Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


26 
 
2 ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛГЕН АЙМАҚТАРДЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТ 
ЖАҒДАЙЛАРЫНА 
СИПАТТАМА 
ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
Зерттеу жұмыстары Алматы және Жамбыл обылыстарының алма 
көшеттіктерінде жүргізілді.
2.1 Алматы облысының табиғи климаттық жағдайы.
Қазақстан 
Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 
224,0 мың км
2
. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала 
(Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-
шығысында (42
0
15'-47
0
16'С, бойлық 74
0
05'-82
0
31'Ш) орналасқан. Облыс аумағы 
Іле және Жоңғар алатауының таулы аймақтары Іле және Балқаш-Алакөл 
ойпаттарымен ұштасады. Әкімшілік орталығы-Талдықорған қаласы.
Алматы 
облысы 
батысында 
 Жамбыл, 
солтүстігінде
Балқаш 
көлі арқылы Қарағанды, 
солтүстік-шығысында 
Шығыс 
Қазақстан 
облыстарымен, 
шығысында Қытай Халық 
Республикасымен, 
оңтүстігінде Қырғызстан
Республикасымен шектеседі.
Алматы облысының ауа-райы континентальды, бірақ Іле Алатау 
бөктерінде ылғалдылық басым, жазы ыстық емес, қысы жұмсақ. Облыстың 
жазық аймақтарында ауа ылғалдылығының тәуліктік және жылдық ауытқулары 
байқалады, қысы ұзақ, әрі суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Жауын-шашынның 
орташа жылдық көрсеткіші 100-150мм солтүстік-батыс аймақтарда (Балқаш, 
шөл аймақтарда), 300-600мм таулы аймақтарда және 800-900мм солтүстікте, 
яғни Жоңғар Алатау аймақтарында. Жауын-шашының көп бөлігі жылдың 
жылы кезеңінде, мамыр мен сәуірде, ал таулы аймақтарда мамыр мен маусым 
айларында байқалады. Аудандар бойынша жауын-жашын көлемі жылы және 
суық 
мезгілдерде 
сәйкесінше 
ауысып 
отырады. 
Жылы 
кезеңдегі 
жауыншашынның суық кезеңге қарағанда 1,5-2 есе, ал оңтүстік таулы 
аймақтарда 4-5 есе көп түседі.
Геологиясы.
Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген 
және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан 
түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. 
палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа 
өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы 
таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз 
байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы 
жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік 
орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде 
кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер 
жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет