Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін



Pdf көрінісі
бет53/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

Жалпы төзімділіктің 
сипаты спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқында бұлшық ет топтарының 
көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі
 
(жүгіру, шаңғы тебу, 
ескек есу т.с.с). Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты 
(тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап 
тұра алу қабілеттілігі) мүмкіншілігі. 
Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы 
төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының 
арнайы төзімділігі, жүзгіштің арнайы төзімділігі т.с.с. Арнайы төзімділіктің 
көптеген түрлері бар: жылдамдылық төзімділігі, күш төзімділігі, жылдамдық 
күш төзімділігі, статикалық күш салу төзімділігі және аралас төзімділік. 
Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз 
ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-
анаэробты) деп үшке бөлінеді. Дене тәрбиесі мен спортта жоғарғы 
шеберліктегі спортшыларды дайындауда өте маңызды төзімділіктің осы үш 
түрін жеке-жеке қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет