Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін


***11. Замануи сауықтыру жүйелері



Pdf көрінісі
бет72/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

 
***11. Замануи сауықтыру жүйелері 
Демалу гимнастикасы.
Демалу үрдісін қалыптастыру. Арнайы демалу 
жаттығулары. А.Стрельникова, К.Бутейко К.Динелко және т.б. демалу 
жүйесі.
 Стрельникованың демалу гимнастикасы
Отандық медицина А.Н.Стрельникованың тыныс алу гимнастикасын тек -
өткен ғасырдың 70-ші жылдары ғана мойындаған болатын. Сол кезде ғана 
Александра Николаевна әр түрлі аурулар түрлерін емдеу тәсілдерін жүзеге 
асыруға авторлық куәлік алған болатын. Стрельникова – тыныс алу 
жаттығулары арқылы тек қана дауысты емдеп емес, сонымен қатар, кеуденің 
қырылына әкеп соғатын астманы емдеуге де болатынына көз жеткізді. 
Медицина тұрғысында тыныс алу жаттығуларының ағзаға деген тиімділігін 
алғашқыда, дәлелдеу оңайға соқпайды. Шамамен, 1980 жылдарда Денсаулық 
Министрлігі практика жүзінде әр түрлі ауру түрлеріне қолданысқа беруге 
шешім шығарды.
Эксперимент нәтижесі аса жоғары көрсеткіш көрсетпеді. Топтағы тек 
бірнеше 
адам 
ғана 
ауруынан 
айыға 
алады. 
Нәтижесінде, 
А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығуларымен емдеу тәсілі тиімсіз және 
әсерсіз болып есептелінді. Кейін бірнеше жылдарды артқа салып, 
А.Н.Стрельнтковаға тыныс алу жаттығуларының тиімділігін дәлелдеу 
тұрғысында талмай жұмыс жасауға тура келді.
Александра Николаевна Стрельникова 77 жасында өмірден өтті. Ол өз 
өлімімен емес, қайғылы жағдайда қаза тапты. Өмірінің соңғы уақыттарына 
дейін ол күш-қуатқа бай, өміршең адам болатын. Осы ішкі қуатты 
Стрельникова тек өзіне ғана емес, жанындағыларға да аурудан айығып, 
дендеріне саулық сыйлап, жан-дүние байлығы мен физикалық тұрғыда тепе-
теңдік сезіне алуына бағыттайтын. Қазіргі таңда А.Н.Стрельникованың 
тыныс алу жаттығулары біздің елімізде кең ауқымда таралған. Ол тек айығу 
тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі аурулардың алдын алу 
профилактикасы ретінде де танымал. Осы тұста оның тиімділігін шетел 
мемлекеттері де мойындағанын айта кету керек. Шетел мамандары қазіргі 
таңда А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығуларын тыныс алуды реттеуге 
бағытталған терапевтік кешенге ендіріп қойған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет