§ 65. түбекте орналасқан мемлекеттер
негізгі ұғымдар:
түбекте орналасқан мемлекеттер, фьордтар.
Балалар, жылы теңіздің жанында өмір сүргілерің келе ме? Туризм,
дайвингпен айналысу, оған қоса кеме және қайықтарда тұрып, балық
аулауды барлығымыз жақсы көреміз. Бұндай мүмкіндік мұхитқа жақын
тұратын, немесе түбекте орналасқан мемлекет тұрғындарының бағына
қарай берілген екен.
Енді түбекте орналасқан мемлекттерге қандай елдер жататынын қа-
растырайық.
190
Түбекте орналасқан мемлекеттер-
дің жалпы саны – 33, олардың ішінде
аумағы және халық саны жағынан
ең үлкендері: Үндістан, Италия,
Испания, Норвегия, Португалия, Лаос,
Корея, Дания, Грекия, Швеция, Сауд
Арабиясы, Йемен, Оман, Вьетнам,
Камбоджа, Таиланд, Мьянма, Ма-
лайзия, Бахрейн, Катар, БАӘ, Түр-
кия, Финляндия. Түбекте орналасқан
мемлекеттердің аумағын дәл анықтау
әрдайым оңайға соқпайды, себебі олар-
дың материкпен қосылғандағы шека-
расы нақты емес.
Бұлардың барлығының теңізге шығатын жолы бар және олар осы
артықшылықты халықаралық туризмге, балық аулауға және т.б. қолда-
нуға тырысады.
Географиялық жағдайы бойынша түбекте орналасқан мемлекеттер
солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстікке жататын
мемлекеттер, туристерді өздерінің ландшафтты көрікті жерлерімен қы-
зықтырады. Мысалы, әйгілі норвегиялық фьордтар жылдың әр кезеңінде
де әдемі болып тұрады.
Фьорд – тар, ирек келетін және құрлыққа терең кіріп орналасқан,
жартасты жағалары бар теңіз шығанағы.
Ал оңтүстікте түбекте орналасқан мемлекеттерде туристер қызыл
құмды шөлдердің әсемдігін көре алады. Бұл жерлерде қатынас көліктері
ретінде көбінесе квадроцикл мен түйені қолданады.
Түбекте орналасқан мемлекеттердің арасындағы ең бейнелісі де, ең
өзгешесі де – Үндістан.
Бұл жерде экономикалық дамудың ежелгі тарихы мен дәстүрдің, көп-
теген діни әдет-ғұрыптардың сақталғанын байқасақ болады. Үндістан
толығымен Үндістан түбегінде орналасқан. Халқы – 1,3 млрд. (2016 ж.),
аумағы – 3 287 263 км
2
, бұл көрсеткіштер арқылы Оңтүстік Азиядағы
ең ірі ел. Халық саны жағынан әлемде 2 орынды, ал аумағы жағынан
7 орынды алады. Астанасы – Нью-Дели. XVIII–XX ғасырдың бірінші
жартысында Британия империясының колониясы болып, тәуелсіздігін
тек 1947 жылы алды. ХХ ғасырдың соңында Үндістан экономикасы және
әскери даму жағынан үлкен табыстарға жетті, экономикасы әлемдегі ең
тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Бірақ бұған қарамастан,
халықтың көп бөлігі кедейшілікте өмір сүруде.
74-сурет
. Норвегиялық фьорд.
191
Түбекте орналасқан мемлекеттер-
дің ортақ бір ерекшелігі – ірі табиғи
ресурстық әлуеті. Бірақ ол ел ішінде
біркелкі таралмағандықтан, экономи-
каның дамуы мен халықтың орнала-
суына әсер етеді.
Топтық жұмыс – келесі мәтінде қандай
ел туралы айтылып жатқанын болжап
көріңдер.
Бұл түбекте орналасқан мемлекеттің
ел басқару формасы – конституциялық
монархия. Ол әлемдегі экономикалық
тұрғыдан дамыған елдердің қатарына кіреді, бірақ ЖІӨ (жалпы ішкі
өнім) көлемі жағынан алғашқы ондыққа енбейді. Заманауи көп салалы
өнеркәсібі бар, ал қолайлы агроклиматтық ресурстар, субтропикалық
егіншілік негізі болып табылатын ауылшаруашылығының дамуына
септігін тигізуде. Әртүрлі рекреациялық ресурстары көптеген туристерді
қызықтырады.
Бұл елдің географиялық жағдайы бойынша кластер жасаңдар. Оны
талқылап қорғаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |