Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет42/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
 
Жеміс көшеттігінің үшінші бөлімшесі. Көктемде бір жылдықтарды 
бөрікбасы түзіліміне байланысты 60-80 см биіктікте бұталау жұмыстарын 
жүргізеді. Вегетация бойы өсімдікті екі рет бұталайды. Жылдың соңында екі 
жылдық көшеттер алынады. Қазіргі таңда Қазақстан көшеттіктерінде тек бір 
жылдық көшеттер отырғызылады. 
Көшеттіктегі 
негізгі 
зиянкес 
бөжектердің 
жұмыртқалары 
және 
дернәсілдері топырақ, жапырақ астында қыстайтындықтан күзде өсімдік 
қалдықтарын жинап өртеу маңызды болып табылады. Вегетация кезінде арам 
шөптерді шауып отыру қажет ол көшеттердің сапалы өсуіне жағдай жасайды. 
Жасыл цикадка (
Cicadella viridis)
зиянкес бөжегімен күресу үшінде, өйткені 
арам шөптер зиянкестің қоректік ортасы болып табылады. 
Алма көшеттіктерін өсірудегі аса маңызды агротхникалық факторлардың 
бірі көшеттерді минералдық қорекпен яғни топырақты макро және 
микроэлементтермен қамтамасыз ету. Тыңайтқыштарды енгізер алдында 
топырақ құнарлығын ескеру және топырақ сараптамасын ескеру қажет. 
Көбінесе көшеттіктерде макро элементтер жетіспегендіктен аналық көшеттік 
салар алдында N
120
P
90
K
120
кг/га ә.з. енгізу керек. Тыңайтқыштардың 
тиімділігіне климаттық жағдай өте маңызды. Барлық өсімдіктер қоректік 
заттарды ерітінді түрінде қабылдайды. Топырақтағы сулы режим ол вегетация 
кезінде түсетін жауын-шашының қарқындылығына және топырақтың 
физикалық құрамына байланысты. Сондықтан топырақтағы ылғалдың болуы 
ол-көшетерді өсірудегі міндетті жағдайлардың бірі. Көшеттіктерді салар 
алдындағы жырту кезінде органоминералдық тыңайтқыштар себеді. Қара-
қоңыр топырақтарда 40-50 т/га көң берілсе, гумус мөлшері 1,5-2% құрайтын 
сұр топырақтарда 60-70т/га мысалы Алматы облысы бойынша алма 


көшеттіктерінде көбінесе 40-50 т/га және 90 кг фосфорлық, 120 кг калий 
тыңайтқыштарын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет