19
тақтасы деформацияға ұшырайды. Гүлдердің күлте жапырақшалары тегіс
болып, әлсіз өркен өсіп шығады. Өсімдіктер қатты зақымданған жағдайда өнім
70% азайып, олардың суыққа төзімділік қасиеті төмендейді [64;65;66] Кейбір
ғалымдардың деректеріне сүйенсек құрылған көшет зиянкестерінің тізімі өте
кең. Соның ішінде алма зиянкестері – 19 сондай-ақ 7 көп қоректі зиянкестер
[67;68;69]
Жапырақ ширатқыштар (Tortricidae тұқ.) – көптеген ауыл шаруашылық
дақылдарына, әсіресе, жеміс шаруашылығына үлкен зақым келтіретін
қабыршақ қанаттылар отряды зиянкестердің басым бөлігіне жатады.
Бұл тұқымдасқа жататын бунақденелілердің жұлдызқұрттары түтік
тәрізді ширатылған жапырақ ішінде тіршілік етіп, оны қаңқалы
зақымдағандықтан
«жапырақ
ширатқыш»
деп
аталған.
Сондықтан
жапырақширатқыштар тек бақтарда ғана емес, сондай-ай жеміс-жидек
көшеттіктеріне де қауіп төндіріп энтомоценозда маңызды рөл атқарады Жеміс-
жидек дақылдарында жапырақ ширатқыштар маңызды зиянкестердің бірі
болып табылады. Бұл зиянкестің шаруашылық маңыздылығы оның түр
құрамының әртүрлілігімен және бақтағы биоценозда жаппай көбейе
алатындығымен анықталады. [70;71]
60-қа жуық жапырақ ширатқыштар жеміс-жидек дақылдарына айтарлықтай
зиян келтіреді. Олардың жұлдызқұрттары бүршіктерді, жеміс гүл шанақтарын,
жемістерді, өркен қабығын зақымдайды, бірак көбінесе жапырақтарды түтік
тәізді ширатып, оны өрмектерімен орап қоректенеді. [72;73] Нәтижесінде,
зақымданған жапырақтардың зат алмасуы бұзылып, өсімдіктің суыққа
төзімділігі төмендейді (Осипенко, 1973). [74] Бақ жапырақ ширатқыштарының
көптеген түрлері полифаг болғандықтан, бүкіл вегетация бойы зақым келтіре
алады . Жапырақ ширатқыштардың көп қоректігі көптеген түрлердің таралуына
мүмкіндік береді Қазіргі таңда бұл зиянкес барлық бақ шаруашылығымен
айналысатын аймақтарда кең таралған. Соңғы жылдары жапырақ
ширатқыштардың зияндылығы айтарлықтай өсті және жыл сайын олардың түр
құрамы өзгеруде. Кейбір жылдары Ресейде өсімдіктің генеративті
органдарының жапырақ ширатқыштар жұлдызқұрттарымен зақымдалуы 70%.
Ленинград облысында жапырақ ширатқыштардан болған шығын 50%-ға жетуі
мүмкін. [75;76]
Жеміс, немесе өзгермелі жапырақ ширатқыш (
Достарыңызбен бөлісу: