30
айларында жылдық жауын-шашынның үштен бір бөлігі түседі. Аталған
айлардың жауын-шашынды күндерінің саны 10-15 күн. Сәуір айында ең
жоғарғы температура 28-30
0
С-қа дейін жетеді. Ал мамыр айында 33-34
0
С
аралығында болады. Бірақ, жауын-шашынның жиі әрі көп болуына байланысты
аса байқалмайды.
Жаз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең ұзақ, ыстық және құрғақ мезгіл болып
табылады. Ұзақтығы- 125-185 күн. Ыстық кезеңнің басы сәуір айынан, ал тауға
жақын аймақтарда мамыр айынан басталады. Қыркүйек айының соңы мен қазан
айының басында ауа температурасы 13-15
0
С-қа дейін төмендейді. Орташа ауа
температурасы жаздың әр айында әртүрлі
ауытқиды, яғни маусымда 20-25
0
С,
шілдеде 25-30
0
С, тамыз айында 27-24
0
С. Жаз айындағы түсетін жауын-шашын
мөлшерінің мөлшері көктеммен салыстырғанда 2-3 есе төмен болады. Жаз
айының жылу ресурстары жоғары болуына байланысты аймақта жылусүйгіш
өсімдіктерді өсіруге өте қолайлы. Ал, ыстық мезгілде ауа ылғалдылығы 3035%-
ға дейін төмендейді. Күндізгі және түнгі температуралардың тәуліктік ауытқу
амплитудасы орташа 19-20
0
С. Жаз айындағы оңтайлы
температуралардың
жиынтығы 3500-3700
0
С аралығында өзгеріп отырады.
Күз. Бұл жыл мезгілінің ұзақтығы 2-2,5 ай. Суық күндер қазан айынан
басталады. Тәуліктік температураның ауытқуы қыркүйек айында 21-25
0
С, қазан
айында 17-23
0
С, қараша айында 1,1-5,3
0
С аралығында өзгеріп отырады. Күз
айындағы аязды күндердің басталуы қыркүйек айының соңы мен қазан айының
соңы аралығында өтеді. Тәуліктік күндізгі және түнгі температуралардың
амплитудасы 24-30
0
С аралығында ауытқиды.
Зерттеу жүргізілген 3 жылғы климаттық көрсеткіштер 1-ші кестеде және
1-3 суреттерде келтірілген. Кесте мәліметтеріне қарағанда 2015 жылы
жауын-
шышын мөлшері 669,6 мм болған, ал 2016 жылы 947,9 мм көрсетті, жауын-
шашын мөлшері өте жоғары болды, яғни 2015 жылы 2016 қарағандажауын-
шашын мөлшері 278,3 мм-ге төмен болған. 2017 жылы вегетациялық кезеңде
түскен жауын-шашынның мөлшері 847,3 мм
құраса, бұл көп жылдық
мөлшермен салыстырғанда 45,6 мм артық (801,7 мм).