2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94979
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
4
Тақырып
 
Орта
 
ғ асырлы
 
қ
мәдениеттегі философия мен
дінні
 
ң
феномені
1. Ортағасырлық философияның негізгі кезендері
2. А.Августиннің құдай және адам туралы ілім. Ф.Аквинский
философиясы. Номинализм және реализм.


3.Мұсылмандық философияның қалыптасуы және ерекшелігі Аль-
Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд философиясы.
4. Исламдық суфизм бағыты Х А Яссауидің көзқарасы. М.Кошғари,
Ю.Боласағұн философиясы.
Орта ғасырлық Еуропада діни идеологияның үстемдігі
философияның дамуына кері әсерін тигізді. Дегенменде философиялық
ізденістер тоқтаған жоқ. 8 ғасырдан 14-15 ғасырларға дейін созылған
философия схоластика (мектеби) атауымен белгілі. Философияның діни
ілімнің қызметшісіне айналған шағы еді. Антика заманының соңғы
кезеңдерінде пайда бола бастаған христиандық дүние таным өз күшіне
ене бастаған. Міне осы кезеңде христиан теологтерінің аса ірі өкілдері
Августин-Әулие (354-430) мен Фома Аквинский (шамамен 1225-1274)
ілімдерінде адам туралы қағидалар көрініс тапты. 
Христиандық ойшыл алғашқы католик шіркеуінің негізін
салушылардың бірі әулие атанған Аврелий Августиннің ілімі батыс
Еуропада кең таралды.
Оның ілімінде құдай ең жоғарғы асқақ мәңге ие, сондықтан ол
ешкімге тәуелді емес. Құдай барлық тіршіліктің өзгерістердің алғы
шарты. Адамды жасаған құдай. Августин адам деп алдыменен оның
жанын айтады. Жан тек адамда ғана бар, жануарлар мен өсімдіктерде
жоқ. Адам жаны мәңгі. Жан бөлшектенбейді, сондықтанда ол
бөлінбейді, ыдырамайды. Жанның қабілеттері бар. Ол ерік, жад, зерде.
Жанның еркі зердесінен биікте тұр. Құдайды жан зердесімен емес,
сеніммен таниды. Сенім жанның еркіне сүйенеді.
Августин адамның еркін мойындай отырып, оған шек қойған.
Адам нені қаласа, соны істей алмайды. Барлығыда құдайдан, адамның
іс-әрекеті алдын-ала пайымдалып қойылған. Сенім-Құдайдың
шапағаты. Адамның болмысындағы барлық жақсылық- Құдайдан. Ал
сонда зұлымдық, жамандық қайдан шығады
Құдай адамды жаратқанда ерікті қылып жаратты. Ол өз еркіңмен
таңдай білу деген сөз. Алғашқы адамдар құдайдың еркіне қарсы келіп,
оның айтқанын орындамай жамандыққа ұрынған. Жамандық тәнді
жаннан, табиғатты құдайдан жоғары қойғанда шығады. Осыдан адам
екі ойлы, сондықтан ол жарымжан. Одан құтылудың жалғыз жолы –
Құдайды ішкі рухыңмен беріліп қабылдау және оған сиыну. Сонда ғана
күнәдан арылып, тазаланасың. Арылып, тазалану сыртқы дүниеге,
табиғатқа емес, ішкі дүниеңе тереңдеп бойлап, өзіңді таба білуіне
байланысты.
Августин ілімінен, христиан философиясының адам туралы
ізденісін жалғастыра отырып, жаңа соқпақ табуға талпынғанын
байқаймыз.
Христиан діні кең жайыла бастағандықтан, дәлелдеу оңайға
түспеді. Осыған орай теологтар, қадым (антика) заман философиясына
сүйеніп, оларды жаңа дүние танымға икемдей отырып пайдалануға
күш салды. 
Августин Платон дәстүрінен нәрусская алса, орта ғасырлық
схоласт Фома Аквинский христиан қағидаларын Аристотель ілімімен
жалғастырды. Фоманың ілімінде дүние ретімен ұйымдасқан жүйе
(система), өзара байланысты сатылардан тұрады. Төменгі саты - өлі
табиғат. Өлі табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар шығып, олардан
жоғары адамдар дүниесі пайда болады. Осы жүйенің биіктігінен, ең


жетілген, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, мәні құдайды көреміз.
Адамның құдай жаратқан дүниеде, өзіне сай арнаулы орны бар. 
Адамда дүниедегі басқа құбылыстар сияқты

қозғаушы күшке

мұқтаж. Ол
қозғаушы күш – адамның жаны. Жан адам тәнінің қозғаушы күші ғана емес, оның
формасы. Адам жан мен тәннен құралған. Адам жаны

қозғаушы күш

бола тұра өзі
өзгермейді. Осыған байланысты мынадай проблема туатыны айқын

егер жан өз мәніне
байланысты өздігінен қозғалмайтын болса, ол қалай тәнді қозғай алады

Осы
қиыншылықтан Фома маңызды себеп (guantum ad esse) және кездей соқ себеп (guantum ad
fiezi) деген ұғымдарды пайдалану арқылы шығады. Маңызды себепке сүйенсек, бір
нәрсенің өмір сүруінің себебі, одан бұрынғы бір нәрсе мен байланысты болғандықтан әрі
қарай түбін қуа келе алғашқы себепке тірелер еді. Ол шексіз жол. Екінші (кездейсоқ) себеп
бір нәрсенің қайдан пайда болғанын жан-жақты дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді.
Адамның жаны кездейсоқ себеп арқылы қозғалады. Ф. Аквинскийдің пайымдауынша жан
тән емес, ол тәннің әрекеті, яғни тәнмен бірікпеген, тек сонда орналасқан. Дәл осы
мағынада кездейсоқ себеп арқылы жан тәннің қозғаушы күші бола алады. Августин жанды
тәннен тәуелсіз субстанция деп адамды жаннан айырмағанын жоғарыда айтқанбыз. Фома
Аквинский Августинды толықтыра адамды тән мен жаннан құралған (compo situm) дейді.
Сонымен бірге жанның мәңгілігін, дербестігін қорғау мақсатымен Августин толық және
жартылай субстанция деген ұғым енгізеді. Толық субстанция деп тән мен жаннан құралған
адамды айтамыз, ал жанды жеке алсақ, ол жартылай субстанция. Осы арқылы Фома
Аквинский бір жағынан Августиннің артық кеткенін (адам мен жанды айырмағанын)
түзейді, ал екінші жағынан оның жан адамның мәні деген сенімін арашалап қалады.
Адам жануарлармен періштелердің арасын жалғастыратын
тіршілік иесі. Ф. Аквинский мен Августиннің қағидаларының
айырмашылығына қарамастан, дүниедегі тіршіліктің бастауы жалғыз
құдай. Адам жанының құндылығы және өлместігі осы ілімдерде
көрнекті орын алатынын атап айтқанымыз жөн.
Өзінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағынан
жерорта теңізінің шығысындағы елдер арғы орта ғасыр дәуірінде (
ғасырға дейін) еуропа елдерінен әлде қайда жоғары тұрған еді. Осы
өңірде  ғасырда араб халифаты үстемдік құрған болатын. Араб
халифатының тұсында жандана бастаған саяси-экономикалық өмір
ғылымның, әдебиеттің, өнердің дамуына игі әсерін тигізді. Әртүрлі
рухани дәстүрлердің, діндердің тоғысқан жерінде философиялық
ойдың шыңдалып жетілуі кездейсоқ емес еді. Осы дәуірде еуропа
философияның дамуы баяулай бастады, мұсылмандық шығыс
елдерінде араб, парсы, түркі ойшылдарының еңбегі арқасында
философия өзінің шарықтау биігіне көтерілді. Мұсылмандық ойшылдар
грек философтарының дәстүрлерін жалғастырып жаңғырта білуімен
қатар мұсылман дүниесінің философиясының ірге тасын қалады.
Мұсылмандық философиясының негізін салғандар деп Әл-Кинди (800-
870) мен Әл-Фарабиді (870-950) атаймыз. Солар салған жолды Ибн-Сина
(980-1037), Ибн-Рошд (1126-1196) және тағы басқа да ойшылдар
жалғастырды. Біздің мақсат үшін олардың барлығының ілімдерін
қарастыру міндет емес. Дегенменде адам туралы айтарлықтай жүйелі
қағида қалдырған мұсылман философтарының басты өкілдеріне назар
аударалық.
Орта ғасырда мұсылман ойшылдарының арасында дүниедегі
адамның алатын орны қандай, құдай мен адамның ара қатынасы
қандай, дүние жаратылған ба, әлде мәңгі ме, деген сауалдар
төңірегінде пікір таласы туды.


Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әл-Фараби
"Сұрақтардың мәні", "Қайырымды қала .." және т.б. еңбектерінде
жоғарыда аталған сауалдарға жауап беріп, теориялық толғамдар
жасаған.
Діни қағидаға, құранға сүйеніп бүкіл тіршілікті, адамды жасаушы
алла тағала деп Әл-Фараби үзілді кесілді тұжырым жасамаған. Ол
философиялық талдау арқылы, алла тағаланың жасампаздығын
мойындай отырып, бүкіл болмыс атаулының барлығын сатыларға
бөлген. Барлық болмыс бірінші себептен шығады. Әл-Фараби алла
тағаланың бейнесін, бейнесіз, дерексіз , Бірінші себеп, Бірінші парасат,
Бірінші тұлға деген атаулармен алмастырған.
Сол, Бірінші себептен шыққан аспан денелерінің болмысы ай
әлемімен аяқталады. Ай әлемінің ең кемелдісі парасатты жануар –
адам. Адам жаны пайда болысымен оның болмысына күш, қабілет
бітеді. Олар қуат беруші күш, түйсіктендіруші күш, елестетуші күш,
парасатты немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы күш деп
бөлінеді. Осы күштер дене мүшелері арқылы қызмет жасайды. Айталық,
қуат беруші күш - ауыз, асқазан, бауыр т.б. мүшелер арқылы,
талпындырушы күш – жүйке тамыр арқылы көрініс табады. Осы
күштердің барлығы дене мен байланысты. Сонымен бірге адам
жанында денеге қатыссыз әрекет жасайтын күш бар. Ол – ақыл
парасат. Адам ақылды болып тумайды, ақылға қабілеті бар жан болып
туады. Ақыл енжар, потенциалды, актуальды деңгейлерінен өтіп
тәжірибесі молайып байыған сайын бойға дарып әрекетті ақылға
айналады. Әрекетшіл ақыл арқылы адам өз кемеліне келіп толысады.
Адам ақылының толысқандығын бүкіл болмыстың түзілісіне ой жүгіртіп
болжай алатындығынан көреміз. Әрекетшіл ақылға адам қауымдасу
арқылы жетеді. Әль-Фарабидің «Қайырымды қала…» атты трактатынан
үзінді келтірейік: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және
ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны
ол жалғыз жүріп таба алмайды және оған жету үшін ол қандай да бір
адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы
оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты
тауып беріп отырады. Оның бержағында әрбір адам өзінен басқа екінші
адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-
біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті
нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар
бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік
дәрежесіне жете алады». Фараби осы ойларында адамның
қоғамдық жағдайда қалыптасып, өз мәніне ие болатындығына
күмәнданбаған. Әл-Фараби адам өмірінің мақсаты бақыт деп білген.
«Бақыт - өз басы үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және
ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың)
аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ.
Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет – тамаша әрекет. Мұны
туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз
оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық.
Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы
әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып – кемшілік, кесепат,
пасықтық». 
Осы пайымдаулардан Әл-Фарабидің адамға деген сүйіспеншілігі
айқын көрініп тұр. Адамның ақыл-ойының оянуына «түрткі» болған


бірінші себеп уақыт жағынан «алыстағы себеп», ал оның жетіліп дамуы
адамның өзіне байланысты. Жеке адам өткінші, тән өлмек, ал жан мәңгі
өмір сүреді. Әл-Фараби жанның өлмейтіндігіне, мәңгілігіне шынымен
сенді деп кесіп айту қиын. Себебі Фарабиден қайырымды да білгір
адамдардың жаны өлмейді, ал надан адамдардың жаны өледі 
Адам жанының өлмейтіндігін Фараби осылай түсінген болса керек
деп жорамалдауға болады. 
Мұсылмандық дүниенің Орталық Азиядан шыққан ғұлама ғалымы
Ибн - Сина «Жан туралы кітап» деген еңбегінде адамның басқа
жануарлардан айырмашылығына көи көңіл бөлген. Адамның қызметі,
іс-әрекеті туа біткен бейімділігімен қатар қоғамдағы ережелермен
санасуынада байланысты. Адам алдына мақсат қоя біледі, және сол
мақсатына қоғам арқылы жетеді. Қоғам өмірін реттейтін ережелерді
жастайынан тәрбие арқылы бойына сіңіріп дағдысына айналдырады.
Адам басқа адамдарға қызмет ете отырып өзінің қажетін өтейді.
Мақсатқа жетер жолда ол өнерге, тілге сүйенеді.
Адамның парасатты жандылығы екі негізгі күшке сүйенеді. Оның
бірі - ақылмен пайымдауға қабілеттілігі, екіншісі – практикалық күш .
Практикалық күш адам тәнінің қимылының қозғаушысы да, ал
пайымдаушы күш танымдық қызметке негіз болады. Адам сезімге
берілмей, оның жетегіне ілеспей, қайта одан босанып періште
дәрежесіне көтеріледі. Ондай дәрежеге жеткен адам алла – тағаланың
жердегі ісін жалғастырып дәріптеушілердің қатарына жатады. Әрине,
сезімнен толық құтылып, босану «ұлы пайғамбарлардың қасиетті
жандарына » ғана тән, өйткені олар білімнің көмегінсіз-ақ дүниеге ой
жүгіртіп болжай алады.
Ибн-Сина өз уақытының ұлы ғалымы, өзінің дәрігерлік
еңбектерінде адам туралы, адам санасының, жанының қасиеттері
туралы талдауларға көп көңіл бөлген. Ибн-Сина адам жанының
мәңгілігін дәріптейді.
Әдебиеттер:
1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-
шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.
2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост.
Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.
3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. 
Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-
2006.-484 б..-(Мәдени мұра)
4 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-
Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет