Анероид – барометр, атмосфера қысымын өлшейтін аспап.
Аңғар – төбе немесе таулардың арасында ұзына бойы созылған ойыс.
Арна – судың ағысы арқылы қалыптасқан аңғардың ең төмен жатқан бөлігі.
Атырау – өзен сағасының бір түрі. Ірі өзендердің теңізге немесе көлге құяр
жерінен тармақтарға бөлініп, шөгінділерден түзілген ойпат.
Атмосфера – жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен
су буынан тұратын күрделі жүйе.
Атмосфера фронты –
атмосферадағы
өтпелі белдем немесе ауа
массалары-
ның
(шартты түрде) арасындағы жігі. Метеорологиялық элементтерінде күрт
өзгеріс болады.
Ауа массалары – материктің немесе мұхиттың үстінде қалыптасқан, көлбеу
бағытта қозғалатын ірі ауа массасы.
Б Бастау, өзен бастауы –
өзеннің
бастау алатын орны (картада – нүкте); әдетте,
ағынның тұрақты арнасы басталатын орынға сәйкес келеді.
Бархан – шөлді
аймақта желдің әсерінен пайда болатын құм
төбе.
Барометр – атмосфералық
қысымды
өлшеуге арналған құрал. Ең көп та-
ралғаны – сынапты барометрлер.