Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет37/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
Голден Делишес сорты.
Еуропа, Америка, Қытай, Молдавия, Қырым 
және т.б елдерде кең тараған қыстық, америкалық сорт. Қазақстан аумағында 
жақсы жеміс салады және теңіз деңгейінен 1100-1400 м орналасқан Іле 
Алатауының орташа таулы аймағында жоғары сапалы жеміс береді.
Ағаштың өсу күші орташа, тығыз отырғызуға мүмкіндік беретін сопақша 
бөрікбасы бар. Кеш гүлдейді, тозаңдатқыш ретінде Апорт, Іле, Кандиль-синап, 
Ренет Ландсбергский сорттарымен бірге отырғызуға болады. Пісу мерзімі 
жылдам сорт, 5-6 жылда жеміс салады. 6 жылдық жаста – 30-40 кг жеміс алуға 
болады. Жемістері ұзынша сопақтау, тегіс, 100-140 г орташа көлемді, ашық 
сары түсті. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіршікті, дәмі тәтті (4,5 балл). 
Үнемі жеміс салып тұрады. Орташа өнімділік бір ағаштан 30-40 кг-ды құрайды. 
Жемістер ағашта берік ілініп тұрады. Жылы қыс мезгілінде ағаштар қысқы 
құрғақшылықтан, әсіресе, көшеттік пен жас бақтарда қатты зақымданады. Жаз 
айы құрғақ болғанда жемістер ұсақтанады.
 
Жемісті жинаудың күнтізбелік мерзімі – қырқуйек айының соңы. Сорт 
агротехникалық шараларға (тыңайтқыштар, суару, бұталау және т.б) жақсы 
бейімделген. Жеміс мамыр айына дейін жақсы сақталады [117].
 
Бұл тақырыптағы зерттеу жұмыстары Қазақстанда алғаш рет зерттеліп 
отырғандықтан, біз зерттеулерімізде көшеттіктердің барлық өсіру және 
қалыптастыру бөлімдерін және ондағы негізгі зиянкес бөжектерді қарастырдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет