Топырақ жағдайы.
Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу
институтының көпжылдық зерттеулері бойынша топырақтың қоректік
элементтермен қамтылуы деңгейі анықталды [112]. Тау және тау етегінің
суармалы аймағы 800-1200 м биіктікте орналасқан.
Зерттеу -далалық тәжірибе жұмыстары шалғынды қара-қоңыр топырақта
жүргізілді. Шалғынды-қара қоңыр топырақтар гранулометриялық құрамы
бойынша ауыр құмбалшықты болып келеді. Қалыптасу үрдістерін зерттей келе
топыраққа жерасты суларының жақын жатуы айтарлықтай әсер ететіндігі
анықталды. Мұның барлығы зерттеу ауданында шалғынды-қоңыр топырақтың,
және де шалғындыты, шалғындыты-батпақты кең-байтақ кеңістіктің түзілуіне
және таралуына әкеледі.
Жалпы сазды белдеуінде шалғынды-қоңыр топырақтар жер бедерінің
төменгі бөліктерінде жер асты суларының салыстырмалы жақын (1,5-2м)
орналасуымен, сонымен бірге тауаралық алқапта және өзен аңғарларында
кездеседі. Іле сырты Алатауының тау етегі жазықтықтары шалғынды-қоңыр
топырақты, гумусты горизонттың қара-қоңыр түсті топырағына ие, оның
28
қуаттылығы 30-40 см ге дейін жетеді. Тіпті, бүтін алқаптарға қарағанда
суармалы егісті топырақта ол айтарлықтай көп таралған. Жер асты суларының
өте жақын орналасуы кезінде, төменгі горизонттар батпақтанған түрде болады.
Зерттеліп отырған топырақтың түзілуі үшін өсімдік жамылғысының да
маңызы зор. Тәжірибе ауданында жыртылмайтын жерлердегі табиғи өсімдік
жамылғысы негізінен түрлі шөпті-дәнді және жусанды-эфемерлі құрамалы
болып келеді, жер отының көптеген түрлері табылады және күрделігүлділердің
көпшілігі, негізінен жусандар мен эфемерлер.
Топырақ анализіКазЖжЖШ ҒЗИ-ның, топырақтану және агрохимия
зертханасында жүргізілді.
Суреттеліп отырған топырақтың гранулометриялық құрамы бойынша
ауыр сазды, ірішаңды топыраққа жатады (1-кесте). Бөлшектері 3мм-ден ірі.
Диаметрі бойынша көп жағдайда кездеспейді. Ірі құмды бөлшектердің құрамы
да аз. Оларды пішіні бойынша үйлестірудің нақты заңдылығы жоқ. Ірі шаң
көптеп кездеседі. Лайлы фракцияны пішіні бойынша үйлестіру ортаңғы және
төменгі қабат топырақтарында майда бөліктердің басымдылығының
айтарлықтай жоғары екендігін көрсетеді.
Кесте 1- Шалғынды қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы
Тереңдігі,
см
% бөлшектердің саны, диаметрі-мм.
>3
3-1
1-
0,25
0,25-
0,05
0,05-
0,01
0,01-
0,005
0,005-
0,001
<0,001 <0,01
0-10
-
0,99
4,78
10,35 37,17 14,72 12,34 19,65
46,71
10-20
-
0,50
4,48
9,07
39,00 14,72 12,04 20,19
46,95
40-50
-
0,55
7,90
4,16
38,01 12,24 21,71 15,43
49,38
70-80
-
0,45
2,99
9,68
31,61 13,89 15,15 26,23
55,27
100-110
-
0,61
3,48
9,44
35,50 11,10 12,75 27,15
50,97
140-150
-
2,81
14,09 11,73 30,90 16,36 6,73
17,38
40,47
Гранулометриялық құрамы ауыр топырақ физикалық құрамының
жағымсыз қасиетінің тууына себепші болады: ылғалды кезінде жабысқақтығы,
кебу кезінде нығыздалуы және қатаюы, егістік бетінің кесектенуі, мұның
барлығы жерді аудару кезінде үлкен қиындық тудырады.
Кесте 2-Зерттелген алқап топырақтарының агрохимиялық сипаттамасы
Қабат
Үлгі
алынған
тереңдік,
см
Агрохимиялық көрсеткіштер
Жалпы мөлшері,%
Жылжымалы формалар,
мг \ кг топырақта
Гумус
Азот
Фосфор N
л.г.
Р
2
О
5
К
2
О
А
пах
0-25
4,58
0,258
0,211
137
22
308
В
1
25-46
4,67
0,248
0,205
109
13
293
В
2
46-58
3,25
0,214
0,158
78
13
275
ВС
58-76
1,86
0,117
0,135
63
15
269
29
Егістік қабаттағы, гумустың тереңдеген сайын азаятын мөлшері 4,5%
құрайды. Валды азоттың және валды фосфордың мөлшері жоғары – 0,258 және
0,211% сәйкесінше. Тәжірибе аймақтағы топырақта қоректік элемент ретінде
азотпен (137мг\кг N
k7u7
) және орта-ауыспалы калиймен қол жетімді мөлшерде
қамтамасыздандырылған. Жылжымалы фосфордың мөлшері төмен – 1кг
топырақта 22 мг. Сонымен, зерттелген шалғынды-қоңыр топырақ өзінің
потенциалды құнарлылығымен, жеміс дақылдарының көшеттерін өсіруге өте
қолайлы. Өнімділікті арттыру үшін, өсімдікті қоректік элементтермен байыту
үшін және суару тәртібін толықтыру үшін бұл топырақтарға көңіл бөлу
керек.Осылайша, тәжірибелік алаңның топырақ-климаттық жағдайлары жеміс
көшеттерін өсіру үшін қолайлы
Достарыңызбен бөлісу: |