Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет44/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
 
 
 


Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері
Қолдағы әдістемелерге сәйкес, егістік жағдайда жиналып алынған 
мәліметтерді өңдеу: зиянкес және пайдалы бөжектердің түр құрамын, 
зақымдану пайызын анықтау, препараттардың биологиялық тімділігін анықтау 
бойынша зертханалық тәжірибелер Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ҒЗИ 
«Өсімдік қорғау» зертханаларында орындалды.
Тәжірибелік алқаптарда энтомофагтарды еліктіру мөлшері мен мерзімін 
анықтау кезінде алдын-ала зиянкестің таралу дәрежесі анықталды.
Энтомофагтарды 
еліктіру 
мақсатындағы 
балшырын 
шөптесін 
өсімдіктерді отырғызудан бұрын зиянкес бөжектердің сан мөлшерін анықтау 
үшін есептеу алқаптарында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Зиянкес тығыздығының дәрежесін анықтау үшін әрбір көшет қараумен 
есепке алынды. Тығыздық дәрежесі 1-ші формула бойынша анықталды:
P
=
a× 100,мұнда (1)
в 
Р – көшеттің зиянкеспен орналасу дәрежесі, %;
а – зиянкеспен зақымданған өсімдік саны, дана;
в – жалпы қаралған өсімдік.
Энтомофагтардың биологиялық тиімділігі энтомофагтарды еліктіргеннен 
кейін 7-10 күннен соң зиянкес бөжектердің сан мөлшерінің төмендеуімен 
немесе өлу деңгейінің дәрежесімен анықталып, 2-ші формула бойынша 
есептеледі:
Б = a-в × 100, мұнда (2)
а 
а–энтомофагтарды еліктіруге дейінгізиянкес сан мөлшері, дана; в –
энтомофагтарды еліктіргеннен кейін 7-10 күннен соң зиянкес сан мөлшері.
Афелинусты еліктіру алдында вегетативті көбейетін аналық көшеттіктен 
5 нүкте белгіленіп алынады. Әр нүктеде алдын-ала тексеру жұмыстары 
жүргізілді. Зиянкестің таралуы 5-ші формула бойынша есептелді:
P= n 
×
100 , мұнда (3)

Р – зиянкестің таралуы, %;
n – зиянкеспен зақымдалған өсімдік саны, дана;
Н – өсімдіктің жалпы саны.
Мумияланған бітелердің пайызы келесі формула бойынша анықталды:
П= Э
×
100 , мұнда (4)
б 


П – мумияланған бітелердің пайызы, %
Э – бір өсімдікте мумияланған бітелердің орташа саны, дана;
б – бір өсімдікте бітелер мен мумияланғандардың жалпы орташа саны, дана. 
Препараттың биологиялық тиімділігі келесі формула бойынша есептелді:
Э = 100·(Ав-Ва) (ВИЗР,1977) мұнда (5) 
Э – бақылауға түзетумен өсімдіктің зақымдалуы немесе зиянкестің сан 
мөлшерінің төмендеуі %-бен көрсетілген препараттың тиімділігі;
А – тәжірибеде өңдеуден бұрын зақымдалған өсімдіктің немесе тірі зиянкес 
бөжектердің сан мөлшері;
В –тәжірибеде өңдеуден кейін зақымдалған өсімдіктің немесе тірі тірі зиянкес 
бөжектердің сан мөлшері;
а – алдын-ала есепте бақылауда зақымдалған өсімдіктің немесе тірі зиянкес 
бөжектердің саны;
в – кейінгі есепте бақылауда зақымдалған өсімдіктің немесе тірі зиянкес 
бөжектердің саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет