Практикум оқу әдістемелік құрал


 тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#94330
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Еңбек құқығы л

 
1 тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі 
 
Сұрақтар 
1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы 
2 Еңбек құқығының пәні 
3 Еңбек құқығының әдісі
4 Еңбек құқығының жүйесі 
5 Еңбек құқығының функциялары 
6 Еңбек қатынастарының түсінігі және түрлері 
 
 
Әдістемелік нұсқама 
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнін оқу үшін ең алдымен 
бұл пәннің атауын және еңбекпен байланысты құқық салаларының атауларын 
меңгеріп алуымыз қажет. Соныдықтан да, ең алдымен «еңбек» дегеніміз не 
және оның қоғамдағы рӛлін анықтап алуымыз қажет. ҚР Еңбек кодексінің 1 
бабында еңбек ұғымына мынадай анықтама берілген: «Еңбек – материалдық 
және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі». 
Еңбек құқығының пәні болып еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы 
қызметкерлердің еңбектерін ұйымдастыру бойынша қоағмдық қатынастарының 
жалпы кешені танылады. Пәнді меңгеру барысында еңбек қатыастарының 
ұғымын, қоғамдағы ӛндірістік қатынастармен байланысын, оның аралас 
азаматтық 
қатынастардың 
пәнінен 
еңбек 
қатынастарының 
пәнінің 
айырмашылығын білу қажет. 
Еңбек құқығының әдісін еңбекті құқықтық реттеудегі тәсілдер кешені 
ретінде игеру барысында, оның құқық нормасы арқылы кӛрінетінін және ӛзінің 
ерекшеліктері бар екенін түсіну қажет. Осыдан келе, әдістің қандай 
тәсілдерден тұратынын анықтау қажет.
Еңбек құқығының пәнін, әдісін меңгере келе, енді оның жүйесіне кӛңіл 
бӛлуіміз керек. Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз құқықтың сол саласының 
құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық 
нормалар жиынтығы. 
Тақырыпты толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының 
конституциясын және ҚР еңбек кодексін қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет