48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет52/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
 
 
 


56
Асқарова Ә.С., Бөлегенова С.Ә., Бөлегенова С.Ә., Шортанбаева Ж.Қ., Оспанова Ш.С., 
Чигамбаева Н.Н. 
БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ
ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫ 
 
Аңдатпа. Берілген мақалада қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың тиімділіктері, 
артықшылықтары мен түрлері, оларды оқу үдерісінде қолданудың шарттары туралы айтылған. 
Қазіргі уақыттағы отандық және әлемдік практикада қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 
бірнеше нұсқалары туралы тереңінен жазылған.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, чат, веб, ғаламтор, телеконференция. 
Қашықтықтан оқыту – оқу процесіне тән барлық құраушылардан (мақсаты, мазмұны, әдістері, 
ұйымдастыру нұсқасы, оқу құралдары) тұратын және ғаламтор технологияларының ерекше 
құралдарымен немесе интерактивтілікті білдіретін өзге құралдардың көмегімен мұғалім мен білім 
алушының қашықтан өзара әрекеттесуі.
Қашықтықтан оқыту
 
– бұл оқытудың жеке өзіндік түрі, қашықтықтан оқытуда ақпараттық 
технологиялар жетекші құралдар болып табылады.
Қашықтықтан оқыту түрі электронды оқыту технологияларын қолдана отырып, негізгі қызметінен 
алыстамай білім алуды қамтамасыз етеді; жеке режимде оқуға уақыт пен орынға тәуелсіз үздіксіз білім 
алуға жағдай жасайды.
Аталған технологияның ерекшелігіне университеттің оқу білім беру порталымен «Univer.kz» 
студенттердің білімді меңгеру және бақылау процесін жүзеге асыруды жатқызуға болады. Білім беру 
порталын басшылыққа ала отырып, оқу процесін жүргізу интерактивті сабақтарды өтуге, интернет-
конференцияларға, форумдарға қатысуға жағдай жасайды.
Қашықтықтан оқыту – білім алушыларға оқылуы тиіс материалдың негізгі көлемін жеткізуді, 
оқушы мен мұғалімнің өзара интерактивті байланысын, білім алушымен материалды өз бетінше 
меңгеруге мүмкіндікті қамтамасыз ететін технологиялардың жиынтығы.
Заманауи қашықтықтан оқыту келесі негізгі элементтерді қолдануға негізделеді: қашықтықтан 
оқыту курстары; веб-беттер мен сайттар; электронды пошта (оның ішінде хабарламалар); форумдар 
мен блогтар; чат және ICQ; теле және бейнеконференциялар; виртуалды кластар; вики т.б.
Қашықтықтан оқыту оқытудың ерекше түріне жатады (күндізгі, сырттай, кешкі, экстернатпен қоса).
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:
Оқытуға кететін шығынды азайту (бөлме жалдауға, оқу орнына жетуге, т.б. ақша жұмсалмайды);
Адамдардың көп санын оқытуға болады;
Заманауи құралдарды, көлемді электронды кітапханалар мен т.б. құралдарды қолдану арқылы оқу 
сапасын жоғарылату;
Бірыңғай білім беру ортасын қалыптастыру (әсіресе, корпоративті оқыту үшін).
Компьютерлік телекоммуникациялардың көмегімен жүзеге асырылатын қашықтықтан оқытудың 
мынадай түрлері болады.
Чат-сабақтар
– чат-технологияларды қолдана отырып өтетін сабақтар. Чат-сабақтар синхронды 
түрде өтеді, яғни барлық қатысушылар бірмезгілде чатқа кіре алады. Көпшілік қашықтықтан оқыту 
орындарында чат-мектептер жұмыс жасайды, онда чат-кабинеттердің көмегімен қашықтықтан 
оқытатын педагогтар мен оқушылардың қызметі ұйымдастырылады.
Веб-сабақтар
– қашықтықтан оқыту сабақтары, конференциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, 
зертханалық жұмыстар, практикумдар мен телекоммуникация құралдарының көмегімен өтетін 
сабақтардың өзге түрлері.
Веб-сабақтар үшін арнайы білімдендірілген веб-форумдар – нақты тақырыпқа немесе мәселеге 
қатысты сәйкес бағдарламаның көмегімен сайтта жазба қалдыру арқылы жүретін тұтынушылардың 
қызметі ұйымдастырылады.
Чат-сабақтардан веб-форумдар ұзақ мерзімді жұмыс істей алуымен және оқушылар мен 
педагогтардың өзара асинхронды жұмысымен ерекшеленеді.
Телеконференциялар
– электронды пошта арқылы хабарлама тарату арқылы өтеді. Оқу 
телеконференцияларына білім беруге қатысты міндеттердің орындалуы тән. Сонымен қатар оқу 
материалдары поштамен аймақтарға жөнелтілетін қашықтықтан оқыту нұсқалары да жоқ емес.
Мұндай жүйенің астарында «Табиғи оқыту процесі» (Natural Learning Manner) деп аталатын оқыту 
әдісі жатыр. Қашықтықтан оқыту – бұл демократиялық қарапайым және еркін оқыту жүйесі. Жүйе 


57
Ұлыбританияда ойлап табылған, қазір Еуропа елдерінің тұрғындарымен қосымша білім алу үшін 
қарқынды қолданылып келеді. Студент үнемі практикалық тапсырмаларды орындай отырып, орнықты 
автоматтандырылған қабілеттерге ие болады. Теориялық білім ешбір қосымша күш салмай-ақ 
меңгеріледі. Теориялық және практикалық қабілеттерді қалыптастыру материалды жүйелі оқу мен 
диктордың соңынан аудио және бейнетасымалдағыштардан тыңдау, әрі қайталау арқылы жүзеге 
асырылады [1]. 
Қашықтықтан оқытатын ЖОО өз студенттеріне бүгінгі күні қандай артықшылықтарды ұсына 
алады? Алдымен бұл кез келген жерде студенттің мекен-жайына қарамастан білім алу мүмкіндігі. 
Көпшілік екінші жоғары білім алуға ниет білдіргендер, бұл – жұмыс істейтін адамдар, ал қашықтықтан 
оқыту олар үшін ең тиімді нұсқа болмақ. Жоғары қашықтықтан білім беруді жас және көп балалы 
аналар, мүгедек кісілер, жүріп-тұруы шектеулі тұлғалар (әскери адамдар, ауысыммен жұмыс істейтін 
кісілер), сонымен қатар қашықтықтан оқыту институты туған тілінде білім алудың жалғыз нұсқасы 
болатын таяу және алыс шетелдегі біздің отандастарымыз таңдайды. Академиялық мобильділік 
бағдарламасы бойынша білім алмасуға кеткен студенттер меңгеруге тиісті пәндері сәйкес келмеген 
жағдайда қашықтықтан оқыту жүйесін таңдайды. Осы жүйе арқылы «Univer.kz» порталында 
оқытушыға қашықтықтан оқыту бөлігі ашылады, оқу аптасының барлық күндеріне силлабус бойынша 
сәйкестендіріп тапсырмаларды салу арқылы студенттердің берген жауаптарына қарай бағалай алады. 
Студенттер жауапты ворд құжат, jpg сурет форматында немесе сол бөлімге жазу арқылы бере алады. 
Бұл мүмкіндік студенттің оқытылуға тиісті кредит сандарын толықтай меңгеруге мүмкіндік беру 
болып табылады. Студент шетелдік іс-сапардан оралып, толықтай жүйеге енген кезде емтихан тапсыру 
құқығына ие болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Массалық онлайн ашық курстар жүйесі осы 
қашықтықтықтан оқыту жүйесіне негізделу арқылы жүзеге асырылады. 40-тан астам курс түрлерінен 
кез келген адам өзіне қажеттісін таңдау арқылы онлайн түрде курсты толықтай меңгеріп, соңында 
сертификат арқылы білімін куәландыра алады.
Қашықтықтан білім беру
– білім беру мекемесінен кез келган қашықтықта мамандандырылған 
ақпараттық-білім беру ортасының көмегімен мамандар мен тұрғындардың кең ауқымына ұсынылатын 
білім беру қызметтерінің кешені.
Ақпараттық-білім беру ортасы дегеніміз – мәліметтерді беру құралдарының, ақпараттық 
ресурстардың, 
өзара 
әрекеттесу 
хаттамаларының, 
аппараттық-бағдарламалық 
және 
ұйымдастырушылық-әдістемелік 
қамтылудың 
тұтынушылардың 
саналы, 
әрі 
интуитивті 
мұқтаждықтарын өтеуге бағытталған жүйелік тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығы.
Қашықтықтан оқытудың негізіне білім берудің белгілі моделі негізделген. Білімнің қайнар көзіне 
арнайы әзірленген және базалық телекоммуникациялық ортада бар желінің ақпараттық ресурстары 
жатады, мысалы: мәліметтер базалары, ақпараттық жүйелер және т.б. Телекоммуникаця сонымен қатар 
процестің қатысушыларына зерттелінетін материалдың немесе олардың жұмысына серверге 
орналастырылған оқу материалдарын жеткізуді қамтамасыз етеді, оқытушы мен студенттің оқу 
барысында интерактивті өзара әсерлесуін, студенттерге желінің ақпараттық көздерімен жеке жұмыс 
істеу, топта жұмыс істеу мүмкіндіктерін, сонымен қатар оқу барысында қол жеткізген білім мен 
қабілеттерді бағалауды ұсынады [2].
Сырттай оқытудың түрлі нұсқаларына қарағанда қашықтықтан оқыту бір жағынан оқу материалына 
кіріктірілген тиімді жедел кері байланысты, ал екінші жағынан желі арқылы оқытушымен тікелей 
жүйелі кері байланысты, оған қоса желіде серіктестермен үздіксіз тілдесуді қамтамасыз етеді.
Қашықтықтан білім берудің мақсаты – жүйелі оқытумен қоса (сертификатталған дайындық, 
біліктілікті арттыру, мамандарды қайта даярлау) ашық білім беруді (тұрғындарға жалпы білім беру 
және мәдени деңгейлерін арттыру, ғылыми білімді кең тарату) көздейді.
Қашықтықтан білім берудің сипаттық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. 
Ыңғайлылық:
студенттер дәрістер мен семинарлар түріндегі сабақтарға ұдайы қатыспай-ақ, өзіне 
ыңғайлы уақыт пен жерде жұмыс жасайды, бұл өзінің күнделікті өмір сүру тәртібінен бас тарта 
алмайтындар үшін қолайлы болып табылады. Студентке түсу үшін ресми түрде қандай да бір білімнің 
қажеті жоқ. Әрбір адам курсты меңгеру және таңдап алынған курстар (модульдер) бойынша 
қорытынды алу үшін қажетті уақыт қана оқи алады.
2. 
Модульділік:
қашықтықтан оқытудың негізінде модульдік принципі жатыр. Әрбір жеке курс 
белгілі бір білім саласында толыққанды түсінік қалыптастырады. Бұл әр түрлі курс-модульдердің 
ішінен жеке немесе топтық мұқтаждықтардың талаптарын қанағаттандыратын оқу бағдарламасын 
қалптастыруға мүмкіндік береді.


58
3. 
Экономикалық тиімділік:
әлемдік білім беру жүйелерінің бағамдары көрсеткендей, қашықтықтан 
білім беру дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50%-ға арзан болып келеді екен. Отандық 
мемлекеттік емес қашықтықтан оқытатын орталықтардың тәжірибесі көрсеткендей, олардың 
шығындары күндізгі нұсқада мамандарды әзірлеуге жұмсалатын шығынның шамамен 60%-ын 
құрайды. Оқудың салыстырмалы меншікті құнының аздығы мазмұнының орталықтандырылған 
көрінісі мен унификациясының, қашықтықтан оқыту технологияларының оқушылардың көп санына 
бағытталғандығының, сонымен қатар сәйкес оқу аудандары мен техникалық құралдарды анағұрлым 
тиімді қолданудың есебінен болады.
4. 
Оқытушының жаңа рөлі:
оқытушыға танымдық процесті координациялау, оқытылатын курсты 
түзету, жеке білім беру жоспарын құрастыруда кеңес беру, оқу жобаларына жетекшілік ету және т.б. 
сияқты функциялар жүтеледі. Ол өзара әсерлесу оқыту топтарын басқарады, оқушыларға кәсіби дамуға 
көмектеседі. Студент пен оқытушының әдеттегі асинхронды өзара тілдесуі корреспонденттердің 
мекен-жайларына хабарлама тарату арқылы жүзеге асырылады. Бұл келіп түсетін ақпаратты талдауды 
және оған ыңғайлы уақытта жауап беруді білдіреді.
5. 
Мамандандырылған бақылау түрлері:
бақылау түрлері ретінде қашықтықтан ұйымдастырылған 
емтихандар, сұхбаттасу, практикалық, курстық және жобалық жұмыстар, компьютерлік 
интеллектуалды тестілеуші жүйелер жатады.
6. 
Мамандандырылған технологияларды қолдану:
қашықтықтан оқыту технологиясы – білімнің 
белгілі бір бөлігін жеке өз бетінше және бақыланған меңгеру барысында өзара әсерлесудің әдістері, 
түрлері мен құралдарының жиынтығы. Технология белгілі бір мазмұн іргесіне негізделеді және оны 
көрнекілеу нұсқаларына сәйкес келуі тиіс.
Қазіргі уақытта отандық және әлемдік практикада қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 
бірнеше нұсқаларын жіктеп алуға болады:

Экстернат түріндегі білім беру;

Университеттік білім беру;

Желіде бірнеше оқу орындарының өзара байланысуы негізінде білім беру;

Қашықтықтан оқытудың түрлі нұсқаларына негізделген автономды оқыту жүйелеріне 
негізделген жергілікті білім беру; 

Дәстүрлі тәсілдермен ұштастырылған қашықтықтан білім беру немесе білім беру процесін 
қашықтықтан қолдау.
Жалпы жағдайда қашықтықтан оқытудың табыстылығы мен сапасы қолданылатын материалдарды 
тиімді ұйымдастыру мен олардың сапасына, сонымен қатар процесті басқаруға, ондағы педагогтардың 
шеберлігіне байланысты болады. Қашықтықтан білім беру студенттің қызметін мұқият, әрі жіті 
жоспарлауды, оқытудың міндеттері мен мақсаттарын айқын тағайындауды, қажетті оқу 
материалдарын жеткізуді ұйымдастыруды көздейді [3].
Студент пен оқытушы арасындағы максимал мүмкін болатын интерактивтілікті, студент пен оқу 
материалы арасындағы кері байланысты, топтық тілдесу мүмкіндігін ұсынуды, жоғары тиімді кері 
байланысты қамтамасыз ету керек. Кері байланыс операциялық, жедел, әрі сыртқы бағалау түрінде 
болуы тиіс.
Қашықтықтан оқыту курсының мазмұнын құрылымдау модульдік болуы тиіс, өйткені, студент 
материалдың бір аяқталған блогынан екіншісіне өзінің айқын жылжуын көре алуы тиіс. Аса ірі 
модульдер оқу процесіне деген мотивацияны азайтады.
Заманауи ақпараттық технологиялар кез келген қашықтыққа және кез келген уақытта ақпаратты 
орналастыруға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге шектеусіз мүмкіндіктер ұсынады. Осы жағдайларда 
алдыңғы шепке қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық қиындықтары шығады.
Қашықтықтан оқытудың дәстүрлі оқыту түрлерінен айырмашылығына студенттің өз бетінше 
танымдық қызметін жатқызуға болады. Осы жерден студентке ыңғайлы уақытта және жерде 
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесінің қолайлығы шығады. Студенттің білімнің белгілі бір 
суммасын ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар өз бетінше оларды игеруге, ақпаратпен жұмыс істеуге, 
танымдық қызметті меңгеруге үйрене отырып, болашақта оны үздіксіз өз бетінше білім алу барысында 
табысты қолдануы тиіс.
Өз бетінше білім алу пассивті сипатта болмауы керек, керісінше студент басынан-ақ білім алумен 
ғана шектеліп қалмай, болашақта алған білімін өзінің практикалық қызметінде алуан түрлі мәселелерді 
шешу үшін қолдануды көздейтін белсенді танымдық қызметке араласуы тиіс. Осындай оқыту 
барысында студенттер білім алуға және оны қолдануды, өздері үшін оқыту құралдары мен ақпарат 
көздерін табуды, осы ақпаратпен жұмыс істеуді үйренуі тиіс.


59
Индивидуалдандырылған қашықтықтан оқыту оқытушымен ғана емес, сонымен қатар өзге 
серіктестермен түрлі танымдық және шығармашылық қызметінде өзара коммуникация орнатуды да 
шектемеуі тиіс. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда әлеуметтендіру мәселесі аса өзекті, өйткені, 
оқытудың табысты болуының басты шарты - білім алушыны топтық танымдық қызметке кірістіру, 
оның тапшылығы қашықтықтан оқыту феноменінен шығады.
Білімді меңгеру және танымдық қызмет, қабілеттер әдістерін, практикада алынған білімдерін 
қолдана алуды бақылау жүйесі түрлі мәселелік ситуацияларда жүйелік сипатқа ие болуы тиіс, жедел 
кері байланысқа (оқу материалының негізіндегі мәтін, сонымен қатар оқытушыға немесе курстың 
ұйымдастырушысына бағытталған мәтін), сондай-ақ, ұзақ мерзімді бақылауға (мысалы, қорытынды 
тестілеуде) негізделуі тиіс.
Осылайша, қашықтықтан оқыту процесін былайша сипаттауға болады:
-
Студенттердің ыңғайлы танымдық қызметінің түрлі ақпарат көздерімен, арнайы осы курс 
бойынша жасалынған оқу материалдарымен қолайлы үйлесімділігі;
-
Курстың жетекші оқытушысымен, кеңес беруші координаторларымен жедел және жүйелі өзара 
әсерлесу;
-
Мәселелік, зерттеушілік, іздеу әдістерін курстың сәйкес модулімен жұмыс жасағанда қолдана 
отырып, аталған курстың қатысушыларымен оқыту түріне байланысты топтық жұмыс жүргізу;
-
Талқылаулар, топтардың презентациялары мен аралық және қорытынды нәтижелерді 
электронды телеконференцияларда жеке презентациялар, пікір алмасу, курстардың оқытушыларымен 
ақпарат алмасу, сонымен қатар өзге барлық серіктестермен, оның ішінде шетелдік серіктестермен 
Интернет желісі арқылы курстың оқытушыларымен бірлескен телекоммуникациялық жобалар 
көзделеді.
Қашықтықтан оқыту түрінің артықшылықтарына мыналар жатады:
1. Оқытуды жұмыс орнынан алыстамай, ыңғайлы уақытта жүзеге асыру мүмкіндігі.
2. Жеке оқу мерзімі мен оқу ырғағын анықтау мүмкіндігі.
3. Кез келген уақытта оқытушыдан көмек алу мүмкіндігімен қоса өз бетінше жұмыс атқарудың 
орасан зор үлесі.
4. Жетекші мамандардың оқытушылар мен білім алушылардың географиялық алшақтығына 
қарамастан жедел көмек көрсету және білім беру процесіне жұмылдыру мүмкіндігі.
5. Интернет-технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін кәсіби қызметі мен оқу барысында 
қолдану мүмкіндігі.
6. Оқу барысында ең заманауи оқу құралдары мен технологияларды қолдану.
Қашықтықтан оқыту түрінің кемшіліктеріне мыналар жатады: 
1.
Студент жауапты өз күшімен орындағанына көз жеткізе алмаймыз. 
2.
Көзбе көз көру арқылы қабылданған ақпарат түсіну мүмкіндігін ұлғайтады. 
3.
Қашықтықтан оқыту кезінде ақпарат қысқа да нұсқа түрінде беріледі. 
4.
Қашықтықтан оқыту оқытушының жүктемесіне қосылмайтын білім беру жүйесі болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет