Критериалдыбағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде білім
алушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу процесін одан
әрі жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушыларда өз қызметін бақылау және бағалау қабілетін
қалыптастыруға, оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға
және жоюға мүмкіндік береді. Бұл білім беру стандарттарында белгіленген кең ауқымды
дағдылар мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту мен бағалаудың
тұтастығына негізделе отырып:
•
білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін
қалыптастыруға бағытталады;
•
оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін
жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
•
пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес әр сынып бойынша бағалаудың
түрлі формалары мен тәсілдерін қамтиды.
Каникулдық мектеп « Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» Келесі кезекте, критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздерге
қысқаша тоқталайық.