Телінгіш қалемшелерін дайындау-Телінгіш қалемшелері ұластыру
алдында бір тәулік бұрын дайындайды. Таңғы уақытта қалемшелер жақсы
суланып тұрғанда кесіліп алынады. Сонымен бірге біржылдық өркендері жақсы
жетілген алма дақылдардың 25-30см, жоғары алады. Қалемшелерді 50-100
данадан буып қояды. Сорт атауы жазылған этикаткалар ілінеді. Ұластыру
кезінде қалемшелерді 6-8 см етіп су құйылған ыдыста сақтайды.
Көшеттіктің екінші бөлімшесі
- Ерте көктемде, бүршіктер ісінгенге дейін
теліткіштерді телінген көзшелерге кеседі. Будандастырылған өсімдіктің жақсы
өсуін қамтамасыз ету үшін артық өскен жабайы өскіндерді кесіп отырады.
Екінші көшеттіктегі топырақты вегетация бойы таза және қопсытылған түрде
сақтайды. Біржылдықтардың жақсы өсіп өнуі үшін азотты тыңайтқыштар мен
өсу реттегіштермен қосымша қоректендіреді. Алғашқы тыңайтуды бүршік
атқаннға дейін гектарына 40-45 кг енгізеді. Вегетация бойы 6-7 суару
жұмыстарын жүргізеді. Ағаштың өркендерінің өсуі тоқтап, сүректері пісіп
жетілуі үшін тамыз айында суаруды тоқтатады. Күзде көшеттерді қазып алады.