«Қазақстанның үшінші модернизациясы: ғаламдық бә- секелестік» бөлімін оқыңдар. Осы құжатта елімізді ары қарай дамыту
жолындағы приоритетті бағыттарымен танысатын боласыңдар.
6-тапсырма. Жұмыс жұп болып орындалады. Қазақстанның және
Қырғызтанның ЭГЖ төмендегі берілген жоспар бойынша салыстырыңдар:
1. Аймақтың картадағы орналасу жағдайы.
2. Көршілік жағдайы (көрші елдері, олардың экономикалық-әлеумет-
тік даму деңгейі, ол елдермен шаруашылық байланысы).
3. Нарықтық географиялық жағдайы (дүние жүзілік сауда орталықта-
рына деген орналасу жағдайы).
4. Көліктік географиялық жағдайы.
Орындалған жұмыс арқылы кез-келген мемлекеттің экономикалық
географиялық жағдайын жақсарту жолдары туралы қорытынды жасаң-
дар.