2.5 Ғылыми-зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі Алма көшеттіктеріндегі күтіп-баптау, көшет шығару технологиялық
шаралары (телітуші және сорттық комбинацияларды зерттеу, топырақ-субстрат,
минералдық тыңайтқыштар, энтомофагтарды еліктіру, көшеттіктерді қорғау
шаралары) ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік-Шығыс Қазақстан облыс
аумағында жүргізілді. Негізгі стационар «Қазақ жеміс және жүзім
шаруашылығы
ғылыми-зерттеу
институты»
ЖШСТалғар
ауданында
орналасқан «Помологиялық бақ» тәжірибе шаруашылығы болып белгіленген
(Оңтүстік-Шығыс Қазақстан облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі,
Алмалық ауылы) сондай-ақ негізгі зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы, Меркі
ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Плодовоягодное ауылы «Меркі тәжірибе
шаруашылығы» алма көшеттіктерінде жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу
тәжірибесі
алма
көшеттіктерінде
(вегетативтік
телітушілерді көбейтетін аналық және 1-2 танап бөлімдері, қалемшелі аналық
бақ) келесі сұлба бойынша жүргізілді: мөлтек аудандары – 100 м
2
, қайталануы –
2 реттен болды.Телітушілерді көбейтетін аналық көшеттік 2005жылы жалпыға
бірдей үлгі бойынша салынған (1,6х0,2) көшеттіктердің өсу және қалыптасу
танаптары (салыну үлгісі 0,8 х 0,20-0,15м.) Стандарт ретінде қолданысқа
жүрген Арм18 телітушісі мен Голден Делишес сорты алынды.
Көшеттіктерде зерттеу жұмыстары келесі жалпы қабылданған классикалық
әдістемелерімен сәйкес жүргізілді:
-
Егістік тәжірибелерді жүргізу әдісі [118];
-
Агрохимиялық зерттеу әдістері [119];
-
Бақ шаруашылығында тәжірибе жүргізу әдістері [120];
-
Жалпыға бірдей қабылданған энтомологиялық әдістер арқылы жүргізілді
[121;122].
-
Энтомофагтарды есепке алу әдістері [123];
Көшеттіктердегі сорттық комбинациялар мен телітушілерді бағалау
бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында келесі әдістемелер
қолданылды:
-
Алма дақылдарының мемлекеттік сорттарын зерттеу бағдарламасы мен
әдісі (жеміс-жидек және жаңғақ дақылдары) [124 ];
-
Биометриялық көрсеткіштер, мәліметтерді сараптау, анықтау әдісі [125];
Зиянкес және пайдалы бөжектерді есепке алу зерттеу жұмыстары ерте
көктемнен (наурыз айының III онкүндігінен) бүкіл вегетация кезеңінде (қазан
айының соңына дейін) әр 10 күн сайын ерте таңертенгі және кешкі уақыттарда
жүргізіліп отырылды. Өңделген күні таңертеңгісін зиянкестің ересектері мен
дернәсілдерінің сан мөлшерін есептеу жұмыстары жүргізілді. Әрбір өсімдіктің
10 жапырағында орналасқан зиянкестер есепке алынды. Кейінгі есептер 3, 7, 14
күннен кейін жүргізілді.
а б
в г
Ескерту: а) 2- танап көшеттігі
б) 1- танап көшеттігі
в) аналық көшеттік
г) аналық көшеттікті дәрілеу жұмыстары
Сурет 10 – Көшеттіктердегі зиянкес бөжектерді есепке алу және дәрілеу
жұмыстары