Әдістемелік нұсқама Тақырыпты меңгеру барысында ең алдымен осы екі ұғымға тоқталып
кетейік. Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған ӛзге де уақыт
кезеңдері ал тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос
және ӛз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты (ҚР ЕК 1 б.).
Қызметкер еңбек міндеттерін жұмыс уақытынын ішінде орындауға
міндетті. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс
уақыты болуы мүмкін. Бұл жұмыс уақытының ұзақтығы аптамен белгіленеді.
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат
болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5
сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
(жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан,
апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат
болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.
Еңбек кодексіне сәйкес тынығу уақытының мынадай түрлері бекітілген:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және
тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2)
күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз
тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста.
Студенттерге Қзақастан Республикасының еңбек кодексінің 7 және 8
бӛлімінің нормаларын білулері қажет.