Әр түрлі спорт түрлерінің элементтерін үйрету Спорттық және қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындар; баскетбол,
волейбол, футбол, бадминтон, үстел теннисі ойындарының элементерінің
техникасынүйрету. Ойышының жалпы және арнайы жаттығулары.Жұптасып,
үшеулеп жаттығу кезінде допты игерудің және басқарудың негізгі тәсілдері.
Күштері сәкес келмейтін құрамдағы ойындар.
Қозғалмалы ойындар құралдармен және оларсыз, орын ауыстыру
қарапайым
тәсілдерімен,
максимальді
күш
салуды
және
күрделі
координациялық әрекеттерді қажет етпейді.
Жеңіл атлетика. Жүру және оның түрлері, жүруді тыныс алу
жаттығулармен, босаңсумен, ара қашықтыққа жүру уақытын өзгертумен
сәйкестендіру. Жүгіру және оның түрлері. Секіру: бір аяқпен және қос
аяқтап, тереңге секіру, алға жилжи отырып, орнына ұзындыққа.
Скакалкамен, артқа айнала отырып.
Арнайы – жүгіру жаттығулары: санды жоғары көтере жүгіру, тірсеткі
артқа сермеп, кезектестіре отырып, ақырындап жүгіру. Теннис добын
лақтыру.
Шанғы спорты. Шаңғыда тұрып қатардағы командаларды орындау.
Шаңғымен және шаңғыда тұрып әр түрлі тәсілдермен оқу алаңында және оқу
шаңғыларында қозғалу. Еңістер мен сайлардан өту. Бір орында, қлзғалсыта
тежелеу және бұрылу.
Белгіленген аймақта шаңғымен жүріп өту техникасы. Ара қашықтықты
баяу және орташа темппен уақытқа жүріп өту. Шаңғыдағы эстафета. Еңіске
шығу және сайға түсу, бұрылу мен тежелуді орындау техникасын бағалау, әр
түрлі адымдар техникасысн оқып білу.
Жүзу. Суды меңгеруге арналған дайындық жаттығулары. Жүзушінің
жалпы дамытушылық және арнайаы жаттығулары. Жүзудің негізгі
әдістерінің (брасс, кроль) техникасын меңгеру. Судағы іс-әрекет дағдыларын
қалыптастыру. Судағы экстремальді жағдайларда қалпында қалу, сүңгу,
қалқып шығу, суға батушыны құтқарудағы көмек көрсету және іс-әрекет
әдістерін көрсете алу. Судағы кедергілірден өту әдістері. Жүзудің тандап
алынған түріндегі, сауықтыру режиміндегі элеменнтерді игеру. Бортиктен,
41
трамплиннен, мұнарадан суға секіру. Қолдың жұмысына аяқтың және тыныс
алудың сай келуі. Бұрылу теххникасына оқыту. Қолданбалы жүзу. Сүңгу.
Суға батушыны құтқару тәсілдері.