Абсатарова дамира амировна


Жамбыл облысы табиғи климаттық жағдайы



Pdf көрінісі
бет32/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

Жамбыл облысы табиғи климаттық жағдайы. 
Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында, 42-45
0
с.е. пен 69-75 
ш.б. 
аралығында 
орналасқан. 
Солтүстік 
аймағы 
жазық-Мойынқұм, 
Бетпақдалаға оның тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау ( Шу-Іле) 
таулары, ал оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен 
шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан.Шығыс, 
Оңтүстік және Батыс шекаралары табиғи шекара- су айырық жоталармен өтеді.
Облысқа Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Рысқұлов, 
Сарысу аудандары кіреді. 
Облыс өзінің бағыты бойынша өндірістік-аграрлық, 2010 жылдың 1 
жартыжылдығында кәсіпорынның жалпы өнімі 19,2 пайыз, 6,2 пайыз – ауыл 
шаруашылығы, 11,7 пайыз – көлік және байланыс, 6,3 пайыз – құрылыс, 9,3 
пайыз сауда, 47,3 пайыз басқа салалар. 7 ауыл аудандарында аграрлық сектор 
жұмыс істейді, қалған үшеуінде өнеркәсіп дамыған.
Жамбыл облысының температурасы тез өзгереді, біркелкі ылғалдың және 
ауа құрғақшылығының, ыждағатты түрде ылғалдың булануымен, күн 
сәулесінің молдығымен сипатталады. Континенталдық өзгерістің жайлы 
өзгеруі, облыстың оңтүстік аймағында қыстың жұмсақ, ылғалдың молырақ 
болуы байқалады. Табиғи жайылымның флорасы мен фаунасы алуантүрлі 
болып келеді. [114] 
Геологиясы. 
Жамбыл облысының геологиялық құрылысы мен пайдалы 
қазбаларының экологиялық салдары әр алуан. Құмды шөлдегі сусымалы 
құмдар мен тау бөктерлеріндегі лесс тау жыныстары тасымалдануға, 
шөктіріліуге бейім.Сондықтан олардың бойында көптеген техногенездің 
зиянды заттары жиналады. Минералды шикізат көздерін игерген кезде жер 
қойнауындағы химиялық элементтерді жер бетіне шығарып, территорияның 
геохимиялық фонын бұзуға әсер етуде. Облыс орталығында республиканың 
71,9 % баланстық қор фосфориттері шоғырланған, 68 % плавиктік қалақша, 8,8 
% алтын, 3 % мыс, 0,7 % уран шоғырланған.
Гидрографиясы.
Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ойтал, Аспара және 
олардың тармақтары Мөңке, Қызтоғансай, Тоғайтал, Қарақау, т.б. Өзендердің 
барлығы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен бастау алып Меркі 
ауданның орталық бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өзеніне құяды.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша негізгі зерттеулер 
Жамбыл облысы, Меркі ауданы Плодовоягодный ауылы «Меркі тәжірибе 
шаруашылығында»жүргізілді. 
Меркі ауданы — Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Қазақстан 
Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. 
Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, 
солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-
батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет