79
атап өтті. Біреуі Берел және Бұқтырма өзендерінің бастауы, ал екіншісі
Күршім өзенінің бастауы.
Оңтүстік Алтай жоталарындағы қар сызығы 2800-3000 м
биіктікте
орналасқан (салыстырыңдар: Альпі тауларындағы қар сызығы – 2200 м
биіктікте, ал Кавказдың батысында – 2700-2900 м). Аса ірі мұздықтары
– Үлкен және Кіші Бұқтырма. Бұқтырма өзенінің бастауында 9 мұздық
орналасқан.
Алтай мұз басу мұздықтарына шегіну және азаю үрдісі тән. Шегіну
жылдамдығы жылына 5-25 м.
Мұздықтардың табиғатқа үлкен ықпалын тигізетінін білеміз. Жер
бедерін өзгертеді, көптеген өзендердің бастауы болады, егіс алқаптарын
жасанды суаруды қамтамасыз етеді және т.б.
Мұздықтарды қолданудың келешегі зор, ол тұщы судың қатты күйдегі
қоры саналады.
Достарыңызбен бөлісу: