100
ған көрінісіне (сурет 4.6) мейлінше жақын сызықтар түрінде салынуы
көзделеді. Яғни күш сызықтарының жиілігі зарядтарға жақында-
ған сайын, өрістің күшейгенін
білдіріп, арта түсуі керек. Оған қоса
күш сызықтарының бағыттары да көрсетілді. Қағаз үгінділерінің әрат-
тас зарядтарда тұйықталатынын ескеріп, электрстатикалық өрістің күш
сызықтары оң зарядтан шығады, теріс зарядқа
еніп тұйықталады деп
келісілді.
Осы талаптарға орай жеке нүктелік зарядтың электр өрісін бейне-
лей тін күш сызықтары (сурет 4.7
а
және
ә
) зарядтан алыстаған са йын
жиілігі азаятын радиал сызықтар түрінде салынды.
Әраттас қос
зарядтардың электр өрісі де (сурет 4.7,
б
) тәжірибедегі көрініске ұқсас
(сурет 4.6,
ә
) күш сызықтары арқылы бейнеленді. Сол сияқты әраттас
зарядталған параллель екі өткізгіштің арасындағы электр өрісінің күш
сызықтары (сурет 4.8,
а
) да тәжірибеде алынған көрініске (сурет 4.6,
б
)
сәйкес орналас тырылды. Сонымен қатар
барлық жағдайларда да оң
зарядтан шығып, теріс зарядпен тұйықталатын электр өрісінің күш
сызықтарының бағыттары да көрсетілді.
Сурет 4.7.
Нүктелік зарядтардың электр өрісінің күш сызықтары
а
)
ә
)
б
)
4.
Енді электр өрісін сипаттайтын физикалық шамаларды анықтайық.
Ол үшін кез келген
q
нүктелік зарядтың
туғызған электр өрісінің
қасиеттерін, сынақ зарядтарын пайдаланып зерттеп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: