Кіріспе Қазақстан Республикасының еңбек құқығы – мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартта қарастырылған «Юриспруденция» мамандықтары
бойынша жоғары заң білімін алатын оқу орындары мен факультеттердің
студенттеріне арналған ең негізгі құқық салаларының бірі.
«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсын меңгерудің негізгі
мақсаты - ол қоғамда еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық
нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, ҚР еңбек кодексі мен еңбек
құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен игеру болып
табылады.
Осы курсты меңгеру міндеті
— ол студенттерді, осы саланың
концептуалды мәселелерімен және қажетті құқық бастамаларымен таныстыру,
сондай-ақ, халықаралық еңбек стандартына негізделген заң актілерін,
халықаралық шарттарын және конвенцияларды игеру болып табылады.
«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсын оқу барысында
студент Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің нормалар жүйесін, оның
қағидаларын, міндеттері мен құрылымы жӛнінде хабардар болуы;
Қазақстандағы құқықтық қатынастардың тарихи және диалектикалық даму
үрдісін, сондай-ақ оларды болашақта жетілдіру жағдайларын білуі; еңбек
шартын жекелеген санаттардағы қызметкерлермен жасау ерекшеліктерін білуі;
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының, жалақының түрлері мен жүйесін
белгілеу тәртіптерін білу; еңбек заңдарын бұзған лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлерге заңды жауапкершіліктердің түрлерін қолдана білуі; болашақ
қызмет аясында еңбек құқығы теориясынан алған білімді және еңбек
заңдарының нормаларын қолдана білуі; еңбек құқығын еңбекті қолдану
аясында тараптардың әлеуметтік әріптестік келісіміне жетуіне ықпал ететін заң
құралы ретінде жариялау іс-әрекеттерін жүргізу, еңбекке орналастыру,
қабылдау және еңбек шартын бұзу, сондай-ақ еңбектік құқықтық қатынасты
жүзеге асыру барысында еңбек құқығын қолдану аясында сауатты кеңес беруі
тиіс.
Бұл практикумда Қазақстан Республикасының еңбек құқығы бойынша
тәжірибелік және студенттің оқытушымен ӛзіндік жұмысы сабақтарды ӛткізуге
арналған материалдар жиналған. Оқу құралының басты мақсаты студенттерге
курстың маңызды сұрақтарын меңгеруге кӛмектесу және жинақта келтіріліген
тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы азаматтық заңдар мен ӛзге де
нормативтік материалдарды тәжірибе жүзінде дұрыс қолдануға студентті
бейімдеп, үйрету болып табылады.
Тәжірибелік сабақтарға арқау болатын әрбір тақырып бойынша мақсатты
түрде ұсынуды қажет ететін шамамен алынған оның жоспары берілген.
Практикумдағы есептер мазмұнында берілген даулы мәселенің дұрыс жауабын
табу үшін қажетті барлық деректер осы есептердің шартына енгізілген.