13
1 ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАУ
1.1
Қазақстандағы жеміс көшеттіктерінің жағдайы және оларды
зиянкес бөжектерден қорғау
Қазақстан Республикасында жеміс шаруашылығын қарқынды дамыту
және ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету – көшет
шаруашылығын жетілдірусіз жүзеге аспайтыны белгілі.
Жеміс және жүзім дақылдарының екпелерін жоғары қарқымен өндіруге
байланысты, көшет шаруашылығы олардың сапасын Қазақстанның салалық
стандарттарына сай болуы қажет және көбейтілетін сорт пен телітушінің
сорттық және типтік тазалығына кепілдік берілуі керек.Отырғызу
материалдарының сапасы құжаттармен куәландырылады. [6]
Қазақстанда ергежейлі, өнімді бақтарды құруда, отырғызу материалдарын
тиімді телітушілерде өсірумен тікелей байланысты. Өндіріске жергілікті
аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына жақсы бейімделетін жаңа, ескі
сорттар мен шет елдік және отандық селекция телітушілерін таңдау, еліміздің
бақ шаруашылығын жаңдандыру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың аса
қажетті шарты болып табылады. [7]
Қазіргі уақытта заманауи көшет шаруашылығында көптеген жаңалықтар
бар. Кең тараған сорттар мен телітушілердің орнына ағаштардың өсу күшін
реттейтін, жеміс салу мерзімін жылдамдатып және өнімділікті, бақ өнімділігін
жоғарылататын жаңа сорттар келді. ЖШС «Қазақ жеміс және жүзім
шаруашылығы ҒЗИ» оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның топырақ-
климаттық жағдайларында жүргізген зерттеулерінің арқасында соңғы жылдары
«Мемлекет тізіміне» енгізілген алма сорттары мен клондық телітушілердің
жиынтықтарымен толықтырылды. Мемлекеттік тізімге Восход, Талгарское,
Айнур, Дамира және т.б. алма сорттары, Арм 18, Б7-35, 62-396 ергежейлі
телітушілері, Жетісу 5, Б16-20 жартылай ергежейлі телітушілері енді. Оңтүстік
және оңтүстік-шығыс Қазақстанда жеміс және жүзім дақылдарының отырғызу
материалдарын өндірумен 20-ға жуық маманданған шаруашылықтар
айналысады. [8]
Жеміс шаруашылығында вегетативті көбейетін (клонды) телітушілерді
қолдану бақ шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Батыс
Еуропа, АҚШ, Канада, Австралия және т.б елдерде бақ өсіруде жоғары өнім
алуға мүмкіндік беретін төмен өсетін клонды телітушілер қолданылады.
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бақтарды клонды
телітушілерде өсіру тәжірибесі тұқымдық телітушілерге қарағанда айтарлықтай
артықшылықтар көрсетті. Жеміс тұқымдастарының клондық телітушілері
биологиялық- шаруашылық тұрғысынан тең емес. Олар әр түрлі аналық бақ
және жеміс көшеттігінде көбейту, суыққа, құрғақшылыққа, сорттар
үйлесімділігі,
ағаштардың
жапырылуға
төзімділік
коэфиценттерімен
сипатталады. Алдымен, олар ұластырылған сорттардың өсу күшіне әсер етеді
және сондықтан да оларды 4 топқа бөледі: ергежейлі, жартылай ергежейлі,
14
орташа өсетін және бойшаң өсетін. Вегетативті бойшаң өсетін телітушілердің
көлемі тұқымдық телітушілерге ұқсас.
Қазақстанның жеміс шаруашылығында ергежейлі және жартылай
ергежейлі телітушілердің практикалық маңызы зор, олардан аласа өсетін ағаш
өсіп шығады. Мұндағы өсірілетін сорттар 2-3 жыл ерте жеміс салуға кіріседі
және ағаштарының көлемі шағын болғандықтан, оларды бір-біріне тығыз
орналастырады, яғни бұл дегеніміз бақ аудан бірлігінен жоғары өнім алуға
мүмкіндік береді. Жеміс және жүзім дақылдары көшет шаруашылығының
сұлбасы - ғылыми әдістерді қолдана отырып жоғары сапалы қатарлық және
вируссыз отырғызу материалдарын өсіру жөніндегі шараларды қамтиды.
Жеміс және жүзім көшет шаруашылығының сұлбасын Қазақстанның
ауыл шаруашылық басқармасының арнайы уәкілетті органы анықтайды.
Көшеттіктің тиімді жұмыс істеу сұлбасының негізгі құрамдас бөлігі: Қазақстан
заңнамасы және аграрлық саясат.Әлеуметтік-құқықтық тұлғалар, кәсіпкерлік
субъектілер, ұйымдастырушылық және экономикалық механизмдер.
Әлеуметтік-құқықтық элементтер: заңдар, мақсатты бағдарламалар,
бұйрықтар мен тапсырмалар.Ұйымдастыру механизмі: саланы мамандандыру,
өндірісті қарқындату, өндірісті ұйымдастыру, материалдық жағдай жасау,
отырғызу материалдарын өсіру технологиясы, телітушілер, сорттар, отырғызу
сұлбалары және т.б.
Экономикалық мезханизм: салық жүйесі, несие беру, субсидиялау
(мақсатты
қаржыландыру),
дотация.Ұйымдастырушылық
механизмнің
міндетіне мыналар кіреді: көпжылдық екпе материалдарын бастапқы (негізгі
және репродуктивті) аналық бақта өндіруге анағұрлым қолайлы аймақта
заманауи ұлттық тәлімбақ шаруашылығының тармақталған жүйесін құру;
шаруашылық субъектілердің қаажеттіліктерін, жоғары сапалы, сау отырғызу
материалдарымен қамтамасыз ету және қанағаттандыру; тәжірибеге отандық
және шет елдік ғылымды енгізу. [9]
Заманауи
бақ шаруашылығының дамуы клонды телітушілерді
пайдаланумен тікелей байланысты, ол өз кезегінде жартылай өскінді және
ергежейлі алма ағаштарын өсіруге мүмкіндік береді. Клонды телітушіде
салынған бақ біркелкі, тез және жоғары өнімді болып өседі, жеміс беруге 3-4
жылда түседі. Сондықтан қазіргі кезде клонды телітушіге телітілген көшеттерге
сұраныс көбеюде, оның маңыздылығын И.В. Мичурин «Телітуші- ол жеміс
ағаштарының фундаменті» деп атап кеткен болатын. [10]
Жеміс көшеттіктері өз кезегінде бақ шаруашылығының дамуының негізгі
көзі болып табылады. Заманауи бақ шаруашылығы қай уақытта болмасын,
көшеттік шаруашылықтарды дұрыс құру дәрежесі арқылы құрылып отырғаны
рас, өйткені бақ шаруашылығының өнімділігі және кірістілігі айтарлықтай
дәрежеде көшеттіктерге байланысты, яғни өсіріліп отырған көшет сапасына
тікелей байланысты. Оны тек төзімді сорттарды өсіру және аурулар мен
зиянкестерге қарсы дұрыс құрылған қорғау жүйесін пайдаланғанда ғана қол
жеткізуге болады. [11;12;13]
Бақтардың өсу деңгейі, ұзақ өмір сүру, өнімділік қасиеттері көбіне
салынып
отырған
отырғызу
материалдарына
тікелей
байланысты
15
болғандықтан, сапалы көшеттерді тек мамандандырылған көшеттіктерден алу
қажет. Көшеттік-бұл бақ-шарушылығы мен бағбандарға қызмет ететін,
отырғызу материалдарына аса зор мән беретін арнайы сала, сондықтанда
көшеттіктердің улкен талаптарының бірі карантиндік және басқада
зиянкестеден таза аса-жоғары сапалы отырғызу материалдарын шығару болып
табылады. [14]
Жеміс көшеттіктерінің дұрыс салу ережесіне және агротехникалық
шараларды қолданып өсімдікті дұрыс күтіп өсіру үшін, пайдалы және зиянды
энтомофауна санын, олардың зияндылығы мен сорттардың зиянкестерге
төзімділігі, даму динамикасын ескере отырып қорғау шараларын кіргізу
қажет.[15] Жеміс өсімдіктерінің сапалы отырғызу материалдарын өсіру,
аналық көшет және көбейту танаптарын сенімді қорғау шараларынсыз өсіру
мүмкін емес, өйткені зиянкестер отырғызу материалдарымен бірге таралуы
мүмкін. Карантиндік және қорғау шараларының жүйесін құру үшін, аналық
екпе бақтың және көшеттіктердің көбейту танаптарындағы зиянкес
бөжектердің түр құрамын және фенологиялық дамуын нақтылау қажет. [16]
Көшеттіктер салу үшін, жоғары агротехникалық талаптарға сай келетін,
кеңейтіліп
оқшауланған
жер
темімдерін
таңдау
қажет,
өйткені
көшеттіктердегі зиянкестердің үлкен таралу болжамын ең төмен дәрежеге
азайту үшін, сондай-ақ сырттан келген зиянды организмдер онымен қоса
пестицидтерді қолдануға мүмкіндік беру үшін, көшеттік өндірістік бақтардан
қашық орналасу қажет (0.5км аз болмауы керек) және ол жердегі арам
шөптердің түр құрамын анықтау қажет, өткені арамшөптер қосымша азық
базасы болып табылуы мүмкін немесе мысалы бітелерге азық шөп
ретінде.[17] Егіс айналымы мен аналық бақтын колекциялық және өндіріс
плантацияларынан оқшауланбауы өз кезегінде зиянды организмдердің
таралуына және сау, таза отырғызу материалының қайталанып зақымдануына
әкеп соғады. [18] Ал егер, бұндай көшетіктердің оқшаулану талаптары
орындалмаған жағдайында, аурудың залалдануы мен таза отырғызу
материалының зиянкестермен зақымдануын тек жиі жүргізілген тексеру және
зянкестердің дамуын анықтайтын мониторинг жүргізіліп отыруы қажет ол өз
кезегінде пестицидтерді қолдануды анықтау сигналы ретінде пайдаланылады.
[19] Көшеттіктерде пестицидтердің қолданылуының көбейуі және талаптарға
сай қолданылмауы, қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді, кейбір зиянкес
бөжектерде препараттарға төзімділік қаситеті туындайды, ал көптеген
пайдалы бөжектер жойылады. [20] Пестицидтерді үздіксіз қолдану көп
жағдайда агроэкожүйедегі экологиялық тепе-тендікті бұзады, оның кайтадан
қалпына келуі өте баяу орындалады. [21]
Көшеттіктерді
зиянкестерден
дифференцалды
қорғау
жүйесіне
агротехникалық және химиялық қорғау шараларын ауыстырап қолдану болып
табылады.Салауатты отырғызу материалын өндіру кезінде химиялық
препараттарға үлкен мән беріледі және химиялық өңдеу кезінде олар көбінесе
препараттарды ауыстыру принципіне сүйенеді.[22 ]
Күнтізбелік
фенофазаларға
сәйкес
зиянкестердің
зияндылығын
ескерместен, пестицидтерді пайдалану, үлгідегі пестицидтердің басқа
16
технологиялық талаптарына сәйкес келмеуі тек негізсіз жоғары шығындармен,
қоршаған ортаны ластаумен, зиянкестердің төзімді нысандарын туындауымен,
сондай-ақ сапасыз көшеттерді алумен байланысты. Зиянкестерге қарсы дұрыс
жүргізілген жұмыстар препаратармен бүрку шығындарды айтарлықтай
үнемдеуге мүмкіндік береді. [23] Өсімдіктерді қорғау бағыттарының бірі -
интеграцияланған күрес, бұл пестицидтерді пайдалануды қысқартуға және
қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді.[24;25] Кешенді күрес жүргізу үшін
зиянкестердің биоэкологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Зиянкестерді толық
жою қажет емес, өйткені бұл олардың табиғи жауларының жойылуына
әкеледі. [26] Көшеттіктердегі зиянкестерден жеміс-жидек дақылдарын кешенді
қорғау сапалы және сау көшеттердің үлкен көлемін тек шаралардың толық
жиынтығы уақтылы, мақсатты болған жағдайда ғана қамтамасыз етеді. Бұл
кешеннің құрамы зиянкестердің, топырақ пен климаттық жағдайлардың
популяциясының болуы және қарқындылығы, сондай-ақ тұрақты зерттеу және
рекордтық нәтижелермен анықталады. [27] Зиянкестерден жеміс-жидек
дақылдарын кешенді қорғаудың маңызды элементі ол-шөптесін зиянкестердің
экономикалық зиянды шегін анықтап одан әрі химиялық өңдеудің
бағдарламасын құру болып табылады. [28]
Көшеттіктерді зиянкестерден кешенді қорғауды ұйымдастыру және
жүргізу үшін, түрлерінің негізгі кешенінде бақтың агроценоз жағдайын, белгілі
бір фенологиялық кезеңде алқаптың белгілі бір аудандарындағы нақты
фитосанитариялық жағдай туралы және олардың табиғи жауларының санына
байланысты ақпарат қажет. [29;30]
Достарыңызбен бөлісу: |