Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет214/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Сұрақтар мен тапсырмалар:
Білім мен түсінік
Қандай елдерді түбекте орналасқан мемлекеттер деп атайды?
Қолдану
Кескін картада солтүстік жартышардағы түбекте орналасқан мемлекеттерді 
белгілеңдер. 
Сараптау
Не себепті Үндістанды қарама-қайшы (контрасты) ел деп атайды?
Синтездеу
Оңтүстік жартышардағы түбекте орналасқан мемлекеттердің ерекшеліктері мен 
ортақ қасиеттерін талдап қорытыңдар. 
Бағалау
Кез-келген түбекте орналасқан екі мемлекетті алып, олардың экономикалық 
дамуын салыстырыңдар және оларға баға беріңдер.
75-сурет

Дели көшелерінде.


192
§ 66.
Елдердің экономикалық-географиялық жағдайын 
 
жақсарту жолдары
негізгі ұғымдар:
ФГЖ, ЭГЖ, транзитті әлует, көлік коммуникациясы, 
терминал, мұнай танкері, нарықтық-географиялық жағдайы, көлік-
тік-географиялық жағдайы.
Балалар, біз физикалық картадан географиялық нысандардың ФГЖ 
оқып үйренген болатынбыз. «ФГЖ» жауап беріп көрейік.
Мемлекеттің физикалық географиялық жағдайы, табиғат жағдайы 
оның экономикасына әсер етеді. Аумақтың экономикалық –географиялық 
жағдайы экономикаға одан бетер әсер етеді. Бұл ұғымның авторы Н.Н. Ба-
ранский болатын, ЭГЖ – бұл нысанның экономикалық картадағы орны.
Назар аударыңдар! Төменде ұсынылған тапсырмаларды орындау ба-
рысында кез келген елдің экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын 
сараптап және бағалап үйренесіңдер.
1-тапсырма.
ҚР экономикалық картасына қарай отырып, картаның 
шартты белгілерін оқып үйреніңдер. Экономикалық картада қандай ны-
сандар берілген және ол ел экономикасының дамуына қалай әсер етеді? 
Егерде философиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ФГЖ – «табиғаттың 
деректері», яғни табиғаттың берген сыйы. ФГЖ-дан ЭГЖ-ның айырма-
шылығы уақыт өте өзгеруінде. ЭГЖ-ның өзіндік қолайлы және қолайсыз 
жақтары болады.
2-тапсырма.
Жұп болып орындалады. Өздерің тұратын ауданның не-
месе облыстың ЭГЖ-ын бағалаңдар. Қалай ойлайсыңдар, ЭГЖ қолайлы 
жағына қарай өзгертуге бола ма? Өз әдістеріңді және оны шешу жолда-
рын ұсыныңдар.
Бізің еліміз – ЭГЖ қолайлы жағына өзгертіп жатқан жетекші елдер-
дің бірі. Не себепті? Біріншіден, географиялық орнының негізгі қолайлы 
жақтарына сүйенеді: халықаралық сауданың орталығы болып саналатын
Еуропа мен Азияның орталығында орналасуы және транзиттік жағдайы,
ЭГЖ жақсартуға мүмкіншілік береді. Транзиттік әлуетін жоғарылату және 
жақсарту мақсатында, көлік коммуникациясын кеңейтуге және жақсар-
туға арнап қыруар қаржы жұмсауда. Темір және автомобиль жолдары 
салынуда, көлік парктері жаңғыртылуда, көлік инфрақұрылымына жаңа 
технологиялар пайдаланылуда және енгізілуде. Бұл істің мақсаты – жүкті 
тасымалдау уақытын қысқарту және тасымалдау құнын азайту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет