23
Бұл көбелек кеш күзде қазан-қараша айында пайда болғандықтан, зимняя
пяденица деп аталды. Жыныс диморфизмі айқын байқалады. Аталықтарының
алдыңғы қанаттары күңгірт қоңыр түсті, көлденең қара толқынды сызықтары
бар. Артқы қанаттарының түсі ашық, бір түсті болып келеді. [97]
Аналықтарының
редукцияланған
қанаттарының
ұзындығы
2-3
мм.
Жұлдызқұрттары сарылау жасыл түсті, арқасында ұзыннан созылған линиялар
және бүйірінде 3 ақ сызықтары болады. Қуыршақтары ашық қоңыр түсті, артқы
бөлігінде екіге айырылған тікендері бар.Жұмыртқалары қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттардың шығуы алманың «жасыл конус» фазасымен
сәйкес келеді. Жұлдызқұрттар жаңадан шыққан бүршіктерде тесік жасап, жас
жапырақтарды өрмектерімен шырмайды. Кейін олар жапырақтар мен гүл
шанақтарды, гүл және жемістерді кеміре бастайды. Ересек жұлдызқұрттар аз
қозғалады, жапырақтың астыңғы бөлінде тыныштық кезеңге түсіп,сопақша
піллә ішінде қуыршақтанады. Ресейде солтүстік аймақтарға дейін мекендеп, бір
ұрпақ беріп дамиды. Көп қоректі зиянкес. Жұлдызқұрттары барлық жеміс-
жидек дақылдарында дамып, бүршік, жапырақ пен гүл шанақтарды
зақымдайды. жапырақтарды 75%-ға дейін жеп құртады.Жапырақ кеміргі
зиянкестер жеміс дақылдарына орасан зор шығын келтіреді.[98]
Қорта айтқанда, әдеби деректерге сүйене отырып алма көшеттіктеріне
зиян келтіретін зиянкес бөжектердің түр құрамы сан алуан, алайда алма
көшеттіктерінде көшеттердің вегетативті мүшелерінің дамуына байланысты
негізгі зиянкес бөжектер жапырақ ширатқыштар екендігін аңғарсақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: