Абсатарова дамира амировна


 Жеміс көшеттіктеріне зақым келтіретін негізгі зиянкес бөжектер



Pdf көрінісі
бет22/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

1.2 Жеміс көшеттіктеріне зақым келтіретін негізгі зиянкес бөжектер 
Көшеттіктеріндегі зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруда, 
олардың түр құрамы мен биологиялық ерекшеліктерін нақты анықтау 
қажеттілігі туады яғни бұл химиялық өңдеу көлемінің азаюына септігін 
тигізеді. [31;32] 
Көшеттіктердің зиянды фаунасы алуан түрлілігімен сипатталады және 
аналық бақтағы телітушілердің тамыр жүйесі мен көшеттердің вегетативті 
мүшелерін зақымдайды. Осыған орай, жеміс-жидек көшеттіктерінің негізгі 
зиянкестері–бұл 
көпқоректі 
жапырақ 
ширатқыш 
пен 
күйелердің 
жұлдызқұрттары, бітелер, егеушілердің дернәсілдері, кенелер, қараденелілер, 
кеміргіш күйелердің жұлдызқұрттары және т.б зиянкестер. [33;34;35] Әсіресе, 
отырғызу материалдарен таралатын вирусты және микоплазмалы аурулар 
қоздырғыштарын таратушы зиянкестер өте қауіпті. [36] 
Бақ және көшеттіктердің зиянкестері жеміс-жидек көшеттерінің әр түрлі 
бөліктерін зақымдайды. Мысалы, бүршіктерге бізтұмсықтар, жапырақ 
ширатқыштар, алма күйесі зақым келтіреді. Жаңадан ашылып келе жатқан 
өркендер мен жапырақтарды жапырақ бүргелері, бітелер, кене, алма күйесі, 
раушан жапырақ ширатқыштары зақымдайды. Гүл шанақтарға алма гүл жемірі, 
жемістерге – жеміс жемірі, егеуіштер, бізтұмсықтар қауіп төндіреді. [37;38]
Жалпы алғанда, жеміс көшеттіктерінің зиянды және пайдалы 
бунақденелілердің түр құрамы дәстүрлі бақтарға қарағанда өте көп кездеседі, 


17 
жеміс бақтарындағы зиянкестердің фаунасы мен олардың энтомофагтары ұзақ 
жылдар бойы қалыптасып келген. [39] 
Жеміс-жидек дақылдарының басым зиянкестерінің құрамы үнемі өзгеріп 
отырады. Оның негізгі себептерінің бірі – климаттың өзгеруі, сонымен қатар 
бунақденелілердің резистенттілігін жоғарлататын пестицидтер ассортименті 
мен оларды қолдану мерзімінің өзгеруі. Мысалы, негізгі инсектицидтер 
фосфорорганикалық препараттар болғанда, басым (доминантты) зиянкестерге 
жапырақ ширатқыштар (соның ішінде алма жеміс жемірі), мүр көбелектер мен 
күйелер жатқан болатын. Пиретроидты препараттар қолданған кезде, кенелер 
көп зиян келтіре бастаған. [40] Көшеттіктердегі зиянкетердің сан мөлшерінің 
ұлғаюы, 
көбінесе 
көршілес 
жатқан 
көшеттіктерден 
зиянкестердің 
миграциялауы әсерінен болады. Жиі орналасқан көрші көшеттіктер көшеттері 
біте, жапырақ ширатқыштар мен күйелердің көпқоректі жұлдызқұрттары, 
егеушілердің дернәсілдері мен кенелер және т.б зиянкестердің ошақтары болып 
табылады. Көшеттіктердегі зиянды энтомофагтардың қалыптасуы, ондағы 
өсіріліп жатқан өсімдіктердің құрамы мен агротехникасына тікелей 
байланысты. Көшеттіктердегі өсімдіктердің өсуі мен дамуына неғұрлым жақсы 
жағдайлар жасалса, ондағы өсімдіктер соғұрлым зақымдануға қарсы тұра 
алады. [41] Отырғызу материал сапасының айтарлықтай нашарлауы жасыл біте 
мен егеуіштердің, жапырақ ширатқыштар және кенелердің жаппай көбеюінің 
әсерінен болады. Бұл зиянкестердің қоректенуінен көшеттердің бөрікбасы 
қысқарып, өсу нүктесі мен физиологиялық үрдістері бұзылады. Нәтижесінде 
көшеттер отырғызу материалы ретінде шығарылғанда стандартқа сай келмей, 
өсуі бәсеңдейді, жіңішке штамбалы болып келеді [42] 
Жеміс көшеттігінің сорғыш зиянкестерінің түр құрамы онша көп емес. 
Алайда, олардың басқа түрлерінің санының көбеюі жеміс шаруашылығына 
айтарлықтай зиян келтіреді. [43] Сорғыш зиянкестердің қоректенуінің 
нәтижесінде, өсімдіктің хлорофиллі нашарлап, жапырақ пен бүршіктердің 
физиологиялық процесстері және жас өскіндердің аязға төзімділігі төмендейді. 
Бітелер жеміс-жидек дақылдарының аса қауіпті зиянкестерінің бірі [44;45;46]
Олар шаншып-сорғыш зиянкестер болғандықтар, вирусты ауруларды тарата 
алады. Бітелер кеш күзде соңғы ұрпақтары дамитын өсімдіктерді жұмыртқа 
стадиясында қыстайды [47;48;49]
Алманың жасыл бітесі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет