың ішінде балдың ауытқуы жалпы балл суммасынан 5-7% 
аспайды.
Білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін мөлшерлік және сапалық бағалау 
әдістері қатар қолданылады. Мөлшерлік бағалау үшін қызметтердің сипаттамасынан, балдық бағалау 


55
коэффициентінен, қызметтер үлесінен және т.б. тұратын қандай да бір қызметті мөлшерлік тұрғыдан 
сипаттайтын жалпылама көрсеткішті қолдану ұсынылады [4].
Сапалық бағалауда әр текті қызметтерді салыстырудың балдық жүйесі қолданылады. Маркетингтік 
зерттеулер саласында сарапшылық әдіс кең тараған.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аса дәл әдісі ретінде бірнеше кезеңнен тұратын инженерлік 
болжау әдісін атап айтуға болады:

Тұтынушылардың нақты қызметке талаптары қалыптастырылып, бағалануы тиіс көрсеткіштер 
тағайындалады;

Маңыздылық дәрежесі бойынша тұтынушылар тарапынан көрсеткіштер ранжирленеді;

Әрбір бәсекеге түсуші көрсететін қызмет немесе қызмет тобы бойынша таңдап алынған 
көрсеткіштер бағаланады, бағамдық көрсеткіштер натурал бірліктермен не үлестермен, не 
индекстермен немесе меншікті бірліктермен өрнектеледі;

Салыстыру үшін эталон таңдап алынады;

Әрбір бәсекелестік көрсеткіштері эталондық үлгінің көрсеткіштерімен салыстырылып, 
нәтижесінде әрбір көрсеткіштің ұқсас көрсеткіштен қалай ерекшеленетіндігі анықталады. Әрі қарай 
бірден кіші немесе үлкен болатын және өлшемсіз көрсеткіштер индекстері есептелінеді.
Аналитикалық тұрғыдан аталған көрсеткіштерді мына формуламен есептеуге болады:
/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет