теориялық негізін құрайды. Химиялық-технологиялық үдерістерді қарастырғанда
төртінші – химиялық кинетика заңдарын
қосып қарастыру қажет.
«Химиялық өндірістің негізгі үдерістері мен аппараттары» курсында негізгі үдерістердің теориясы,
аппараттар мен машиналардың құрылымдары мен есептеу әдістері оқытылады. Негізгі үдерістердің
заңдылықтарын талдау және аппараттарды есептеудің жалпылама әдістерін жасау физиканың,
химияның, физикалық химияның, экономиканың іргелі заңдары негізінде жүргізіледі. Бұл курс
химиялық өнеркәсіптің салаларына тәуелсіз, осы салаларда қолданылатын сырттай әртүрлі үдерістер
мен аппараттардың ұқсастығын табуға негізделіп құрастырылады. Сонымен бірге бұл курста
зертханалық үдерістер мен аппараттардан өнеркәсіптік үдерістер мен аппараттарға өту заңдылықтары
да қарастырылады. Модельдеу әдісі, яғни бір масштабтан екінші бір мәнге өту заңдылықтарын білу
және бір жүйеде (модельде) алынған мәліметтерді басқа бір жүйеге қолдану, химиялық технологияның
өндірістік үдерістерін жобалау үшін қажет. Өнеркәсіптік реакторларда үдерісті жүзеге асыру үшін
үдерістің химиялық мәнінен басқа, ағын құрылымы мен оның қозғалыс режиміне, жылу мен массаны
тасымалдау жылдамдықтарына, аппараттың құрылымына тәуелді үдеріс параметрлері айқындалуы
қажет. Аталған факторлар әсерінің жиынтығы макробөлшектер: көпіршіктер, тамшылар, ағындардың
массалық жылдамдығымен байланысты үдерістің макрокинетикасын анықтайды [6].
Үдерістер мен аппараттар жөніндегі ғылымда химиялық технологияның негізгі үдерістерінің
макрокинетикасы қарастырылады. Сонымен бірге физика, физикалық химия, химиялық
термодинамика және басқа да ғылымдарда қарастырылатын қарапайым, молекулалық деңгейде бір-
біріне тәуелсіз жүретін үдерістермен сипатталатын, мысалы, жылуөткізгіштік, молекулалық диффузия,
тағы
басқа үдерістердің микрокинетикасы бойынша мәліметтер қолданылады.
Сондықтан, «Үдерістер мен аппараттар» оқу курсы инженерлік пән және химиялық технологияның
теориялық негізін құрайтын маңызды бөлімі болып табылады. Бұл курсты ғылым ретінде химиялық
технологияның әр алуан салаларын түсіндіретін пәндер кешенінің құрам бөлігі ретінде сипаттауға
болады. Мұндай пәндерге инженерлерді (химик-технологтарды) даярлайтын жалпы химиялық
технология мен химиялық өнеркәсіптің нақты бір салаларының технологиясы жатады. «Үдерістер мен
аппараттар» курсы «Жалпы химиялық технология» оқу курсымен тығыз байланысты. «Жалпы
химиялық технология» курсы химиялық-технологиялық үдерістердің өндірістік сызба-нұсқаларын
құрастыру принциптерін талдап, қорыту арқылы химиялық технологияның жалпы заңдылықтарын
және шикізатты, энергияны неғұрлым тиімді, кешенді қолдану жолдарын талдауды қарастырады. Бұл
екі курс та химиялық технологияның кез-келген салалары үшін техникалық-экономикалық тұрғыдан
неғұрлым тиімді өндіріс үдерістерін жасауда жинақтап қолдануға қажетті жалпы бастамаларды
түсіндіреді.
Заманауи кибернетиканың техникалық құралдары мен әдістерін қолдану химиялық-технологиялық
үдерістерді математикалық модельдеу арқылы автоматтандырылған өндірістік үдерістерді қолдануға
кеңінен жол ашты. Сондықтан, «Үдерістер мен аппараттар» курсының «Химиялық кибернетика»
курсымен тығыз байланысы химиялық технологияның негізгі үдерістерін, сондай-ақ күрделі химиялық
үдерістерді зерттеу мен жобалау үшін қажет.
106
Сонымен, үдерістер мен аппараттар жөніндегі ғылымның химиялық, мұнайхимиялық
өнеркәсіптердің жедел қарқынмен дамуы үшін маңызы зор болғандықтан, экономиканың
материалдық-техникалық базасын құрайды.