Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет107/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   239
§21.
 
1.
Электр өрісінің ақиқаттығын қандай тәжірибелер дәлелдейді?
2.
Электр өрісі деп нені айтады және ол ақиқаттығын қалай көрсете ала-
ды? Мысал келтіріңдер.
3.
Электр өрісі көрнекі түрде қалай сипатталады? Біртекті электр өрісі 
дегеніміз қандай өріс?
4.
Электр өрісінің кернеулігі деп қандай физикалық шаманы айтады және 
оның ерекшелігі неде? Сынақ заряды дегеніміз қандай заряд?
5.
Электр өрісінің кернеулігінің физикалық мағынасы қандай? Біртекті 
электр өрісі деп қандай өрісті айтады?
6.
Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі қандай формуламен 
анықталады?
7.
Электр өрістерінің суперпозиция принципі деп нені айтады?
1.
Зарядтары q және –q болатын екі нүктелік заряд бір-бірінен 

арақа-
шықтықта орналасқан. Оларды қосатын түзудің тең ортасында 
орналасқан нүктедегі екі зарядтың туғызған электр өрісінің кернеулігін 
сызып көрсетіңдер және жалпы түрде есептеп шығарыңдар.
2.
Вакуумда орналасқан –2,7 · 10
–6 
кулон нүктелік заряд берілген. Осы 
зарядтың 1 см арақашықтықта туғызған электр өрісінің кернеулігін 
анықтаңдар. Зарядтың өрісін суретке салып, кернеулік векторының ор-
наласуын (басталу нүктесін және бағытын) көрсетіңдер. 
3.
Нүктелік заряд 3 см арақашықтықта кернеулігі 4 · 10

Н/Кл электр 
өрісін туғызады. Оның зарядының шамасы қандай? Зарядтың өрісін су-
ретке салып, кернеулік векторының орналасуын (басталу нүктесін және 
бағытын) көрсетіңдер.
4. Оқшауланған нүктелік зарядтың 1 м арақашықтықтағы өрісінің кер-
неулігі 32 Н/Кл. Осы өрістің зарядтан 8 м арақашықтықтағы кернеулі-
гін анықтаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет