Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертация 6 тараудан
тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 114 бет. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі 138, диссертациялық жұмыста 23 сурет, 26 кесте және 12 қосымша
келтірілген.
Автор ғылыми кеңесшісі а.ш.ғ.к., Г.Н. Каироваға диссертациялық
жұмысты орындау және дайындау барысында берген аса құнды кеңестері мен
көрсеткен көмектері үшін; шетелдік ғылыми кеңесшісі х.ғ.д., профессор Божена
Лозовицкаға Өсімдік қорғау институты-Мемлекеттік зерттеу институтында
(Польша) тағылымнама өтуге берген мүмкіндіктеріне зор алғысын білдіреді.
Сондай-ақ автор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Орман, жер
ресурстары және фитосанитария факультетінің «Өсімдік қорғау және карантин»
кафедрасының ұжымына және ҚазЖжЖШҒЗИ ғалымдары мен өсімдік қорғау
зертханасының қызметкерлеріне, материалдарды анықтауға көмектескені үшін
Дрозда Валентин Федоровичқа (Украинаның биоресурстары мен табиғатты
пайдалану Ұлттық Университеті) далалық және зертханалық тәжірибелерді
жасауда көрсеткен көмектері үшін ерекше алғысын білдіреді.