Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет40/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
 
Тұқымдық-аналық бақ (телітуші) – негізгі мақсаты – телітушілерді өсіру 
үшін тұқым алу. Мұндай бақтарды Мемлекеттік тізімге енгізілген, жергілікті 
аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына жақсы бейімделген жеміс 
өсімдіктерінің түрлерінен құру қажет. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аудандары жағдайында алманың аудандастырылған тұқымдық 
телітушілеріне – Сиверс, Недзвецкий, Пеструшка сорттарының себінділері 
алынады; Тұқымдық бақ құру дақылға, сорт пен телітушіге байланысты. 
 
Көшеттіктің бірінші егістігіне қалемшелерді отырғызу. Күзде немесе ерте 
көктемде қалемшелерді көлденең немесе қиғашынан 45 градус етіп, тікпе қазық 
бойымен алдын ала аударылған атызда отырғызуға болады. Отырғызу кезінде 
қатар аралығы 70-90 см және қатары 15-20 см. Агротехника шаралары 
телітушілердің қарқынды өсуі мен көзсабақтауды (шілде, тамыз, қыркүйектің 
жартысы) нәтижелі жүргізуге негізделген. Отырғызуда қалемшелердің тік 
кесіндісі топырақ деңгейінен 3-4 см жоғары орналастырады, яғни топырақ 
бетінде 1-2 бүршік қалуы тиіс. Жеміс дақылдарының телітушілерін көзсабақтау 
«Т» тәрізді кесінді кесу немесе ұластыру әдісімен жүргізеді. Келесі жылы 
көшеттіктің бірінші бөлімшесі екінші деп аталады. Отырғызудан кейін бірінші 
бөлімшені міндетті түрде суарады. Алғашқы екі аптада суаруды бір күн сайын, 
ал топырақтың беткі қабатының кебуіне орай, келесі суаруды аптасына 2 рет 
жүргізеді. Топырақты артық ылғалдауға жол берілмейді, бұл қалемше негізінің 
шіруіне әкеліп соқтырады. Суарудан кейін топырақ нығыздалып кетеді, 
тамырдың түзілуі үшін ауа қажет болғандықтан, міндетті түрде топырақты 


қопсыту қажет. Агротехникалықжұмыстарға: суару, қатар аралығын қопсыту, 
қатардаға арамшөптерді жою және өсу реттегіштер мен биоактиваторлармен 
өңдеу жатады. Тамыз айында қалемшелерді ұластыру жұмыстары жүреді. 
Ұластыру алдында штамбаларды тазалайды. Тамыз айының ортасында немесе 
соңында ұластыру жұмыстарын бастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет