2.4 Зерттеу аймағындағы агротехника Жеміс дақылдарының көшеттегінің отырғызу үлгісі ғылыми
негізделген әдістерді қолдана отырып, жоғары сапалы отырғызу материалдарын
өсіру бойынша шаралар кешенін қамтиды.
Жеміс дақылдарының көшет шаруашылығының схемасын Қазақстан
ауыл шаруашылығының арнайы уәкілетті органы анықтайды. Көшеттіктің
тиімді жұмыс істеу схемасына мына ағымдағы компоненттер жатады:
Қазақстан Республикасының заңнамасы және аграрлық саясат.
Көшет шаруашылығының ұйымдастыру механизмі.
Таза сортты және жоғары сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз
ету үшін заманауи әлемдік талаптарға сәйкес көшет шаруашылықтары
келесідей жеміс көшеттігінің құрылымына ие болуы тиіс:
-Вегетативті көбейетін телітушілердің аналық көшеттігі;
-Тұқымдық телітуішілерде көшет отырғызу қажет болған жағдайда,
тұқымдық-аналық (телітуші бақ) бақ өсіру;
-Телінгіш қалемшелер алуда сорттық-аналық бақ өсіру;
-Себу бөлімшесі;
-Көшеттерді өсіру және қалыптастыру бөлімдері (көшеттіктің 1-ші және 2-
ші егісі);